Шағын пайымдаулар екі бөліктен тұрады.
Бір бөлігінде түсіндірілетін, дәлелденетін мәселе туралы айтылады.
Екіншісінде соның дәлелі, түсіндірмесі беріледі.
Мысалы: Мақсат күшігін Ақтабан деп атады (І бөлік), өйткені оның табаны әппақ болатын (ІІ бөлік).
***
3.Ертегілерді есіңе түсіре отырып, сөйлемдердің жалғасын жаз:
1.Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алды, өйткені
______________________________
2.Түлкі де, құмыра да суға кетті,
себебі,____________________________________
V.Сабақты қорытындылау
сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мысал келтіре отырып пайымдау.
Мақсаты: 1.Оқушыларды мысал келтіре отырып пайымдауға үйрету;
2.Ережені толықтай пайдалану арқылы пайымдауды дәлелдеуге төселдіру;
Оқушылардың ойларын ашық айтуға, толық жеткізуге ықпал ету. Күтілетін нәтиже: мысал келтіре отырып пайымдауды үйренеді. Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Достарыңызбен бөлісу: |