6-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Біз қалай сөйлейміз?
Мақсаты: 1. Ырғақ туралы түсінік беру. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту.
2.Cөзді түсіне білу, мәдени сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.
Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сөйлеу мәдениеті туралы білімдері кеңейеді, жағымды қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Қолданылатын көрнекіліктер: журналдар, 2-сыныпқа арналған
«Шешендік өнер әліппесі» Әдістер: сұрақ- жауап, диалог.
І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Жаңа сабақ.
Қандай жағдайда асықпай сөйлейміз?
Ал қандай жағдайда әдеттегіден жылдам сөйлейміз?
Мысалдарға назар аудар.
– Әке, әке! Қатты дауыл соғып жатыр, сіздің көлігіңіздің үстіне қарағаш құлағалы тұр!
Әже, маған ертегі айтып беріңізші.
*Қайсысын ақырын, қайсысын жылдам айтасың? Неліктен?
Өлеңді көтеріңкі көңіл-күймен оқы. Балақай-ау, балақай, Жаз келеді-ау, алақай.
Жалаң аяқ жүреміз, Балақты да түреміз. Көлден балық сүземіз, Жалтылдатып тіземіз.
15
Тау мен тасты кеземіз,
Сан қызықты көреміз,
Сайдан жидек тереміз.
Тайға мініп желеміз,
Алтыбақан тебеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |