Шәріп Қымбат жмқБ – 109 б тақырыбы №11. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. Фирманың шығындары және табысы Тақырыптың негізгі сұрақтары


Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайлары болып табылатындар



бет2/3
Дата14.05.2020
өлшемі24,39 Kb.
#68066
1   2   3
Байланысты:
Шәріп Қымбат Экономика 109-19Б
түрік әліппесі
Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайлары болып табылатындар:

  • өндіріс құралына және қызметтің соңғы өніміне меншік, сондай ақ экономикалық игіліктерге меншікті беру және алу құқығы;

  • келісімшартпен, бірігуімен, кәсіптік және тұтынушылық таңдаумен еркін шаруашылық қызметін жүргізуді болжамдайтын, шаруашылық субъектісінің жеке автономиясы;

  • айырбас нысанының дамуы, яғни, тауарлық ақшалай қатынастардың болуы, оның ішінде еңбекті еркін сатып алу және сатудың болуы.

  • Кәсіпкерлік дамыған нарықтық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде бірнеше қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс, ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық.

  • · Жалпы экономикалық қызмет -бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің нарық субьектісі ретіндегі рөліне негізделеді. Бұл қызмет тауар өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады.

  • · Ресурстық қызмет - бұл қызмет кәсіпкерліктің дамуы үшін ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.

  • · Шығармашылық ізденіс - мұнда кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.

  • · Әлеуметтік қызмет - бұл қызмет адамдардың жаңа топтарының дербес шаруашылық-экономикалық қызмет атқаруға тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, алға қойған мақсатына жете алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.

  • · Ұйымдастырушылық қызмет - бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы, кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады.



  1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз –заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорнның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:

Шаруашылық серiктестiк;

Акционерлiк қоғам;

Өндiрiстiк кооператив;

Шаруа қожалықтары;

Жеке (дара) кәсіпкерлік

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін  әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып  отырады. Қазіргі уақытта бұл  тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.  Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демократиялануы болып табылады. Кәсіпкерлікті қолдап, шағын  және орта кәсіпкерлікті дамыту,  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  елу елдің қатарына енуге бет  алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 


  1. Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

-өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.

-өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.

-өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Айқын (қалта) – кәсіпорынға жатпайтын ресурстарды сатып алу (жұмысшылар еңбек ақысы, материалдарды жабдықтау).

Айқын емес – кәсіпорынға жататын ресурстарды қолданумен байланысты шығындар (шер иесіне жер, кәсіпкерге еңбек ақы, кәсіпкер капиалына пайыз).

Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.


  1. Тұрақты шығындар – белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді. Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді.

Өзгермелі шығындар – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.

Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.

Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.



Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:

  • орташа тұрақты шығындар;


  • орташа өзгермелі шығындар;


  • орташа жалпы шығындар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет