Шәріп Қымбат ЖМҚБ – 109 Б
Тақырыбы №11. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. Фирманың шығындары және табысы
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Кәсіпкерліктің мәні. Кәсіпкерліктің даму жағдайлары. Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.
3. Фирма шығындарының жіктелуі және түрлері. Сыртқы және ішкі, айқын және айқын емес, бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Қарапайым пайда шығындар элементі ретінде.
4. Тұрақты және өзгермелі шығындар, өндіріс көлемінің өсуі кезіндегі олардың өзгерістерінің ерекшеліктері. Жалпы, орташа және шекті шығындар, олардың өзара байланысы.
5. Өндіріс шығындарын қысқартудың негізгі бағыттары.
6. Фирма табысы: жалпы, орташа, шекті. Фирманың пайданы жоғарылату шарты.
Жауаптар:
Кәсіпкерлік экономикада орталық орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды.
ҚР «Кәсіпкерлік» Кодексінің 2-бабында:
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кәсіпкер дегеніміз — белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді; іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестіктеріне қатаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адам болып келеді. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |