«Шет елдер тарихының деректемесі»


Дәріс.2 Тарихи мұражай атқаратын ролі және оның әлеуметтік функциялары



бет6/7
Дата13.11.2016
өлшемі1,39 Mb.
#1660
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс.2 Тарихи мұражай атқаратын ролі және оның әлеуметтік функциялары. Мүражай ісінің негізгі ұғымдары: мұражай жәдігері, мұражай, музей ісі.

Музей өзінің әлеуметтік қызметін музей жәдігерлерін жинау, сақтау, үйрену, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.

Белгілі бір затты жасауда да, қолдануда да оның функционалдық мәні болады. Музей әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір жәдігердің қоғамдық мәнін, музейлік құндылығын көрсетеді.

Жәдігерлердің ақпараттық потенциалы екіге бөлінеді. Бірінші – ішкі хабарламалық кеңестік, екінші – сыртқы хабарламалық кеңестік. Біріншісі заттың өзіне байланысты мәлімет көрсетсе, екіншісі жәдігердің айналасындағы ортаға қатысты мәліметтерді көрсетеді.

Музей жәдігерлерінің семантикалық (мәндік), аксиологиялық (бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері бар және де әрбір музей жәдігері аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), семантикалық (мәнерлілік, дәлділік, мәндік), экспрессивтік (толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу) қасиеттерге ие. Музей жәдігерлері тек дерек қана емес, мәдени – тарихи ескерткіш ретінде бағалылығы зор қоғам мен мемлекет, мекеме байлығы деп саналады.

Музей жәдігері – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Музей жәдігері – бүкіл музейдің қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асыратын негіз болып табылады.

Кез келген музей жәдігерін зерттеу ғылымға негізделеді. Қазіргі кезде музей ісі адам қызметінің ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижесі ретінде, табиғаттың сыйы мен ерекшелігін көрсетіп (табиғи музей, қорықтар), ғылыми құжаттармен негізделіп, түрлі профильді салада жұмыс істейтін жұмыс ретінде қарастырылады.

Музей ісінің негізгі құрамдас бөлігіне музейдің практикалық ісі, ескерткіштерді қорғау, музей жүйесі, музей саясатын заңдастыру, музей ісіндегі кдрларды дайындау да кіреді. Ғылыми - әдістемелік, көпшілік жұмыс орталықтарының жұмысы, арнайы тақырыптардағы журнал, газеттер шығару да музей ісінің басты бағыттағы шаралары.

Музейтанудың зерттеу әдістерінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, олар мынадай:


  1. Ақпараттық дерек көзі ретінде, жәдігерлердің мәдени- тарихи құндылықтарын зерттейтін бағыттарда жұмыс істеу:

а) музей құндылықтарына жататын жәдігерлерді анықтау (ғалымдар, лаборратория);

б) музей жәдігерлерінің мәндік мағынасын, ерекшеліктерін анықтау ісі;

в) музей жәдігерлеріне байланысты ғылыми анықтамалық, жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру;

г) сақтау режимін, консервация және қайта қалпына келтіру жолдарын анықтау;

д) музейдің тәрбиелік, білімдік міндеттерін атқару әдістерін қарастыру, жүйелеу.


  1. Музей ісі, оның атқаратын қызметі, қоғамдық, мемлекеттік институт ретіндегі бағыты:

а) музейдің шығу тарихын , жүйесін, типін, музей ісінің тарихын жүйелейді;

б) ішкі ұйымдастыру жұмыстарын қарстырады;

в) музей қызметінің арнайы бағыттарын анықтайды;

г) музейді басқару жүйесін қарастырады, болашақ жоспарын талдайды.


Дәріс.3 Музей және музей ісі құрылымы:

Музейтану ғылыми пән ретінде білім жүйесі қалыптасқан, өзіндік ұрылымы бар сала. Музейтануға тарихи, теориялық, қолданбалы элементтер кіреді. Музейтану құрылымы төмендегідей:



  1. Музейтанудың тарихы мен тарихнамасы

  2. Музейтану теориясы

  3. Музейлік дерекнама

  4. Қолданбалы музейтану




Музей жүйесі және жіктелуі.

Музейлер жабық жүйедегі, мемлекет пен қоғам алдында музей заттарын сақтау, қорғау, пайдалану функцияларына жауап беретін мекеме. Музей жүйелері әртүрлі профильдегі, типтегі музейлерден тұрады.

Музейлер негізгі профилі жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:


  1. Тарихи музейлер – тарих білімі мен ғылымына негізделген жүйе бойынша бөлінеді. Олар:

а) жалпы тарихи

б) археологиялық

в) этнографиялық

г) нумизматикалық

д) тарихи – экономикалық

е) білім мен ағартушылық тарихы

ж) арнайы тарихи музей (спорт тарихы, музыка тарихы

т. б.)


  1. Көркемөнер музейі. Өнер мен өнертануға қатысты барлық музейлер. Мысалы, өнертану музейі, картина галереясы, мүсін музейі, қолөнер музейі, қолданбалы өнер музейі, гравюра кабинеті, театр, музыка, кино өнері музейлері т. с. с.

  1. Табиғи – жаратылыстану тарихи музейлері - өз жұмыстарында жаратылыстану ғылымы пәндеріне сүйенеді. Оған биологиялық, ботаникалық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палентологиялық, антропологиялық және экологиялық т. с. с. музейлер жатады.

  1. Техникалық музейлер – техника ғылымымен тығыз байланысты музейлер, оған: политехникалық, техникалық, авиация, автокөлік, байланыс, кеме жасау, тау – кен ісі, темір жол көлігі, жеке өнеркәсіптер музейі, техника ескерткіштері т. с. с. музейлер жатады.

  2. Әдеби музейлер - әдебиет салаларына бағытталған, белгілі жазушылардың өмірі мен қызметіне арналған музейлер.

  3. Комплексті музейлер – екі, үш профильде жұмыс жүргізетін музейлер. Мысалы, тарихи – көркем, тарихи – архитектуралық, ауыл шаруашылығы музейі т. с. с. Комплексті музейлердің кең тараған түрі - өлкетану музейлері. Олар тарих пен жаратылыстану бағытын біріктіріп жұмыс істейді. Ал типтік жағынан музейлер 3 – ке бөлінеді:

    1. ғылыми зерттеу;

    2. көпшілік – ағарту;

    3. зерттеу, академиялық – оқу.

Қазіргі музей жүйесінде ғылыми зерттеу типі кең тараған. Ал академиялық оқыту музейлері белгілі бір ғылыми салаға байланысты зерттеу жұмысын терең жүргізеді. Әсіресе, музей қорларын жинақтаған кезде далалық экспедиция жұмыстары, бірлескен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі кеңінен қолданылады. Музей жұмысы тек өткен дәуірдің ескерткіштерін жинап қана қоймай, қазіргі заамн тұрғысынан да үнемі ізденушілік, зерттеу жұмыстарын үзбейді. Ғылыми жұмыстардың көп міндеттері экспозициялар арқылы шешіледі.
Дәріс.4 Музей қорларын сақтау.

Музей қорларында сақталатын жәдігерлердің барлығы дерлік физикалық – механикалық, химиялық өзгерістерге ұшырайды немесе табиғи ескіреді. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын – шіркейлер, құрт – құмырысқалардың және кеміргіштер мен микроорганизмдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдылық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру процесін тездетуі, немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғары дәрежедегі ылғалдығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдылық шаң – тозаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Осындай қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін музей жәдігерлерін сақтау тәртібі, ережесі болады. Ол температуралық ылғалдылық режимі, ауадағы зиянды заттардан қорғау, биологиялық және механикалық бұзылудан, нұқсаннан қорғау, апаттан алдын ала сақтандыру шаралары, экстремальдық (аяқ астынан шыққан қиындық) жағдайларға байланысты алдын – ала дайындық шаралары жасалынады.

Тарихи мұражайлардың қорларына енетін заттар әртүрлі. Сондықтан оларды дұрыс сақтай отырып, әрбір заттың қолданыс аясын да естен шығармаған жөн. Бұл міндетті қорды сақтау жүйесі шешеді.

Режим (тәртіп, ереже) мен сақтау жүйесіне негізделген қор жұмысының бағыттарын “музей қорларын сақтауы» дейді. Әрбір мұражайдың өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режимдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына, сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір мұражай, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады.



А) Температуралық – ылғалдылық тәртіп.

Температура мен ауа ылғалдылығы заттардың табиғи ескеруіне өте қатты әсерін тигізеді. Бұл әсердің сипаты мен күші заттың жасалған материалынан, оның құрылымынан, қандай ортада болғандығынан, музей жәдігеріне айналғанына дейінгі сақталуына тығыз байланысты.

Органикалық ылғал тартқыш (гигроскопиялық) материалдардан (ағаш, тері, қағаз, мата) жасалған жәдігерлер өте жоғары немесе өте төмен ылғалдылықтан қатты зардап шегеді. Төмен ылғалдылықта бұл материалдарда сызат пайда болады, сығымдалып, беріктілігі, төзімділігі азайып, зат деформацияға (өзгеріске) ұшырайды. Өте жоғары ылғалдықта бұл заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы, жабысуы бұзылады, химиялық өзгерістер күшейеді, зат деформацияға ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылық заттың тез құрып кетуіне әсер етеді.

Температураның кенеттен өзгеруі жәдігерлерге қатты әсер етеді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда (акклиматизация), жәдігер сол ортаға үйренгенше ылғалдылығы аралық температурадағы бөлмелерде ұсталуы тиіс.

Әсіресе, археологиялық жәдігерлерге өте көп өзгерісті басынан кешіруге тура келеді. Темір заттарда топырақ коррозиясы болады.

Температуралық ылғалдылық режиміне байланысты қалыптасқан бірегей көзқарас жоқ. Көптеген ғылыми еңбектерді нұсқаулар бойынша темір заттары үшін +180 +200 С, 50 % - ке дейінгі ылғалдылықта, шыны, эмаль, кеамика заттары үшін +120 +200 С және 55-65% ылғалдылықта, тастар (бағалы, жартылай бағалы) +150 +180 С, 50-55% ылғалдылықта, ағаш зат +150 +180 С және 50-60% ылғалдылықта, тері, аң терісі бұйымдарын +160 +180 С, 50-60% ылғалдылықта, қағаз +170 +190 С 50-55% ылғалдылықта, өнер суреттері +120 +180 С және 60-70% ылғалдылықта, қара суретер +120 С, 40-50% ылғалдылықта, түрлі – түсті сурет +50 С, 40-50% ылғалдылықта, маталар үшін +150 +180 С, 55-65% ылғалдылықта, сүйек, мүйіз, тасбақа заттары үшін +140 +150 С, 50-60% ылғалдылықта ұстауды қажет етеді.



ә) Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау.

Музей жәдігерлерінің ескеруіне ауадағы әртүрлі қоспалар да әсер етеді. Оған газдалған заттар – күкіртті газ, күкіртті сутек (сероводород), аммиак (азот пен сутек қосындысынан жасалған ащы иісті түссіз газ), хлор, минералдық шаң, қара күйе (сажа) жатады.

Ауаның ластануынан сақтанудың бір жолы – бөлмені герметизациялау (ауа кірмейтіндей саңылусыз бекіту), әрине, кондиционерсіз болмайды және сүзгіш заттар (фильтровальные устойства) орнату да артық емес.

Б) Музейдегі жарық түсу тәртібі.

Музейде жарық беру тәртібі жәдігерлердің ұзақ сақталуы үшін қолданылады. Бұл тәртіп бойынша заттарға жарық толықтай, жартылай берілуі не мүлде жарықсыз сақталуы мүмкін. Ол жәдігерлердің қай материалдардан істелгеніне байланысты анықталады.

Жарыққа төзімділігі жағынан материалдар үш топқа бөлінеді:


  1. Жоғары төзімділіктегі – темір, тастар, гипс, керамика, түссіз шыны.

  2. Орта төзімділіктегі – сүйек, тері, аң терісі, ағаш, майлы бояулы өнер туындылары.

  3. Төмен төзімділіктегі – фотосуреттер, акварель, қағаз, мата бұйымдары.

Жарықтың тура түсуі барлық заттарға зиян. Жоғары төзімділіктегі заттарға жарық(күн көзі) тура түспесе болғаны.

Ал орташа төзімділіктегі заттарға режим әртүрлі. Ағаш бұйымдары – жаңғақ, қызыл ағаш, қарағай, шырша, емен, кайың өңін береді, сондықтан оларды қаптап, жауып қояды.

Ал майлы суреттерді, сүйектен жасалған жәдігерлерді сақтау үшін жарық түсіп тұру керек. Себебі, жарықсыз майлы бояу күлгінденеді, сүйек сарғаяды. Ақ аң терісін ұзақ уақыт жарықсыз ұстауға болмайды.

Ал жарық түсу зиян келтіретін заттар жарықтан қорғайтын шынылармен қапталып, түрлі құралдар қолдану арқылы сақталады. Бұл заттармен жұмыс істегенде жарық 50-75 лк (люкс) болу керек. Люкс жарық түсірудің өлшемі.



В) Музейдегі биологиялық режим.

Музей заттары биологиялық зиянкестердің әсерінен де бұзылады. Олар зең түскен саңырауқұлақ, шыбын – шіркей, құрт – құмырсқа, кеміргіштер. Ауру жұқтырған заттарды дезинфекциядан өткізбей, музейге қабылдамайды.

Зең түскен саңырауқұлақ (плесневые грбки) барлық органикалық текті материалдар және кейбір органикалық емес, мысалы, керамика заттарына тез жұғады. Бұл жағдайда аура тудыруға ықпал ететін нәсе шаң – тозаң. Зең түскен саңырауқұлақ ауралар музей жәдігерлеріне механикалық, химиялық зақым келтіреді. Зең түскен саңырауқұлақ ауруын болдырмау үшін музей жәдігерлерін, жабдықтарын 21 процент формальдегидтің спирттікерітіндісімен оқтын – оқтын сүртіп отыру керек.

Жәдігерлерді бір орыннан екінші орныға ауыстырған кезде сақ болу керек, қол таза, құрғақ болуы керек, бұл заттардың механикалық бұзылысынан қорғайды.


Дәріс.5 Музейдегі ғылыми – ағартушылық жұмыс.

Музейдің ғылыми – ағарту жұмысының негізгі формасы – экскурсия.

Музей жәдігерлері экспозициялық кешенді түрде жинақталып, ғылыми қосалқы материалдармен жабдықталады, мәтіннің мазмұнына қарай өте зор коммуникативтік және сыртқы ақпараттық хабарға бай болады.

Музей заттарының түрлерін төмендегідей топтауға болады:



  1. Жәдігерлік ескерткіштер – тарихи кезеңдерден дерек беретін, әртүрлі тарихи оқиғалар, фактілер, табиғат пен қоғам қатынастарынан көрініс беретін, тарихи, мәдениет, әдебиет, ғылым саласындағы тұлғалар өмірінің дерек көзі.

  2. Құжаттық ескерткіштер: баспа заттары, автограф, фото және кино деректер.

  3. Бейнелеу өнерінің ескерткіштері.

Экспозицияның информативтік жағын дайындағанда төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Ғылыми экскурсия кезінде берілетін мәлімет өзекті, ғылыми жағынан дәйекті, фактілермен негізделген болуы тиіс.

  2. Берілетін мәлімет тақырыпты терең және толық ашуға, келушілерге түсінікті болуы керек. Ақпарат көлемі экскурсияның танымдық және тәбиелік мақсаттармен сәйкес, психологиялық және қажеттілігі жағынан, қабылдауы жағынан аудиторияны қанағаттандырып, талабынан шығуға сай болуы керек.

  3. Ақпарат экскурсанттардың білімі мен интелектуалдық деңгейіне сай болуы тиіс. Мүмкіндігінше келушілердің қызығушылығына, талабына орайластыруы керек.

  4. Келушілердің назарын аудартатындай ерекше, әр сипаттағы, салыстырмалы, контрасты материалдарды кең қолданған дұрыс.

Экспозиция материалдарын көрсетуге келушілердің жас ерекшелігін ескерген жөн. Жалпы музей тәжірибесі бойынша бастауыш класс оқушылары 45-50 минут, 7-класс оқушылары 1 сағат 10 минут, жоғары класс оқушылары 1 сағат 30 минут, ал ересек адамдар тобы 1 сағат 45 минуттан 2 сағатқа дейін экскурсияға қатыса алады. Ал егер экскурсия музейден тыс жерде, мысалы, қала бойынша болса оқушыларға жаяу 1,5-2 сағат, автобуспен 2-2,5 сағат уақыттан аспауы керек. Ересек адамдардың 3,5 сағатқа дейін қарайтын мүмкіндіктері бар.
Дәріс.6 Музейдің мәдени – көпшілік және тәрбие жұмысы.

Музейдің мәдени – көпшілік жұмыстары музей коммуникациясының бір саласы ретінде жан – жақта білімді, қоғамда белсенді, эстетикалық талғамы зор, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеуге ұмтылуға бағытталады. Музейдің негізгі жұмысы – тарих арқылы тарихи – мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Музейде тәрбие жұмысының түрлері мен формалары көптеп саналады.

Олар музейде экскурсиялар (экспозиция мен көрмелерде), тарихи – мәдени ескерткіштерге саяхат жасау. Тақырыптық кештер, конкурстар, викториналар, клуб пен үйірмелердің жұмысы, мдениет университеттерін ұйысдастыру сияқты жұмыс формалары қолданылады.

Тарихи бағыттағы экскурсияларды төмендегідей жіктеуге болады.


  1. Өтетін орны мен көрсетілетін нысана бойынша таңдап алынған, яғни, жоспарлы

  2. Тақырыптың мазмұнына қарай

  3. Тақырыптық шолу экспедициялары

  4. Түрлі тарихи кезеңге, оқиғаға байланысты экскурсиялар

  5. Арнайы (әдеби, өнеркәсіптік) мерейтойлық

  6. Ғылыми – ағартушылық

  7. Оқу бағдарламасына қарай сабақтар мен жазбаша тапсырмалар бойынша

  8. Шетелдік туристерге арналған экскурсиялар

  9. Музейлік олимпияда және конкурстар

  10. Музейдегі ғылыми қосалқы кабинеттерге экскурсия, бұл жерде заттардың дубликаты сақталады. Көшірілген заттарды ұстап көруге болады, көзі көрмейтін адамдарға арнайы жұмыс ұйымдастырады, ақыл – кеңес беріледі.

  11. Музейдегі ашық есік күндері – киносеанс, концерт, театр қойылымдары көрсетіледі.

  12. Металлург күні, жастар күні, химик күні т. С. С. Арнайы мекемелер күнін өткізеді.

  13. Көшпелі – жылжымалы музей жұмысының – музеобус, теплоход, поезд сияқты да түрлері қолданылады.

Музей ісінің халыққа таратылуында, көпшілікті тартуда ролі өте зор. Ол үшін музей қызметкерлері:

  1. Ғылыми зерттеу, әдістемелік, ғылыми көпшілік жинақтар шығарып тарту.

  2. Музей ісін, радио, телевидение, баспасөз арқылы жарнамалар беру арқылы насихаттау.

  3. Анықтамалық – жарнамалық материалдар шығару.

  4. Оларды экскурсиялық туристік орталықтар арқылы тарату.

  5. Жолкөрсеткіш, бағдар – каталогтар жасау арқылы насихаттау.

  6. маршрут схемаларын тарату.

  7. Афиша, шақыру билеттері арқылы тарату.

  8. Буклеттер, төс белгі, сувенирлер тарату арқылы да насихат жұмыстарымен айналысады.

Осы жұмыстардың барлығын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін жылдық, тоқсандық, айлық, апталық, күндік жоспарлары болады. Күнделікті жұмыста музейге келушілер саны, өткен шаралар саны (сапасы да), әрбір музей қызметкерлерінің жұмыс көлемі мен мөлшері есепке алынады және барлық деректер талданып отырады.
Дәріс.7 Музей – зерттеу орталығы.

Ғылыми – зерттеу мекемелерінің қатарында музейдің өз ерекшелігі бар. Музейдегі ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми жаңалықтарды толықтыра түсетін, басқа ғылыми салалар жүйесінде кең қолданылатын ғылыми орталық.

Әсіресе, ғылыми негізделген, жоспарлы түрде қорларды жасау, музей заттарын сипаттау, өңдеу, зерттеу, ғылыми – зерттеу жұмысының негізі болып табылады. Ғылыми – зерттеу нәтижелері консервация, қайта қалпына келтіру, коллекцияларды қорғау мен сақтау, экспозиция, келушілермен жұмыс т. б. Музей жұмыстарының деңгейін, дәрежесін анықтайды.

Музейдің ғылыми – зерттеу жұмыстары кешенді және көп қырлы болыптабылады. Музедің ғылыми – зерттеу жұмысының негізгі бағыттарын,біріншіден музейдің қай профиліне жататына байланысты, екіншіден музейдің әлеуметтік институттар жүйесіндегі орнына қарай анықтайды. Профильдік бағыттан басқа, ғылыми – зерттеу ісі музейтану ауқымында да үнемі зерттеу жүргізіп отырады. Музей жұмысында ғалымдар белгілі бір зерттеу тақырыптарын жүргізіп, еңбектер жариялап отырды. Экспозиция мен көрмені суретшілер, дизайнерлер жасайды. Сәулеттік – көркемдік шешім қажет. Бұл жерде суретшілердің фантазиясы да өте үлкен роль атқарады. Ол экспозиция жасауда көрерменнің білім деңгейіне, әлеуметтік демографиялық жағдайына да көңіл бөледі. Оптимальды сары, жасыл, алқызыл түстер көзді шаршататындықтан музейде ақ, көкшіл ақ сары және қара түстер қолданылады.



Дәріс.8 Қазақстандағы музейлер

Бүкіл қазақ жерінің әлі игерілмеген орасан зор табиғи байлықтарын түрлі себептерге орай әлсіреген Ресей экономикасы өз жағдайын көтеруге барынша пайделану мақсатында, патша өкіметі Қазақстанды зерттеуге сан алуан ғылыми экпедициялар ұйымдастырылды. Олардың арасында Орыс ғылым академиясының Географиялық қоғамы, қоныс аудару басқармасы, статистикалық комиттетер т.б мекемелер мен ұйымдар жіберген экпедициялардың жекелегендері қазақ халқының тарихы, тұрмысы мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жайында көптеген құнды мәліметтер жинастырылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Орынбор, Омбы және Ташкент қалалары қазақ даласын зерттейтін ғылыми орталықтарға айналды.

1857-1862 жж. аралығында Орынборда жергілікті ғалымдар жинастырған қазақтың ұлттық ерекшіліктерін, өлкесі тарихын бейнелейтін жәдігерлер Мәскеу мен Қазан қаласы мұражайларына жіберіліп, олар көрме бөлімдерінен өзіндік ерекше орындарға ие болды. Сөйтіп, халқымыздың жоғары мәдени құндылықтары Санкт-Петербург сияқты қалалардың музейлерінің қорларлын толықтылып, сол музейлерде осы күнге дейін қалып отыр.

1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан Орынбор губерниялық мұражайы ашылды.

XXI ғасыр басындағы жағдаймен республикамыздағы музейлер саны 88 болса, ол 1913 жылы небәрі – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25 және 1970 ж. – 29. Олардың көбі тарихи – өлкетанулық, мемориалдық және тарихи-революциялық болып, негізгі мәселесі тұрғындарды коммунистік идеологияға тәрбиелену мақсаты еді.

Елімізде музей қызметкерлерінің құрамын жақсарту мақсатында Қазақ меммлекттік университетінде 1981 жылдан бастап, оны бітірушілер облыстық мәдениет басқармаларының сұраныстары бойынша музейлерге жұмыс істеуге жіберіліп отырды.

Елордасы Астана қаласында 2000 жылдың қазан айында ашылған Президенттік мәдени орталық тарихи-рухани мұраға деген ұлттық идеологияны қалыптастыру жолындағы игі шаралардың басы болмақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 275-ші Қаулысымен 2000 жылдың 22 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекетті Музей құрылды.

Музей бес галереядан, үш зал және атриумнан тұрады.

Атриум (1 қабат): Мұнда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Ата Заң ең көрнекті орынға қойылған.

Этографиялық зал (1 қабат): Бұл зал халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігін айғақтайтын экспонаттармен жасқталған.

Алтын және бағалы металдар музейі (2 қабат): Мұнда ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, алтыннан жасалған түрлі музейлік құндылықтар өз орнын тапқан.

Қазақстанның ежелгі көшпелілері мәдениеті (2 қабат): Бұл зал сақ, ғұн, ерте түріктер дәуірінің бізге жеткен көне ескерткіштерінің көрнекілігімен ерекшелінеді.

Археологиялық галерея (2 қабат): Галерея түрлі қазба экспонаттармен жабдықталған.

Тарихи галерея (3 қабат): Мұнда Абылай хан кезеңінен бастап, 1991 жылға дейінгі қазақ даласының тыныс-тіршілігі материалдық, құжаттық және фотосуреттік экспонаттар көмегімен егжей-тегжейлі қамтылып, көрсетіледі.

Егемен Қазақстан (4 қабат): Бұл галереяда қазірге Қазақстанның сан-салалы өмірі, мемлекеттік органдар, экономика саласы, мәдениеті мен оқу білім беру жүйесі, түрлі ұлттардың тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін экспонаттар қойылған.

Көркемсурет галереясы (5 қабат): Мұнда отандық және шетелдік қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, олар көрушілер назарына өздерінің түрлі тақырыптағы көрмелерін ұйымдастырып тұрады.

Президенттік мәдени орталық музейінің экпозицияын жабдықтаған және алғашқы бас директоры т.ғ.к., этнограф Н. Әлімбайдың музей ісі саласында атқарған еңбегі зор.



Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі.

Музей-үйі 1940 жылы Семейде ашылды. Абай ақындық өнерімен қатар, ағартушылық, қайырымдылық салаларда да зор үлес қосқан қоғам қайраткері, тарихи тұлға.

Қаладағы әсем ғимататтардың бірі – осынау оқшау үй Абайдың мемориалдық музейі болуға қай жағынан да сай келеді. Музейдің тұңғыш директоры болып директоры болып дарынды жас әдебиетші Қайым Мұхамеджанов тағайындалы.

Уақыт талабына сай, кеінгі жылдары музей үшін неғұрлым үлкенірек үй-жай іздестіру қажеттілігі туды. Соның нәтижесінде музей бір кездері Оралдан Ертіс бойына көшіп келген орыс көпестері, ағайынды Ершовтардың иелігінде болған үйге көшірілді. Кейбір деректер бойынша, Абай осы үйде ауық-ауық тоқтап, Сібірге жер аударылғандармен кездесіп отырған. Жетпісінші жылдардың бас кезінде Абай музейі ағайынды Ершовтардың бұрынғы үйіне көшірілді.

Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында музейге біршама өзгерістер енгізу ұйғарылды. Музей ғимараты өзінің сол бұрынғы қалпында қалдырылды да, бірақ ол Әкімшілік ғимаратпен (ескі қос қабатты үй) және Ахмет Риза медресінің мешітімен біртұтас сәулет кешеніне біріктірілді.

Ахмет Риза медресесінде Абай 1854-1855 жж. оқыған. Қазір осы ғимаратта шығыс мұсылмандары діни медреселерінің рухы жаңғыртылды. Мұнан араб, парсы, шағатай, түрік және татар тілдеріндегі көне кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды кездестіреміз.

Қазір бұл ғимарат – Абайдың Семей қаласындағы Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейі.

Әуезов үйі” атты ғылыми-мәдени орталық Қазақстандағы ірі зерттеу орталығы болып саналады. 1962 жылы құрылған. 1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 550 қаулысы бойынша Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанынан алғаш ашылған кезде М.О.Әуезов әдеби-ескерткіш музей-үйі болып аталады.

Жазушының жұбайы Валентина Николаевна Әуезова берген құнды қор ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Музей залдарының экспозициясы 1973 жылы ашылды, оның авторы Я.Нимец еді.

Музейдің жалпы көлемі 480 шаршы метр, көрме залының көлемі 174,4 шаршы метр. Музейде кітапхана, жылжымалы көрме залы, қалпына келтіру шеберханасы бар.

Қазігі заманда музей қорында 72,6 мыңға жуық мүлік бар.

Көрме мен аукциондар дирекциясы оңтүстік астанадағы көрме қызметінің ең ірі ұйымдастырушысы болып табылады. Ол Қазақстанның Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 15 шілдедегі № 1286 шешімімен және көрме мен аукциондық қызметті жетілдіру мақсатындағы Қазақ КСР Мәдениет министірлігінің 1960 жылдың 11 қазанындағы № 294 бұйрығымен көркемсурет көрмелерінің дирекция болып құрылды. Мұнда Қазақстанның түрлі аймақтарындағы суретшілердің озық туындылары жинақталған.

Орталық көрме залында мыналар экспонатталады: сурет, графика, мүсін, сәндік-қолөнер туындылары; соның ішінде кілемдер және кілем бұйымдары, былғарыдан, ағаштан, қыштан жасалған ыдыстар; ерлер мен әйелдердің белдік-белбеулері, ер-тұрмандар, әбзел-саймандар, қол өнерінің, әшекейлі үй жасаулары, зергерлік бұйымдар – сақиналар, жүзіктер, сырғалар, білезіктер және т.б.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі Орталық Азиядағы ірі музейлердің бірі. XIX ғасырдың 30 жылдарында Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде құрылған “Орынбор өлкесінің музейінде” коллекциялар құрыла бастады. Оны ұйымдастырушылардың бірі – атақты тіл маманы, “Түсіндірме сөздіктің” авторы Владимир Даль. 1925 жылы Оынбор орталық музейінде сақталынған экспонаттар Қазақстанның Халық Ағарту комиссариатының құзырына өткізіледі де, осы негізге сүйеніп Қазақ өлкелік Орталық музейі құрылады. 1929 жылы Қазақ Өлкелік Орталық музейі жаңа астана Алматы қаласына көшіріліп, 1897 жылы негізі қаланған Жетісу губерниялық музейімен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды.

Музей 1931 жылы Алматы қаласындағы бұрынғы Кафедралық собордың ғимаратына орналастырылды. Музей ғимаратының жалпы көлемі – 17557 шаршы метр. Оның үш қабатында көрме галереялары және 4 экпозициялық зал орналасқан.

Ғалам, дүние жаратылысы, Қазақстанның қазба байлықтары мен Қазақстанның өте ерте замандардағы тарихынан XY ғасырдың бірінші жартысына дейінгі тарихтың мұражайдың палеотология мен археологияға арналған I-ші залы баяндалады.

“Сирек кездесетін және құрып бітуге айналған Қазақстан жан-жануарлары немесе Қазақстанның қызыл кітабы” деп аталатын көрме Қазақстанның қазіргі флорасы мен фаунасына арналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет