Шешендік өнер әліппесі


Тірек сөздер негізгі ойды жеткізуге көмектеседі



бет46/75
Дата01.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#141583
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Байланысты:
Шешендік өнер (1)

Тірек сөздер негізгі ойды жеткізуге көмектеседі.
Сол арқылы әңгіменің мазмұнын еске түсіруге болады.


Олар маңызды мәселені есте сақтап қалуға көмектеседі.


Тірек сөздерді кілт сөздер немесе негізгі сөздер деп те айтады.


2.«Менің інім» деп аталатын әңгіменің тірек сөздері беріліп отыр. Оларды пайдалана отырып, әңгіме құрастыр.


Менің інім
Анам, бөпе, перзентхана, әкем, іні, бесік, кіп-кішкентай, тербетемін,


жыламайды.
ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
3.Әңгімені мұқият оқы. Тірек сөздердің астын сыз.


Аңқау

Баяғыда бір аңқау кісі есегіне мініп, сапарға шығады. Тауға шығарады есегін аяп, жетектеп етпекші болады. Мұны көріп тұрған екі ұры есекті ұрламаққа әрекеттенеді. Екеуі білдірмей басып аңқаудың арт жағына келеді. Біреу есектің ноқтасын басына киіп алады. Екіншісі есекті алып кетеді. Аңқау білмейді, өлеңін айтып жүре береді. Біраздан кейін әлгі ұры тартынып, жүрмей қояды. Артына қараған аңқау есекті емес, адамды көреді. «Бұл қалай, сен қайдан келдің?»- деп таңғалады.


Ұры: «Мен сенің есегің болып жүрген кісі едім. Бала кезімде тентек болғанмын. Шешем «есек болғыр» деп қарғап еді. Содан есекке айналып кеттім. Бүгін қайтадан адам болдым», - дейді.


Аңқау бұған сеніп, ұрыны босатып жібереді.


*Әңгіменің негізгі айтар ойы қандай деп ойлайсың?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет