Рефлексия
26-27- сабақ
Тақырыбы: Тыйым салу- сақтандыру
Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін білуге үйрету. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу. Әдісі : ойын әдісі , топтық жұмыс.
Көрнекілігі: журнал, ырым – тыйым сөздер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын, салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты, аруақты сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдепті болуға, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын, салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы. Ол – мәдениеттің белгісі.
(оқушыларды топқа бөлу)
Қазақ ырымдары: (Әр топ ырымдарды айтып мағынасын түсіндіреді)
Ит ұлыса, жамандық болады.
Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады.
Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.
Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды , т.б.
Тыйым сөздер: (Әр топ тыйым сөздерді айтып мағынасын ашады)
Босағаны керме , құшақтама.
Жұлдызды , адамды санама .
Тұзды , күлді шашпа.
Бейуақытта жылама, ұйықтама .
Жағыңды таянба т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |