Шешендік туа біткен қасиет пе әлде үйренуге болатын өнер ме?
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.Менің ойымша,Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет.Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.Сөзімді қорытындылай келе, шешендік өнер туа біткен қасиет,оны қолдан жасап ала алмайсың.Шешендік өнер кез келген адамның бойынан табыла алмайтын-қасиет.
Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңіндегі көтерілген мәселенің ғаламдық деңгейдегі өзектілігі
Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірін қозғайды. Атажұрт тақырыбына Қабдеш Жұмаділов, Оразақын Асқар, Смағұл Елубай сияқты қаламгерлер сан мәрте оралып, шығармаларына арқау етті. Бұл шығармалар дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен барша қазақты атамекенге шақыруымен, қазақ тұтастығын насихаттауымен құнды. Ал мұның өзі – ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің жемісі.Ақын тағдыр тауқыметімен ТМД, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан және басқа да елдерде жүрген қандастарымызды атажұртқа былай шақырады:
Менің жерім мына жер – сенің жерің,
Жарасып тұр сол жерге келулерің.
Осы алқапта сенің де малың жатыр,
Жайқалып тұр шабылмай егіндерің, –
деп, «ағайын тату болса, ат көп» деген халық қағидасын ұстанады:
Менің көлім мына көл – сенің көлің,
Сенің арқаң көңілге семіргенім.
Жоғалмасын, ағайын, жоғалмасын,
Жетем деген сол көлге сенімдерің.
Менің тауым мына тау – сенің тауың,
Ақбас шыңын алты ай жаз жуған жауын.
Жалғыз рет көрсең де тірлігіңде,
Мүмкін емес сол тауды сағынбауың, –деп жомарттықпен еліміздің ұлан-ғайыр Алтай мен Атырауға дейін созылып жатқан жеріндегі әрбір көлі, тауымен бөліскісі келеді. Аталар аманатын естеріне салады:
Қимай кеткен сол суды аталарың,
Бетін жуып соңғы рет мөлдіріне…
Әрбір қазақ баласын ержеткесін отау тігіп, бөлек шығарып, өз алдына үй
қылады. Тұманбай да қандасына осы ойды меңзейді:
Мына орман менікі, сен де соның
Ағашынан үйіңе уық алғын.
Уық шаңырақтың күлдіреуішіне кіргізіліп, керегеге байланады. Осылайша, киіз үйдің қаңқасы пайда болады. Ағайындар киізін жабысып, лезде үйді
тігіп бере қояды. Сондықтан
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың,
Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп, – дейді.
Одан бөлек қазіргі уақытта оқумен болсын, кәсіппен болсын, шетелге кетіп жатқан жастарымыз елге оралмай, барған жерлерінен қайтпай қалып қоятын жағдай жиі ұшырасады. Ақын идеясы «шетелде жүріп сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мағынамен астасқандықтан, «Бауырларға» өлеңінің маңызы зор. Бәріміз бір кісідей жұмылсақ, барымызды бағалап, жоғымызды түгендей түсеміз деген идеяға саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |