Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Ауызша түрде өтетін тілдік қарым - қатынастың саласын, ауызша сөз мәдениетін, дұрыс сөйлеуге үйрететін ғылымды орфоэпия деп айтамыз. Қазақ орфоэпиясы сөз ішінде, сөздер аралығында көрші дыбыстардың бір - біріне әсерін дер кезінде еске салып отырады. Ол гректің «орфос» дұрыс, «епос» сөз деген сөзінен шыққан.