«Шешендік өнер» сабағының мақсаты



бет22/53
Дата11.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#77679
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Байланысты:
шешендік өнер

ІІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім:

Дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі – мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсініп оқу керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Профессор С.Рахметованың анықтамасына сүйенсек, «мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл күйін сезіне оқи білу» .

Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде даустың ажыратылуы дауыс шымылдығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдығына пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады.

        Зерттеуші С.Желдербаеваның «Мәнерлеп оқу» деген  кітабында балаларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру жұмыстарының түрлері келтіріледі. Атап айтсақ:

-         мұғалім әңгімелесу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады;

-         сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру. Ол үшін мұғалім әрине, сөйлеу техникасына нелер жататынын білуі тиіс. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.

Дыбыстау мүшелері негізі үш бөліктен тұрады:

    1. Өкпе

    2. Тамақ

    3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы) 



Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершілікке бастайды. Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту – оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ пәндік құзыреттілікке қол жеткізгеніміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет