Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы



бет13/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Пресвитариандарірі буржуазия мен жаңа дворяндарды біріктіретін оң қанат. Олардың саяси идеаля мықты патша билігі сақталған конституциялық монархия болды. Олар революцияның бірінші кезеңі – «контституциялық» кезеңде (1640-1642 жж.) мемлекеттік билікті қолында ұстап басымдыққа ие болды.

  • Индепенданттер орта және ұсақ дворяндар мен қалалалық орта буржуазияның өкілдерінен құралған орталық қанат. Олар бағыныштыларға сайлау құқықтарын беру негізінде құрылатын парламент патша билігін шектейтін конституциялық монархияның құрылуын талап етті. Олардың бағдарламасы табиғи құқықтар мен бостандықтарды тануды көздеді. Басшылары О.Кромвелль болған индепенденттер революцияның «радикалды» кезеңінде (1649-1660 жж.) басымдыққа ие болды. Бұл жылдары монархия жойылып республиа орнатылған болатын.

  • Левеллерлер – қолөнершілер мен ерікті шаруалардан құралған оппозицияның ең радикалды қанаты. Олардың саяси идеаля республика болды. Олар ер адамдарға тең құқылы сайлау құқығын беруді, тартып алынған қауымдық жерлерді қайтаруды, «жалпы құқық» жүйесін реформалауды және жеке меншіктің мызғымастығын талап етті.

    Оппозициялық күштерге қарсы роялистер – ескі жер аристократиясы мен діни сословиеден құралған патшаның жақтастары қарсы тұрды.Олар Ағылшын абсолютизмінің және феодалдық тәртіптердің тірегі болды.

    XVII ғ. өзінде басталған патша мен парламент арасындағы қарамаө-қайшылық патша билігінің шектеріне қатысты болды. Бұл мәселеде парламент патшаға қаржылық көмек көрсету арқылы өз талаптарын ұсынды. 1628 ж. Карл I парламент шақыруға мәжбүр болды. Жас патшаның қиын жағдайын пайдаланған қауымдар палатасы «Құқықтар туралы петицияға» қол қойғызып альды. Онда буржуазия мен жаңа дворяндардың құқықтары мен бостандықтары және қауымдар палатасының құзыреті бекітілде. Ол бойынша патша парламенттің келісімінсіз қаржылық мәселелерді шеше алмады. Сөз жүзінінде петициямен келіскен патша шын мәнінде бұрынғыдай парламент рұқсатынсмыз алымдар мен салықтарды жинап тұрды. Парламент бұған өз наразылығын білдірді. Карл I парламентті таратып жіберіп он бір жыл бойы (1629-1640 жж.) жеке дара билік етті. Карл I өзінің деспоттық билігін Шотландияға да таратқысы келді, алайда онда 1637 ж. көтеріліс бұрқ етті. Көтерілісшілер патша әскерлерін бірнеше рет ойсырата жеңді. Патша өте қиын жағдайға душар болды, қазынада ақша таусылды. 1639 ж. Шотландия әскері Англияға басып кірді. 1640 Карл I парламент шақыруға мәжбүр болды. Алайда парламент патша енгізген салықтарды бекітуден бас тартты және «Құқықтар туралы петицияны» мойындауды талап етті. 1640 жылдың 13 сәуірінен 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент таратылып жіберілді және «Қысқа парламент» деген атауға ие болды. Патшаның жағдайы күннен-күнге нашарлай берді. Ал 1640 ж. қарашада жаңа парламент шақыруға мәжбүр болды. Ол тарихқа «Ұзақ парламент» деген атаумен қалды, себебі 1640-1653 жж. аралығында жұмыс жасады.



    Ағылшын буржуазиялық революциясының барысы. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихы ұзақ парламенттің шақырылуымен басталды. Оның жұмысы барысында патша мен парламент арасында патша билігіне қатысты қайшылық арта түсті. Бұл дау революцияның түрлі сатыларында конституциялық және әскер и сипатқа ие болды. Революция кезеңдері:

    1. Конституциялық кезең (1640-1642 жж.). Бұл кезеңде патша мен оппозицияның күресі Ұзақ парламентінің қабырғасында өрбіді. Оның мүшелерінің 90 % дворяндар қалған 10% ғана буржуазия өкілдері болды. Ұзақ парламент бірқатар міндеттерді шешуге тырысты:

    • Патшаны парламентті таратуға итермелеген, парламентсіз билік етуге итермелеген көмекшілерін жазалау. Парламенттің талабы бойынша патшаның кеңесшілері лорд-канцлер граф Страффорд пен архиепископ Лод өлім жазасына кесілді, «Жұлдыөды палата» және «Жоғарғы комиссия» таратылды. Бұл мекемелер абсолютизмнің басты жазалаушы органдары ретінде буржуазияның қарына ұшырады. Монархтың барлық трибуналдарын таратып ұзақ парламент заңды деп «жалпы құқық» соттары мен канцлер сотын жариялады. Соттың тәжден тәуелсіздігі және ауыстырылмайтындығы бекітілді.

    • Ендігі уақытта парламентсіз билікті мүмкін емес қылдыру. Осыған орай «Үшжылдық акт» қабылданды. Ол бойынша парламент патша еркінен тәуелсіз тұрақты қызмет ететін органға айналды. Бұл актілер патша билігін шектей берді.

    • Шіркеудің кальвинистік реформациялауын аяқтау, епископатты жою туралы билль қабылдау және шіркеудің прсветериандық құрылымын заңдастыру.

    • Парламенттің құзыретін кеңейту. Осы уақытта патшаға берілген петицияларда парламентті кез-келген сұрақтарды талқылау құқықтарын беру, үкіметті парламенттік бақылауды енгізу сияқты мәселелер болды. Бұл талаптар «Қлы ремонстрация» атты актіде көрініс тапты. Ол патшаның қатаң наразылығын тудырды. Оған жауап ретінде Карл I парламенттен оппозиция басшыларын беруді талап етті. Палатаның қарсылығын алған патша өз қарсыластарын қамауға алуға тырысты. Осы уақытта Лондонның халқы патшаның қарсыластарына көмек көрсетіп, оларды қорғап қалды. 1642 ж. патша елдің солтүстігіне қашты, онда ол өзіне бағынатын феодалды шонжарлардың көмегіне сенді. Осылайша революцияның бірінші – «конституциялық» кезеңі аяқталды.

    1. Екінші кезең – бірінші азаматтық құқық (1642-1646 жж.). Бұл кезеңде соғысушы тараптардың: роялистер мен оппозицияның толық ажырауы жүзеге асты.Патшаны эконокалық дамуы артта қалған Аглияның феодалды солтүстігі мен батысы және ағылшын шіркеуі қолдады. Патша жақтастары «аттылар» деген атауға ие болды. Парламент үшін елдің экономикасы дамыған оңтүстік-шығыс аумақтары және орталық пен солтүстіктің экономикалық орталықтары тұрды. Бастапқыда патша әскерлері жеңістерге жетіп жүрді. Нашар қаруланған және ұйымдасуы әлсіз парламент әскері жеңілістерге ұшырады. Сонымен бірге, парламент әскерінің басшысы граф Эссекс патшаға қарсы іс-әрекеттерге мүдделі болмады.

    Бұл уақытта парламентте көпшілікті патша билігін аз шектеуді көздейтін пресвитериандар құрады. Олардың ойынша революция өз мақсатына жетті, сол себепті соғысты тоқтатып, олар үшін пайдалы жетістіктерді бекіту үшін патшамен бейбіт келісімге келу қажет деп санады. Пресвитериандарға қарсы индепенденттер шықты. Азаматтық соғыс кезінде олар ұсақ буржуазия мен халықтың қолдауына ие болды. Присвитериандардың басшысы көрнекті саяси қайраткер Оливер Кромвелль болды.

    Әскери сәтсіздіктер парламентті О.Кромвелль ұсынған әскерді қайта құру жоспарын қабылдауға мәжбүр етті. Қабылданған» Жаңа модель туралы акт» бойынша графтықтардың жасағы мен жалдамалы отрядтардың орнына тұрақты орталықтанған әскер құрылды. Бұл әскерде он полк атты әскер он екі полк жаяу әскер болуы тиіс еді. Офицерлік лауазымдар тумасына емес, мүмкіндігіне байланысты алмастырылды. Дворян-пресвитериандарды әскери қолбасшылықтан аластату үшін «Бас тарту» актісі қабылданды. Кромвельдің ұсынысымен қайта құрылған парламент әскері патша әскерлерін бернеше рет ойсырата жеңді. Ал 1645 ж. Несбиде болған бас шайқаста патша әскерін толығымен талқандады. 1646ж. Карл I Шотландияға қашты, алайда шотландықтар оны парламентке берді.



    1. Үшінші кезең – революцияның демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646-1649 жж.). Патшаны жеңгеннен кейін буржуазия мен жаңа дворяндардың саяси мақсаттары орындалды. Бірақ әскердің басым бөлігін құраған қала мен ауылдың плебейлік бөліктері бұл революция нәтижесінде ешқандай жетістіктерді иеленбеді. Себебі «аграрлы сұрақ» шешімін таппады. Буржуазия мен жаңа дворяндар патшаны жеңуін өз пайдасына, яғни, жерге қатысты жеке меншікті алуға қолданды. Осыдан ағылшын буржуазиялық революциясының консервативті, аяқталмаған сипаты көрінеді. Себебі буржуазия халықпен емес, дворяндармен одаққа тұрды.

    Нәтижесінде преввитериандық парламенттің Карл I таққа қайта отырғызу туралы құпия келіссөздері 1648 ж. екінші азаматтық соғысқа алып келді. Әскерді бақылауына алған О.Кромвелльдің қоластындағы индепенденттер парламенттегі присветериандарды жазалауға шешім шығарады. Кромвелль полковник Прайдқа парламентті присветериандардан тазалауды бұйырады. Осыдан кейін парламентте тек индепенденттер ғана қалды. Осы жылы лордтар палатасы таратылды. Осыдан кейін қауымдар палатасы өзін Англияның жоғарғы билігі деп жариялады және оның заңдары патша мен лордтардың келісімінсіз заңи күшке ие болатындығы да мәлімделді. 1649ж. Карл I сотқа тартылды, оған өлім жазасы тағайындалды. Патша өлтірілгеннен кейін Англияда монархиялық құрылыс жойылып, республика орнады.

    Индепенденттік республиканың (1649-1653 жж.) орнауы революцияның шыңы болды. Республикалық басқарудың билік органдары құрылды. Заңшығарушы билікті жүз адамнан тұратын бір палаталы Ұзақ парламент жүзеге асырды. Атқару билігі 41 адамнан тұратын Мемлекеттік кеңеске берілді. Оның мүшелерінің 31 парламент депутаттары болды. Көпшілігі әскердің басшылары болды. Республика шын мәнінде жаңа дворяндар мен буржуазияның мүддесіне қызмет еткен грандылардың әскери диктатурасының пердесі болды. Шаруалар мен кедей қала тұрғындары талап еткен заңдардың орнына буржуазияға қажетті заңдар қабылданды.

    Осы кезеңде Ұзақ парламент ұстанған аграрлы саясат үлкен наразылық туғызды. Ұзақ парламент жер иелерінің патшаға қатысты міндеттерін жойғанымен, олардың лендлордтарға қатыстыларын сақтап қалды. Басты жерлерді сату дворяндар мен буржуазия арасында жүзеге асырылды. Сонымен бірге елде діни және саяси бостандықтардың болмауы да халықтың қарсылығын өршіте түсті. 1649 ж. әскерде толқулар басталды. Солдаттар левеллерлер жасаған реформалардың жүзеге асырылуын талап етті. Кромвелль бұл толқуларды әрең дегенде дала соттары арқылы және қатар алдында атып тастау арқылы басты. Халық толқуларынан қорыққан көреген буржуазия өкілдері мен дворяндар әскери басшылыққа негізделе отырып мықты әскери диктатура – О.Кромвелль протекторатын (1653-1658 жж.) құруды ұсынды. 1653 ж. Кромвелль парламент пен Мемлекеттік кеңесті таратып жіберді. Осы жылы офицерлер кеңесі О.Кромвелльді лорд-протектор деп жариялады және жаңа конституция – «Басқару қаруын» жасады. Бұл құжатқа сәйкес толық билікті өмірбойлық лорд-протектор иеленді.

    Мемлекеттің барлық аумағы 11 әскери округқа бөлінді. Ондағы билік лорд-протекторға тікелей бағынатын генерал-майорларға берілді. Кромвелльдің билігі абсолютті монархтан да асып түсті. Кромвелль өзінің мұрагері етіп ұлы – Ричардты тағайындады. Оны офицерлер кеңесі тақтан тайдырды. Ал әскерде осы кезед екіге бөліну орын алды. Офицерлер кеңесінің қызметіне наразы әскерлер Шотландиядағы генерал Монканың жанына жиналды. Монка Лондады алды және офицерлер кеңесін таратты. 1660 ж. жиналған парламент елдегі патшалық билікті қалпына келтірді. Таққа өлтірілген патша Карл I ұлы Карл II отырды.

    Стюарттар әулетін қалпына келтіру буржуазия мен джентрилердің О.Кромвелльдің өлімінен кейін революция барысында жеткен жетістіктерін бекітуге деген ұмтылысымен түсіндіріледі. Ағылшын буржуазиясы мен феодалды дворяндардың одағы 1660 ж. Бред деклорациясында көрініс тапты. Онда Карл II монархияға қарсы күрескен барлық тұлғаларға кешірім жасауға, егер олар 40 күн ішінде өздерінің бағыныштылығын мойындаса, уәді етті. Соынмен бірге жаңа патша басқа да уәделер берді.

    Бірақ күшейген Карл II өз уәделерін орындамады. Ол ескі тәртіптерді қалпына келтіріп, революция жақтастарын қуғындай бастады. Бірінші кезекте ол әкесінің өлтірушілері Кромвелль, Айртон және Брэдшоуларды өлтірді. 1660 жылы шақырылған парламент 1661 ж. таратылды, оның орнына патша жақтастарынан құралған «аттылардың» парламенті құрылды. Ол 1679 ж. дейін билік етті. Оған сүйенген Карл II жеке дара билік жүргізді. Оның бұндай билік жүргізу әдістері мен нысандары үстем таптың ішінде оған қатысты наразылық туғызды.

    Осу уақытта патшаның жақтастарынан құрылған парламенттің өзінде екі топ қалыптасты. Олар болашақ саяси партиялардың түпнұсқалары болды деуге болады. Патшаның жақтастары «торилер» деп атала бастады. Олардың құрамына революция кезінде жерлерінен айырылған ескі поместьелі дворяндар, сарайдағы аристократия және англикандық шіркеу өкілдері кірді. Патшаның қарсыластарын – «вигилер» деп атады. Олар өзіне жақтастарды джентрилерден, көпестерден, ірі өнеркәсіптік буржуазиядан және белгілі аристократтардан жинады. Вигилер монархтың қасиетті жаратылуын, яғни, құдайшылығын жоққа шығарды және барлық дворяндардың мүдделерін қорғауды талап етті. Патша жақтастарынан тұрған Аттылардың парламентінің өзі Карл II деспоттық билігіне наразы болды. Парламенттің мемлекетті басқару ісінен шеттетілу мәселесі мазалады. Бұл кезде елдегі басты билік патша мен ол тағайындайтын мүшелерден тұратын Құпия кеңестің қлында болды.

    Нәтижесінде 1679 ж. парламентке болған сайлауда вигилер жеңіске жетті. Олар патшаның бассыздығын тию мақсатында 1679 ж. 26 мамырында «Хабеас корпус актіні» («Бағыныштының бостандығын тиімді қамтамасыз ету және теңіздің ар жағындағы жер аударудың алдын-алу туралы акт») қабылдады. Бұнда адамдарды заңсыз жазалауға деген тиым салу бекітілді. Жалпы алғанда «Хабеас корпус акт» Англияның демократиялық сот төрелігін жұзеге асыру қағидалары бар басты актілерінің бірі болып табылады. Ол қағидалар:



    • Кінәсіздік презкмпциясы қағидасы

    • Тиісті сот процедурасы қағидасы

    • Заңдылық қағидасы

    • Жариялы және әділ сот қағидасы

    • Сот талаптарын орындамағаны үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылық қағидасы

    1679 ж. мамырында шақырылған Вигилік парламент осы жылдың шілдесінде таратылды. Жаңа сайланған парламентте торилер көпшілікке ие болды. Осы кезеңде Карл II Француз патшасы Людовик XIV деген тәуелділігі арта түсті. Француз патшасынан қаржылай көмек алып тұрған Карл II торилік джентрилерге, әскер мен шіркеуге арқа сүйеп парламенттіп таратып 1681 жылдан 1688 жылға дейін жеке дара билік кезеңі орнатты. 1685 ж. Карл II өліп таққа оның інісі Яков II отырды. Оның профранциялық және прокатоликтік саясаты ашық наразылық туғызды. Жаңа патша католиктерді лауазымдарға тағайындай бастады. Нәтижесінде осылайша ол англикандық шіркеуді өзіне қарсы қойды және буржуазия да патшаға қарсы шықты. Бұл наразылық күннен-күнге өсе бастады. Нәтижесінде саяси қарсыластар торилер мен вигилер бірігіп, Яков II тақтан тайдыруға келісті. Осылайша жер аристократиясы мен сауда—өнеркәсіптік буржуазия арасында компромисс орын алды. Англияда «Даңқты революция» деген атауға ие болған сарайлық төңкеріс жүзеге асты. 1688 ж. парламент Яков II қызы Марияның күйеуі Нидерландының билеушісі Вильгельм Оранскийге Ағылшын тағына отыру туралы ұсыныс жасады. 1689 ж. Вильгельм III Оранский және Мария II деп таққа отырғызылды. «Даңқты революция» ғасырға соғылған парламент пен патша арасындағы қайшылықты аяқтады және Англиядағы конституциялық монархияны орнатты. Бұндай құрылыста саяси өмірде басты рөлді Парламент ойнайды, ал патша «патшалық құрады, бірақ билемейді».
    3-сұрақ:

    «Құқықтар туралы билль» (1689ж.) және «Құрылым туралы акт» (1701ж.). Англиядағы конституциялық монархиялық басқару режимінің дуалистік монархия нысанында заңи бекітілуі парламенттің екі актісінде жүзеге асты: «Құқықтар туралы биль» және «Құрылым туралы акт».

    «Құқықтар туралы биль» бірініші рет патша мен парламенттің арасындағы қарым-қатынасты заңи түрде бекітті. Англиядағы конституциялық монархиялық басқару режимі бірнеше қағидаларға негізделеді:



    1. Парламент билігінің патшадан заңшығару және қаржылық салалардағы жоғарылығы қағидасы;

    2. Билікті бөлу қағидасы оның дуалистік сипатында көрініс тапты. Парламент заңшығару билігін, ал патша мен оның министрлері атқарушылық билікті иемденді;

    «Құқықтар туралы бильде» патшаның заңнан жоғары тұратындығы жоққа шығарылып, ол заңға бағындырылды және азаматтардың түпкілікті және мызғымас құқықтарын бекітті.

    1694 ж. «Үшжылдық актіге» сәйкес парламент үш жылда бір реттен кем емес шақырылуы тиіс және оның қызмет мерзімі үш жылдан аз болмауы тиіс.



    1701 ж. қабылданған «Құрылым туралы акт» балалары жоқ Вильгельм III Оранский мен Мария II ден тақ билігінің неміс патшаларының әулеті Ганноверлерге өтуін реттеді. Актіде әрбір ағылшын патшасы англикандық дінді ұстануы тиіс екендігі айтылған. Сонымен бірге патшаның парламент келісімінсіз елден кетуге тиым салынды. Актіде патша билігі одан сайын шектелді. Сот саласында:

    • Патша парламент импичмент тәртібімен соттаған министрлерге рақымшылық жасай алмады;

    • Судьялардың ауыспайтындығы қағидасы.

    Атқарушылық билік саласында:

    • Атқарушылық биліктің барлық актілері үшін жауапты контрассигнация қағидасына сәйкес патшаның министрлері мойнына алды. Яғни, патшаның актілерінде патшаның қолынан басқа бұл акт үшін жауап беретін министрлердің қолы болуы тиіс.

    • Патшалық қызметте лауазым иелері болып отырған тұлғалар сонымен бірге парламент депутаттары бола алмады.

    Даңқты революциядан кейін Англияда орныққан мемлекеттік құрылысты дуалистік монархия деп анықтауға болады. Бұл конституциялық монархияның қарапайым дамымыған түрі болды. Бүнда патшаның билігі парламент уәкілеттіктерімен шектелгенмен, патшаның қолында біршама билік сақталады. Заңшығаруда - парламент шығарған барлық актілерге абсолютті вето құқығы және атқарушылық салада – үкіметті құрудың ерекше құқығы. Бұндай нысанда атқарушы биліктің тиімдігі төмен, себебі ол парламенттің қолдауына ие болмайды.

    Англиядағы конституциялық монархияның XVIII ғ. дамуы. XVIII ғ. Англия саяси жүйесінің дамуының басты бағыты дуалистік монархиядан парламенттік монархияға өтуінен көрініс тапты. Оның мәні Министрлер кабинетін парламенттің құруында және парламент алдындағы жауапкершілік орнатуында болды. Осы уақытта «Үкіметтің жауапкершілігі» қағидасы орнатылды. Ол бойынша ағылшын минстрлер кабинеті патшаға тәуелсіз атқарушы жоғарғы билік органы болып табылады. Оны парламентте көпшілік орынға ие болған саяси партияның басшысы құрады, ал өзі премьер-министр лауазымын иеленеді. Бұл үкімет парламенттік көпшілікке сүйенеді және параламент алдында жауапты болады. Осыған сәйкес Англия саяси жүйесіндегі орын алған тенденцияларды бөліп қарастыруға болады:

    • Министрлер кабинетінің патшадан бөлініп шығып, парламент алдында жауапты атқарушылық биліктің жоғарғы органына айналу тенденциясы. Осылайша патшаны заң шығарушылық биліктен айырған парламент, сонымен бірге, оны атқарушылық биліктен де аластата бастады. Осыған сәйкес келесідей ережелер қалыптасты: біріншіден, үкімет партиялық негізде құрылады; екіншіден, патша министрлер лауазымына қауымдар палатасының қолдауына ие болған тұлғаларды тағайындайды; үшіншіден, үкімет парламенттік көпшіліктің қолдауына ие болғанша билік басында болады, егер одан айырылса, не отставкаға кетеді немесе парламентті таратады. Бұл тенденция алғашқы гановерлік патшалар Георг I мен Георг II билік уақытында күшейді.

    • Парламенттің шексіз құзыретке ие ең жоғарғы билік органына айналу тенденциясы. Бұл вигилік аристократия мен буржуазияның монархты биліктен аластату бағыттарын көрсетті. Алайда бұл тенденциялар Георг III патшаның кезінде кедергілерге тап болды. Бұл уақытта патша белсенді билік жүргізе бастады, ол жер иеленуші депутаттарға сүйенді және өзіне қажетті дауыстарды сатып алып отырды, көптеген министрлерді өзі тағайындап отырды. Парламент Англияда абсолюттік монархияның қалпына келуін болдырмас үшін жаңа заңдар қабылдай бастады. Оларда келесідей ережелер бекітілді: біріншіден, парламентке үкіметпен қандай да бір шарттар немесе мердігерлігі бар тұлғалар сайланбайды; екіншіден, патша әкімшілігінде қызметте тұрған тұлғалар парламентке сайлану құқығынан айырылады; үшіншіден, депутаттардыс атып алуға жіберілуі мүмкін үкіметтің есепке кірмейтін қаржылық ресурстары азайтылды, төртіншіден, патша вето қою құқығын пайдалануын тоқтатты, бесіншіден, төменгі палата депутаттарының қызмет ету мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзартылды, алтыншыдан, парламент оытрыстары құпи түрде жабық өткізілетін болды, ал парламенттік құпияны ашқан тұлғалар жауапқа тартылды.

    Алайда бұл тенденциялар мемлекетте қалыптасқан жалпы жағдайды өзгерте алмады, себебі әлі де жер аристократиясының ықпалы зор болды. Бұл кезеңде парламент сайлауына пассивті қатысудың мүліктік цензі графтықтарда 600 фунт стерлинг жылына алынатын табыс, ал қалаларда 300 фунт стерлингті құрады. Яғни, 7,5 млн. халық тұратын Англияда 245 мың (160 мың графтықтарда және 85 мың қалаларда) адам ғана сайлау құқығына ие болды. Графтықтардағы сайлаушылар толығымен ленд-лордтарға тәуелді болды, қалалардағы сайлаушыларды да ленд-лордтар сатып алып отырды. Сонымен бірге жергілікті өкілдік органдар да ленд-лордтардың ықпалымен құрылды.

    1801 ж. Англияның мемлекеттік құрылым нысанында өзгерістер орын алды. Шотландия және Ирландиямен унияға қол қойғаннан кейін парламент өз билігін Британ аралдарының барлық аумағына таратты. Құрылған Ұлыбритания мен Ирландияның біріккен патшалығы унитарлы мемлекет болды. Оның құрамындағы төрт провинция: Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия ең жоғарғы автономияға ие болды.


    4-сұрақ:

    XIX ғ. сайлау реформалары. XIX ғ. Англиядағы парламенттік монархияның дамуындағы негізі қайшылық өнеркәсіптік буржуазияның экономикалық қуатының өсуі мен жер аристократиясының парламенттік олигархиясының арасындағы қаышылық болды. XVIII ғ. 60-80 жж. орын алған өнеркәсіптік төңкеріс, яғни, мануфактурадан машиналармен жабдықталған фабрикаларға ауысуы нәтижесінде өнеркәсіптік буржуазия экономикалыө қуатын арттыра түсті. Бұл процес Англияның қоғамдық құрылымына өзгерістер енгізді. Қалаларда негізгі таптар болып өнеркәсіптік буржуазия мен пролетариат қалыптасты, ал ауылда ленд-лордтардан жерді арендаға алған капиталистік фермерлер мен батрактар таптары қалыптасты. Елдегі саяси жүйе жаңа қалыптасқан таптардың мүдделеріне сәйкес болмады. Осы уақытта өнеркәсіптік және ауылдық буржуазия саяси билікті жер аристократиясынан алып үлестіруді мақсат етті. Олардың басты міндеті парламенттің төменгі палатасы – қауымдар палатасындағы жағдайды өз қолдарына алу болды. Бұл міндеттің орындалуына жер аристократиясының мүдделерін қорғайтын сайлау жүйесі кедергі жасады. Тек сайлау жүйесін реформалау ғана буржуазияның парламентте өз өкілеттігін кеңейтуге мүмкіндік бере алды.

    Бұл кезеңдегі сайлау жүйесі жер магнаттарының мүдделеріне сәйкес болатын. Сайлау округтері бір-бірімен тең болмады, депутаттық корпусты негізінен ірі қалалар емес, сайлау артықшылықтары бар ұсақ ауылдар мен қалалар қалыптастырды. Қауымдар палатасының 658 депутатының 476 ұсақ қалалар мен ауылдар, басқаша айтқанда «шіріген жерлер» сайлады. 14 млн. халқы бар Англия мен Уэльсте тек 300 мың адам ғана сайлау құқығына ие болды, олардың 15 мыңы депутаттардың көпшілігін сайлады. 500 мың халқы бар Лондоннан сайланатын депутаттардың саны кішкентай гарфтық шығаратын депутаттардың санымен тең болды. Қорытындыласақ, буржуазия және ауыл арендаторлары мен батрактар парламентке өз өкілдерін жібере алмады. Халықтың басым көпшілігінің қолдауына ие болған буржуазия вигилерді де өз жағына шығарды. Бірақ вигилер ұсынған реформаларды лордтар палатасы кері қайтарып отырды. Нәтижесінде барлық ел аумағында жұмысшылар мен шаруалардың қозғалыстары мен толқулары орын алды. Сонымен бірге Францияда болған революция жағдайды ушықтырып жіберді. Англия жаңа революцияның табалдырығында тұрды. Бұны түсінген торилердің үкіметі кейбір жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды.



    1832 ж. «Англия мен Уэльстегі халықтық өкілдікті жақсарту туралы акт» қабылданды. Оған сәйкес:

    1. Сайлау географиясы өзгертілді, яғни, сайлау округтері халқының санына бйланысты қайта қаралды.

    2. Жаңа сайлау цензі енгізілді. Нәтижесінде сайлаушылардың саны Англияда 247 мыңнан 376 мыңға дейін көтерілді.

    Сайлаудың бұл реформасы буржуазияның жер аристократиясы алдындағы саяси жеңісін көрсетті. Алайда бұл реформа аяқталмаған сиптатқа ие болды. Себебі саны көп ұсақ буржуазия, пролетариат пен ауыл батрактары парламентте өкілдікке ие болмады. 1832 ж. сайлау реформасының салдары:

      • Қауымдар палатасының лордтар апалатасы алдындағы басымдығы орнады;

      • Патша мен лордтар палатасы әртүрлі кішігірім қалалар мен ауылдар арқылы қауымдар палатасының құрамына әсер ету мүмкіндігінен айырылды;

      • Үкіметтің жауапкершілік қағидасы толығымен орнады;

      • Партиялардың институциялизациясы процесі орын алды және екіпартиялы жүйе қалыптасты;

    1867 ж. сайлау реформалары Англияның өнеркәсіптік пролетариаты мен либералды буржуазиясының мүдделерінің сәйкес келуінің нәтижесінде жүзеге асты. Жұмысшылар өз мақсаттарын митингілер, демонстрациялар ұйымдастыру және парламентке петициялар беру арқылы іске асырмақ болды. Бұл петициялар «халықтық хартиялар» деп атала бастады, ал бұл қозғалыстың жақтастарын чартистер деп атады. 1838 ж. Лондонда құрылған жұмысшылардың ассоцияциясы Халықтық хартия туралы бірінші петицияны жасап парламентке берді. Оған 1 млн. 280 мың ағылшын қол қойды. Ол 6 талаптан тұрды:

        1. 21 жасқа жеткен және бір жерде 6 ай тұрақты тұратын барлық ер азаматтарға тең құқылы сайлау құқығын беру;

        2. парламент депутаттарына үміткерлерге қатысты мүліктік цензді жою;

        3. сайлау округтарын теңестіру және өкілдіктерді теңестіру;

        4. парламентке жыл сайын сайлау жүргізу;

        5. дауыс берудің құпия болуы.

    Парламент бұл петицияны қабылдаудан бас тартты, осыдан кейін ұйымдастырылған митингілерді полиция аямай жаныштады.

    Чартистер 1842 ж. Екінші петицияны берді. Оған 3 млн. 315 мың адам қол қойды. Бірақ парламент бұл петицияны да қабылдамай тастады. Елде чартистерді қудалау басталды.

    Англия халқының 5 млн. қол қойған үшінші петиция парламентке 1848 ж. берілді. Билік басындағылар бұл петицияны да қабылдамай тастады, ал жаппай қуғын-сүргін чартистік қозғалысты мүлде жойып жіберді. Алайда Англияның билеуші топтары өсіп келе жатқан жұмысшы қозғалысын өз күшімен баса алмайтындығын түсынып, бұл күресті одақтас іздей бастады. Осындай одақтасты жұмысшылардың аристократиясы – маманданған және жоғары жалақылы жұмысшылардан тапты. Оларды пролетариатпен күрес барысында қолданды.

    Нәтижесінде 1867 ж. сайлау реформасы туралы билль қабылданды. Оған сәйкес:


    • парламенттегі орындар қайта үлестірілді

    • сайлау цензі төмендетілді.

    Оның кемшілікт ері:

    • сайлау округтерінің теңсіздігінің сақталуы;

    • жұмысшы таптың басым бөлігінің сайлау құқығынсыз қалуы;

    • әйел адамдардың сайлау құқығының болмауы;

    • ашық дауыс беру процедурасының сақталуы.

    1867 ж. сайлау реформалары өнеркәсіптік және сауда буржуазиясымен бірге жұмысшылардың аристократиясы да сайлау құқығына ие болды. Сайлаушылардың саны 1млн. адамға дейін артты. Бірақ пролетариат пен батрактар бұл реформадан тыс қалды.

    1884-1885 жж. болған үшінші сайлау реформасы келесі мәселелерді шешу үшін қажет болды:



    1. Түрлі округтардағы мандаттар мен халық санының сәйкес келмеуін жою;

    2. Бір сайлаушының қозғалмайтын мүліктері бар жерлерде қайталап дауыс беруіне тосқауыл қою;

    3. дауыс беру құқығын «жаңа» сайлаушыларға беру.

    Бұл кезде сайлаушылардың саны 5 млн. адамға жетті. Осы реформаға сәйкес сайлау округтерінің теңдігі қамтамасыз етілді. Ауылда және қалаларда жаңа сайлау округтері қалыптасты. 15-50 мың халқы бар округтер – 1 депутат, 50-65 мың халқы бар округ – 2 депутат, ал халқының саны 65 мыңнан асатын округтар 3 депутат сайлайтын болды. Сайлаудың қатысты көпшіліктің мажоритарлы жүйесі енгізілді. Яғни, округте сайлауға қатысқан үш депутаттын ең көп дауыс жинағаны депутат болып сайланды. Осымен бірге, парламент депутаттарының мерзімі 7 жыл деп бекітілді.

    Жоғарыда айтқан сайлау реформаларының нәтижесінде Англияның ересек халқының 5/6 сайлау құқығын алды. Әрине, кейбір мәселелер әлі де шешімін таппады.

    Бұл кезеңде тұрақты саяси партиялар ретінде қалыптасқан Виги партиясы Либералды деп, ал Тори партиясы Консирвативті деп атауын өзгертті. Либералды партия өнеркәсіптік буржуазияның саяси ұйымына айналды, ал Консервативті партия қаржы аристократиясы мен ірі жер иеленушілердің мұддесін қорғайтын болды.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет