Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Әрбір сөйлеген сөзің мен істеген ісіңе есеп беріп отыр. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген мақал тектен - текке айтылмайды. Артық сөйлеп, ағаттық жасаған адам міндетті түрде кешірім сұрауы тиіс.
Тапсырмалармен жұмыс Ертегіні оқы.
*Ертегіге ат қой
*Мазмұндап айт
* Төмендегі мақал - мәтелдердің қайсысы осы мысалға сай келеді?
«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»
«Басқа пәле - тілден»
Балалармен танысу үшін Сапардың айтқан әңгімесін оқып көр. Қалай ойлайсың, Сапар сөзін ойланып сөйледі ме?Әлде ойланбай сөйледі ме? Неге олай ойлайсың?
Сапар балалармен танысып, тез тіл табысып кеткісі келді. Қатты толқығаны соншалық, аузына сөз түспей, асығып аптығып сөйлей берді. Ол балалардың тек қазақша сөйлейтінін ескермепті.
Сапар неше рет кідірді? (... кідіргеннің белгісі, сөзінің үзіле бергені), ал неше рет бөтен, түсініксіз сөздер қосты? Қай сөздері балалардың күлкісін келтірді?
Сапардың орнында болсаң, көрген фильміңді қалай әңгімелеп берер едің?
III. Қорытынды.
Суретпен жұмыс
(суретке қарап әңгіме құра)
Оқу ісінің орынбасары: .........................................К.Тәліпбай