Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет43/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

* * *
Маңырақ маңындағы соғыста-ақ көз үйреншікті болып қалған 
Тұрарды солдаттар жан-жағынан қамалап, әуелі астындағы атын 
көздеп атып құлатып, құлаған аттың астында аяғы қайырылып 
қалған Тұрарды бес-алтауы бас салып ұстап, қол-аяғын байлап-
матап Аркадий Приходькоға алып келді.
– Таныдың ба? – деді жас офицер сыңар езулеп күліп тұрып. 
– Арада талай жыл өтті ғой. Танымауың да мүмкін. Верныйды, 
түрмені, гимназияны есіңе алшы.
–  Танығанда  қандай,  Аркаша,  мен  сені  Ташкенттен  бірге 
шыққанда, жол үстінде танығанмын. Білесің бе, қалай? «Айда!» 
деген  айқайыңнан  таныдым.
– А-а...
– Жас кезінде-ақ есірік едің, иығыңдағы пагон саған ақыл қоса 
қоймаса керек. Ал сен мені күйме үстінде танымадың, Аркаша.
Жанында бөтен адамдар, приставтың орынбасары, солдаттар 
тұрғанда  тұтқынның  өзімен  мұнша  рабайсыз  сөйлескеніне 
шамданып, өз мундирінің намысын қорғап, Аркадий Приходько 
енді  сұстана  қалды.
– Күйме үстінде танымасам, арада аз күн көрер жарық сәулең 
бар екен. Енді соңғы сағатың соқты. Сені ана жабайы қандастарың 
сияқты сұраусыз атып тастай салсам, менің арым таза. Өйткені 


соғыс  жағдайы.  Білесің  бе  сенің  қарақшы  бауырларыңның 
қаншасы  қолға  түскенін?  Жүз  елу  қаралы.  Тұтқынға  алмай 
далада атып кете беру керек еді. Бірақ киргиздар енді құтырмас 
үшін оларды жұрт көретін жерге апарып атамыз. Ал, сені әскери 
трибунал  соттайды.  Трибунал  басыңнан  сипамас.  Ату  жазасы 
емес,  асу  жазасына  бұйырады.  Мерке  базарында,  қалың  халық 
алдында асыласың. Оған дейін сенен бізге бір дерек керек. Сенің 
кәрі серігің, әлгі аты кім еді?
–  Ақкөз  Қосанов,  –  деп  өлген  приставтың  орынбасары 
Теляшкин  жалбақтай  жауап  қатты.
–  Иә,  сол  бізден  құтылып  кетті.  Ол  қайда  барып  паналауы 
мүмкін?  Соны  айт!  Жақын  жолдастары  кім?  Қай  ауыл,  қай 
болыстан? Соны айт! Азап көргің келмесе, айтасың. Айтпасаң, 
біздің  қалай  айтқызатынымызды  сезетін  шығарсың.  Ақкөздің 
мекені  қайда?  Қай  жерді  барып  паналайды?
–  Оны  мен  қайдан  білейін.  Оның  мекені  –  кең  дала.  Осы 
жердің тау-тасы, әрбір түп қамысы мен қоғасы, әрбір бұтасы – 
бәрі  пана.  Жоғары  мәртебелі  генерал-губернатор  Куропаткин 
мырза Петербургтегі соғыс министріне «Дәл қазір Түркістанға 
атты  әскерлер  көп  керек...  Жаяу  әскерді  өзім-ақ  жасақтап  алар 
едім.  Бірақ  шексіз  далада  киргиздармен  атты  әскерсіз  айқасу 
өте  қиын...»  деп  телеграмма  бергенін  сен  білмеуші  ме  едің? 
Қазаққа кең даланың бәрі пана екенін генерал-губернатор біліп 
отырғанда, оның сеніп жіберген адамы – сен неге білмейсің? Енді 
бұл далада Ақкөзді іздеу – бір мая шөптің ішінен ине іздеуден де 
қиын.  Сондықтан  мені  мұндай  сұрақ  қойып  қинама.
Тұрар  мына  топтың  ортасында  өзінің  беделін  қайта-қайта 
түсіре  бергеніне  тұлданған  офицер  ақырып  жіберді:
–  Сен  шпионсың.  Генерал-губернатордың  депешаларын 
сен  қайдан  білесің?  Демек,  Ташкентте,  өлкелік  өкіметте  сенің 
сыбайласың отыр. Сенің әрбір тарамысыңды жеке-жеке суырып 
отырып,  сол  сырыңды  да  ашу  керек.  Жетті  әзірге.  Әкетіңдер! 
Мықтап  қарауыл  қойыңдар!  –  деп  бұйырды  ротмистр  өз 
адамдарына.
– Аркаша, бір сұрағым бар? –  деп тәкаппарлықпен аттай беріп 
қолдары қоса шандулы денесімен тұтас бұрылды Тұрар.


Ротмистр  тыжырынып  қолын  бір-ақ  сермеді.  Айдауылдар 
Тұрарды  итермелей  бастады.
– Наташа қайда?
Мұндай сұрақ күтпеген ротмистр көзі ежірейіп, мынау мені 
мазақ  қыла  бастады-ау  деп  жобалап,  жынданып  кете  жаздады. 
Өзінің  жауы  мұның  туған  қарындасының  бейнесін  кеудесінде 
жылдар бойы сақтап жүргенін қайдан білсін, басқаша жорыды.
– Сандалма! Топас сұраққа мен жауап бермеймін. Әкетіңдер! 
– деп жерді бір теуіп қалды.
IV
Меркенің  әкімдері  ротмистр  Приходько  мен  Тұрардың 
бұрыннан  таныс  болып  шыққанына  түсінісе  алмай,  дал 
болыңқырады.  Соны  байқаған  офицер  Мерке  басшыларының 
алдында  өзінің  әлгі  құлдыраған  беделін  қайтадан  қалпына 
келтірмек  болып,  күпіне  сөйлеп  кетті.
–  Бұл  оңай  жау  емес.  Мұның  әкесі  де  оңай  жау  емес  еді. 
Верныйдан білемін. Әкесі каторгаға кеткен. Біліп қойындар, бұл 
каторжниктің  баласы.
– Так это Киргизбаев! – деп Теляшкин өзінің білімпаздығын 
көрсетіп қалғысы келді. – Осында бір либерал тергеуші Семашко 
деген болған. Соның писарі болып жүрген. Бір құрметті болыстың 
тойында  бүлікші  Ақкөзге  жақтасқан.  Да-да!  Енді  есіме  түсе 
бастады. Міне, күшік! Азуы шыға бастаған.
–  Пристав  мырза!  Қайдағы  Киргизбаев?  Ол  –  Рысқұлов. 
Өзіңіздің  иегіңіздің  астында  өскен  большевик.  Жалпы,  бұл 
бүліктің  Әулие-Ата  уезі  бойынша  әсіресе  Меркеде  белең  алып 
кеткеніне  не  себеп?  Осыны  ойланып  көрдіңіз  бе,  құрметті 
пристав?  Жо-жоқ,  орынбасар...  Бұған  сіз  қандай  жауап  айтар 
едіңіз?  Большевиктер,  социал-демократтар  ұя  салып  алып 
жүрген  жоқ  па  сіздің  участокке?  Соларға  тиімді  де,  жайлырақ 
мекен  ғой  деймін  Мерке?  Бұған  не  дер  едіңіз?  Ертең  жоғарғы 
жақ  сізге  осындай  сауалдар  қойып  жүрсе,  немен  түсіндіресіз? 
Ашықауыздықтың  нышандары  жоқ  па?
Мына  жас  офицердің  өзін  тықсыртып  бара  жатқанына 
шамданған приставтың орынбасары сол көзі ырбыңдап, мұрты 


жыбырлап,  мойны  кительдің  жағасына  сыймай  долырып  бара 
жатты.
–  Мәртебелі  ротмистр  мырза!  Мен  егде  тартқан  адаммын. 
Таяуда бандиттердің қолынан қаза болған Сокольский мырзамен 
бірге  Меркеде  он  жылдан  астам  уақыт  қызмет  істедім.  Бірақ 
бұл уақыт ішінде мен жоғарғы шен тарапынан ешқандай сөгіс 
естіген емеспін. Сіздің мына күдігіңіз мені қатты жәбірлеп тұр, 
кешіріңіз,  әрине...
Ендеше шайтан алсын, қатаңырақ болыңыз, ы-ы...
– Теляшкин!
–  Теляшкин  мырза!  Ана  қолға  түскен  киргиздарды  дереу 
жазалаңыз. Бірі қалмасын. Қандай түрде жазалайсыз – өз еркіңіз. 
Тек  өлім!
– Құп болады, ротмистр мырза! Мен таптым. Бұл бандиттер 
телеграф  бағандарын  қиратқан.  Жолда  көрдіңіз  ғой.  Біздің 
есебімізше, Меркенің шығысы мен батысында жүзден аса баған 
құлатылған.  Әр  бағанға  –  бір  киргиздан  құрбандық  шаламыз. 
Жол  бойында  жатқаны  жақсы.  Әлгіде  өзіңіз  айттыңыз  ғой, 
көпшілік көретін жерде жазалансын деп. Ең дұрысы осы. Бұған 
қалай  қарайсыз.
–  Ол  да  дұрыс.  Те...  Теляшкин.  Орындаңыз.  Ал  бағандар 
қалпына  келтірілсін.  Телеграф  жұмыс  істейтін  болсын.  Ал  ана 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет