Шетел тілдері факультеті Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар



бет7/8
Дата25.08.2017
өлшемі2,49 Mb.
#26082
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Он бірінші дәріс Лексикография

Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөзддіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лесикографиялық жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әр түрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді.

Лексикография теориясы әр түрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұтғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады. Сөздіктерді жасау жұмысынды, олардың сапасын арттыруда лексикография теориясының маңызы айрықша.

Сөздіктерде сөздерге әр түрлі жақтан сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографиялық жұмысқа тіл білімінің әр түрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеологияның), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатысы келіп туады.

Сөздіктердің тіл - тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктержасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1. Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері (современные словари) деп аталады.

2.Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік (полный словарь) деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік (неполный словарь) деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктерді де (мысалы, терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т. б.) жатқызуға болады.


  1. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы - бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі - екі тілдік немесе көп тілдік аудапрма сөздіктер.

  2. Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрселілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет - ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі (понятийный словарь).

Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.

I. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік

II. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.

III. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.

IV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.

Енді лингвистмкалық сөздіктердің әрқайсысына арнайы тоқталайық.


11.1 Түсіндірме сөздік

Түсіндірме сөздік қазіргі әдеби тілдегі жиі және жалпылама қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағынасын талдап, түсіндіруді мақсат етеді.

Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі.

Сөздікке еңгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылады. Егер сөз белгілі бір стильге тән болса, оған стилистикалық мінездеме беріліп, тиісті белгі қойылады. М., зат. (зат есім), сын. (сын есім), үс. (үстеу) және т. б., одан кейін ол сөзге анықтама беріледі, анықталғаннан кейін сол сөздің мағынасын ашатындай әдебиеттен мысалдар, цитаталар беріледі, оны сөздік мақала (словарная статья) дейді.

“Қазақ тілінде түсіндірме сөздіктің” І томы 1959 жылы, ал ІІ томы 1961 жылы жарыққа шықты. Сөздіктің жалпы редакциясын басқарған І. Кеңесбаев “Кіріспе” мақаласында былай дейді: “Сөздік қазіргі қазақ әдеби тілінің сөздігі қорындағы барлық сөзді, сөздік құрамындағы жиі қолданылатын сөздің денін қамтып, жеке сөздердің мәнін, сырын, сипатын ашу, мағынасына түсініктеме беруді мақсат етеді. ”

Бұл сөздер қазақ тілінде түсіндірме сөздікті жасаудың ең алғашқы тәжірибесі болғандықтан, кемшіліксіз де емес. Полисемантизм, омоним сөздерді шатастырушылық, сөздердің стильдік - мінездерін аңғартарлық белгілердің аз болуы, басқа тілден кірген сөздердің қай тілден алынғаны көрсетілмеуі сияқты кемшін жақтары бар.


11.2 Диалектологиялық сөздік

Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, олардың сөздігін құрастырудың және оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әр түрлі ерекшеліктерді салыстыру тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі.

Қазақ тілінде «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика)» деген атпен 1965 жылы жергілікті диалект сөздердің жинағы шықты.

Ж. Досқараевтің диалектологиялық сөздік түрінде жазылған жоғарыда аталған еңбегінен бінеше мысал:

«Далан. Сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме: балалар даланда отыр (балалар сенекте отыр). Далан кішкене болғандықтан кейбір нәрсе үйде тұрады (Кег. АЛОМ). Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан ауыз үй, алдыңғы бөлме (Киргизско - русский словарь, 1940); түрікменше далан - үй алды (веранда, баллон) (Туркменско - русский словарь, 1940) және т. б.»

«Мият. Болысу, біреудің сөзін сөйлеу, жақтау; сен оған мият болма; миятшылық істеме. «Мият, мияттың түбі ұят» (Шу ШҚОМ). Мият сөзі қырғыз тілінде де көрсетілген мағынада қолданылады (Киргизско - русский словарь, 1940). Бұл сөз (мият) оңтүстіктегі халықтың сөйлеу тілінде бірнеше сөз тіркесінде қолданылады: мият болу, мият болып бірігу, миятка шақыру т. б.»

Сөздіктегі шартты түрде қысқартылып алынған сөздерге түсінік:

Кег. АЛОМ. - Кеген, Алматы отрядінің материалы.

Шу. ШҚОМ. - Шу, Шу - Қараал отрядінің материалы.
11.3 Этимологиялық сөздік

Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқыдап көрсетуді мақсат етеді. Этимологиялық сөздік тілдің даму барысында ондағы сөздердің семантикалық жақтан қандай өзгеріске түскендігін айқындайды.

Этимологиялық сөздік жасау - өте - мөте күрделі және қиын жұмыс. Оны жасау туыстас тілдердің лексикасына тарихи тұрғыдан келіп терең бойлауды және салыстыра зерттеуді қажет етеді.

Тілдің лексикасының тарихы сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, ол халықтың кәсібі, күн көрісі, шаруашылығымен тығыз байланыста болады. Мұның өзі этимологиялық сөздікті жасаушылардан халықтардың ежелгі тарихын, олардың күллі материалдық - рухани мәдениетінің тарихын жете білуді талап етеді. Демек, этимологиялық сөздік жасау жұмысы - білім салаларының өз ара ұштасуын қажет ететін өте күрделі жұмыс.

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі тұңғыш рет 1966 жылы жарық көрді. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі орыс тілінің сөздігіндей сөздердің шығу тегі, алғашқы мағынасы қандай болды деген түрде келмей, әдеби тілде жиі қолданылатын, бірақ мағынасы күңгірттеніп кеткен жеке сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, реестрге алынып, одан кейін іле - шала көркем әдебиеттен немесе ауыз әдебиеті шығармаларынан мысалдар келтіріліп, көпшілікке түсініксіз болғанда ғана немесе оның тарихын алуға қажет болған жағдайда ғана сол сөздердің түсіндірмесі берілген.
11.4 Фразеологиялық сөздіктер

Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.

«Орыс тілінің фразеологиялық сөздігі» (ред. бас. А. И. Молотков) 1967жылы жарық көрді. Бұл сөздікте орыс тіліндегі төрт мыңнан астам фразеологиялық оралымдар қамтылып, олардың мағыналары талданған және айқындайтындай әдебиеттен мысал берілген. Мақала былайша құрастырылған:

Воспрянуть (восстать) ото сна. Выйти из состояния апатии, подавленности, застоя, оживиться, пробудиться. Товарищ, верь: взайдет она, Звезда пленительного счастья; Россия вспрянет ото сна, И на обломках самовластья Напишут наши имена. Пушкин, К. Чаадаеву.

Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады.

Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме сөздіктерде де қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мәтелдерді өте - мөте қамтыған сөздік - В. И. Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі.

Орыс тілі мен қазақ тілінде және т. б. Тілдерде қанатты сөздердің жинақтары бар. «Қазақтың қанатты сөздерді» атты жинақта (авторы - Н. Төреқұлов) фразеологиялық оралымдарды бір түрі - қанатты сөздерге талдау жасалып, төмендегі түрде түсіндіріледі:

«Шықбермес Шығайбай.

Қазақ ертерек, аңыздарында Шықбермес Шығайтай аты аталады. Бұл - өз құлқынынан басқаны ойламайтын, ешкімге еш нәрсесін бермейтін, ауысып - түйіспейтін нағыз барып тұрған сараңдардың бейнесін көрсететін жинақты ат.

Ел арасында кездесетін осы сияқты сараңдарды қазақ «нағыз Шықбермес екен» деп Шығайбай атына байланыстыра айтады.»

Сонымен, әр түрлі фразеологиялық сөздіктер мен жинақтарда фразеологиялық оралымдар мен олардың түрлері талданып түсіндіріледі.


11.5 Терминологиялық сөздіктер

Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың т. б. Сан алуан салаларына қетысты терминдерді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп беруді мақсат етеді.

Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің барлығында да ғылым мен техниканың түрлі салаларынан көптеген терминологиялық сөздіктер жасалды.

Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың, физика, математика, биология, медицина, география, геология және ауыл шаруашылығы ғылымдарының әрқайсысының терминдерін қамтыған өз алдына бөлек - бөлек бірнеше терминологиялық сөздіктер жасалды.

Терминологиялық сөздіктер бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Бір тілде жасалған терминологиялық сөздіктерде терминнің білдіретін ұғымына талдау жасалып, түсінік беріледі. Осындай сөздіктің бірі - О. С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігі» (М., 1966) деп аталатын еңбегі.

Түркі тілдеріндегі терминологиялық сөздіктердің көпшілігі екі тілді аударма терминологиялық сөздік түрінде жасалып жүр. Оларда орыс тілінде қолданылып жүрген терминдердің аударылып отырған тілде баламасы барлары аударылып берілген де, баламасы жоқтары және интернационалдық терминдер орыс тіліндегі қалпына аударылмай берілген.




    1. Энциклопедиялық сөздіктер

Энциклопедия лингвистикалық сөздіктер тобына жатпайды. Тілімізде, мәдени өмірімізде, энциклопедиялық сөздіктің шығуы халқымыздың білімінің, мәдениетінің өскендігін көрсетеді.

Қазақ халқының тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 1972 жылдан бастап шыға бастады.

Қазақ Совет Энциклопедиясы - барлық өмір салаларынан білім беретін сан алуан ғылымның анықтама жиынтығы. Онда республикамыздың халық шаруашылығы, ғылымы, мәдениеті т. б. саладағы бүгінгі табыстары, ертеңгі келешегі, сонымен бірге республиканың табиғат байлығынан, ұлттық ерекшеліктерінен, халықаралық жетістіктерінен мағлұмат береді.

Лексикографиялық жұмыстар жүргізу үшін лексикографияның теориясы мен практикасын жете білу қажет. Мұнымен бірге, лексикографиялық жұмыс лексикографтардан лексикологияны, оның семасиология, фразеология, этимология атты салаларын жете білуді қажет етеді. Лексикографиялық жұмыс жүргізу үшін стилистика мен грамматика мәселелерін де жете меңгере білу қажет.




Он екінші дәріс Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты
Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы заң» баспасөзде 1997 ж., 11-шілдеде жарияланды. Бұл Тіл туралы 2-ші заң, ал алғашқысы 1989 ж. ҚазССР халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінде қабылданған болатын.

Жаңа Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикамызда қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Осы Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады. Әрбір баптың негізгі қағидасы оның тақырыбында берілген.


1-тарау. Жалпы ережелер
1-бапта осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар берілген

Диаспора - өзінің тарихи Отанынан, тегінен шығу, тысқары елде тұратын этникалық қауымдастық;

Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін бөлімі (собственные имена);

Орфография – дұрыс жазу ережесі, сөйлеген сөздің жазбаша бірізділігін белгілейтін ережелер жүйесін зерттейді (передача речи на письме);

Топонимика – ономастиканың географиялық объектілерінің, нысандарының атауларын зерттейтін бөлімі;

Транслитерация – бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе - әріп арқылы беру (побуквенная передача);

2-бап. Осы Заңның реттейтін мәселесі, тақырыбы

Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар- осы заң реттейтін мәселесі.



3-бап. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және де осы мәселеге байланысты өзге нормативтік құқықтық актілерден тұрады.



4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын тіл.

5-бап. Орыс тілін қолдану

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде (официально) қазақ тілімен тең қолданылады.



6-бап. Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы

Мемлекет республика халқының тілдерін оқып – үйрену, қолдану мен дамыту үшін тиісті жағдай және қамқорлық жасайды.



7-бап. Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу

Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді (не допускается ущемление прав граждан по языковому признаку).


2-тарау. Тіл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен

жергілікті өзін - өзі басқару органдарында
8-бап. Тілдердің қолданылуы

Осы тарауда көрсетілген ұйымдар мен органдардың жұмыс және іс – қағаздарын (делопроизводство) жүргізу тілі – мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі (ресми түрде) қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және басқа да тілдер қолданылады.

9-14 баптар

Бұл баптарда мемлекеттік тіл мен орыс тілі қолданылатын қоғамдық қатынастар салалары көрсетілген:



  1. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі;

  2. Құжаттама жүргізу тілі;

  3. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі;

  4. Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл;

  5. Сот – ісін жүргізу тілі;

  6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу тілі;

15-бап. Мәмілелер (сделки) тілі

Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың (физические и юридические лица) жазбаша мәмілелері қазақ және орыс тілдерінде беріледі (қажет болғанда басқа тілдердегі аудармасымен қоса). Шетел мәмілелерінде мемлекеттік тілде және тараптар (стороны) таңдаған бір шетел тілінде.


3-тарау. Тіл – елді-мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі

(визуальная) ақпаратта
19-21 баптар

Елді – мекендердің, сондай-ақ, басқа да физика – географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қазақша аттары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс.

Мемлекеттік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі.

Кісі есімі, әкесінің есімі және тегі республика заңдарына сәйкес жазылады.

Мемлекеттік органдарының, барлық ұйымдардың мөрлері, мөртабан (штамп) мәтіндері, барлық көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады.

Барлық бланкілер, маңдайшалар, прейскуранттар, жарнамалар, тауарлық этикеткалар, нұсқаулықтар (инструкции) мемлекеттік және орыс тілінде жазылады.

Көрнекі ақпарат мәтіндерінің жазылу / іліну реті: сол немесе жоғарғы жағында – мемлекеттік тілде, оң немесе төменгі жағында – орыс тілінде болады.

Көрнекі ақпарат басқа да тілдерде болуы мүмкін, бірақ олар аударма түрінде қосымша беріледі.



22-бап

Почта – телеграф жөнелтілімдерінің тілі – мемлекеттік және орыс тілдері (халықаралық ережелерге сәйкес).


5-тарау. Тілді құқықтық қорғау

Тілді құқықтық қорғау мемлекетімізде қамтамасыз етіледі. Тіл Заңын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Жер – жерде осы Заңның орындалуын ұйымдастыру, қадағалау үшін уәкілетті (уполномоченный) органдар құрылады. Ал, кадрлармен, қаржымен, материалды – техникалық және оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету үкіметке және де мемлекеттік органдарға жүктеледі.
6-тарау. Тілді шет елдермен және халықаралық ұйымдармен

қатынастарда пайдалану

27-бап. Тіл халықаралық қызметте

Халықаралық қызметте мемлекеттік тіл қолданылады. Қажет болған жағдайда басқа да тілдер қолданылады.

Халықаралық шарттар мен келісімдер мемлекеттік және шетел тілдерінде жасалады.

Ресми қабылдаулар мен басқа да шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі, олар шет тілдеріне аударылып отырады (орыс тілін көрсеткен, ерекшелеген бап та, жекелеген сөз де жоқ).



Оқу материалын қайталауға арналған сұрақтар

  1. Фонетика тіл білімінің қандай саласы?

  2. Дыбыстардың функциясы-

  3. Адамдардың негізгі байланыс құралы-

  4. Жай немесе құрмалас сөйлемдерден тұратын конструкция-

  5. Эстон тілі қандай тілдерге жатады (генеалогиялық тұрғыдан)?

  6. Аморфты-агглютинативтік тілдерге қандай тілдер жатады?

  7. Тілді зерттеудің математикалық әдістерімен айналысатын лингвистиканың саласы-

  8. Қазан тіл білімі мектебінің негізін қалаушы кім?

  9. Қазақстанда ағылшын тілі қандай тілдерге жатады?

  10. Ту, елтаңба қандай таңбаларға жатады?

  11. Белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу қалай аталады?

  12. Тілдің қандай функциясы танымды білдіреді?

  13. Синтаксис тіл білімінің қандай саласы?

  14. Сөздердің функциясы-

  15. Дыбыстау арқылы немесе жазбаша түрде қандай да бір ойды баяндау-

  16. Белгілі бір мағынаны/ұғымды беретін тілдің негізгі бірлігі-

  17. Португаль тілі қандай тілдерге жатады (генеалогиялық тұрғыдан)?

  18. Полисинтетикалық/инкорпоративті тілдерге қандай тілдер жатады?

  19. Тілді мәдениетпен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты/саласы-

  20. Ресейдің тюрколог-ғалымының атын айтыңыз.

  21. Ќазаќстанда µзбек тілі ќандай тілдерге жатады?

  22. Тіл қандай таңбаларға жатады?

  23. Сөйлеуде не тексте жүйелі орналасқан тіл бірліктерінің арасында пайда болатын қатынастар-

  24. Тілдің қандай функциясы қаратпа, көңіл аудару қызметін атқарады?

  25. Морфология тіл білімінің қандай саласы?

  26. Морфемалардыњ функциясы-

  27. Тілдердіњ бір-біріне ќатынасы/байланысы-

  28. Коммуникативті функция атќаратын тілдік бірлік-

  29. Аѓылшын тілі қандай тілдерге жатады (генеалогиялық тұрғыдан)?

  30. Агглютинативтік тілдерге қандай тілдер жатады (генеалогиялық тұрғыдан)?

  31. Тілді ќоѓаммен байланыстыраѓан лингвистиканыњ саласы-

  32. Фонема теориясыныњ негізін ќалаушы ѓалым кім?

  33. Қазақстанда орыс тілі қандай тілдерге жатады?

  34. Сирена, гудок, ќоњырау арќылы берілетін белгілер ќандай тањбалар?

  35. Тілдің қандай функциясы кµркемдікті, єсемдікті тану, ќабылдауѓа єсерін тигізеді?

  36. Флективтік тілдерге қандай тілдер жатады (генеалогиялық тұрғыдан)?

  37. Ќырѓыз тілі қандай тілдерге жатады (генеалогиялық тұрғыдан)

  38. Лексикология тіл білімінің қандай саласы?

  39. Сµйлемдердіњ функциясы-

  40. Сµйлеу ‰шін пайдалынатын адамныњ м‰шелері-

  41. Маѓына ажырататын ењ кіші дыбыстыќ тілдік бірлік-

  42. Тілдердін жер шарында таралуымен айналысатын лингвистиканыњ саласы қалай аталады?

  43. Тілдің қандай функциясы адамдардыњ ќарым-ќатынасын, пікір алмасуын білдіреді?

  44. Тіл ж‰йесініњ тарихи дамуын зерттейтін тіл білімі аспектысы?

  45. Жол ќатынастарын белгілейтін тањбалар ќандай тањбалар?

  46. Қазақстанда ќазаќ тілі ќандай тілдерге жатады?

  47. Атаќты француз лингвист-ѓалымын атаңыз (19-ғ.)

  48. Ењ кіші лексика-семантикалыќ бірлік-

  49. Грамматика тілдің қандай саласы?

  50. Тілді ќарым-ќатынас ќ±рал ретінде жекелеген адамдардыњ ќолдануы қалай аталады?

  51. Тілде қалыпты көрінісі бар сөздердің, тұлғалардың, синтаксистік құрылымдардың тілдік мағынасы не?

  52. Грамматикалық мағына өзінің қалыпты көрінісін табатын тілдік белгі не?

  53. Грамматикалық мағыналарды білдірудің жолы не деп аталады?

  54. Бірыңғай грамматикалық мағынаға ие болатын, бір- біріне қарама- қарсы қойылған грамматикалық тұлғалардың бірлігі, жиынтығы не ?

  55. Белгілі бір сөз табына жататын, ортақ белгісі бар грамматикалық тұлғалардың жиынтығы не?

  56. «Балалар» сөзтұлғасы көптік грамматикалық мағынаны білдіретін қандай грамматикалық тәсілмен жасалған?

  57. « Бүгін- ертең» сөзтұлғасы болжалды грамматикалық мағынаны білдіретін қандай грамматикалық тәсілмен жасалған?

  58. « Оқу үшін келдім» сөйлеміндегі сөз тіркесі қандай грамматикалық тәсіл арқылы берілген?

  59. « Мен- маған» мысалындағы барыс септігі қандай грамматикалық тәсілмен берілген?

  60. Орыс тіліндегі видтік мағынаны білдіретін мына етістіктер «оправдать-оправдывать» қандай грамматикалық тәсілмен жасалған ?

  61. « Әні қандай?» сұраулы сөйлем « Әні қандай!» лепті сөйлемнен қандай грамматикалық тәсілмен ажыратылады ?

  62. Орыс тіліндегі «руки» және « руки» сөздері қандай грамматикалық тәсіл арқылы ажыратылады ?

  63. «Жерге түскен қар» және « Қар түскен жерге» сөз тіркестері қандай грамматикалық тәсіл арқылы ажыратылады ?

  64. «Өте жақсы» тіркесіндегі үстеудің күшейтпелі шырайы қандай грамматикалық тәсілмен берілген ?

  65. «Не сен, не ол» тіркесіндегі талғау мәні қандай грамматикалық тәсілмен берілген?

  66. « Махаббат» атауы қай қатынасқа жатады?

  67. « Көңілімнің санасы» тіркесі қай қатынасқа жатады?

  68. « Интеграл» сөзі қай қатынасқа жатады?

  69. «Жарық», « нұр» ,« сәуле» сөздері қай қатынасқа жатады?

  70. Тура мағынаны білдіретін сөздерді ата.

  71. Ономастика дегеніміз не?

  72. Орфография дегеніміз не?

  73. Транслитерация дегеніміз не?

  74. Транскрипция дегеніміз не?

  75. Топонимика дегеніміз не?

  76. Жиі кездесетін морфемалар-

  77. «Беймезгіл» сөзіндегі префикс қай морфемаға жатады?

  78. Сөздердің өзара қарым- қатынасына негізделген сөздер-

  79. Белгілі жазу тәсілдерінің жиынтығы-

  80. Грамматикалық мағыналарды білдірудің жолы-

  81. Мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестігі-

  82. Қазақстанда өзбек тілі қай тілге жатады?

  83. Белгілі бір ұғымды білдіретін немесе жалпылама қолданылатын сөздер-

  84. Аффикстер құрамына қарай қандай морфемаларға бөлінеді?

  85. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» неше баптан тұрады?

  86. Морфологиялық қатынастарды білдіретін тәсілдерге не жатады?

  87. Синтаксистік қатынастарды білдіретін тәсілдерге не жатады?

  88. Морфологиялық қатынастарды білдіретін тәсілдерге мысал келтіріңіз.

  89. Грамматикалық тєсілге жатпайды (мысал келтіріңіз).

  90. Қай нұсқа аффиксация тәсіліне мысал бола алады?

  91. Сөз түбірінде дыбыстардың алмасуы грамматикалық мағынаның қай тәсіліне жатады ?

  92. «Собирать- собрать», «день- дня» сөздері грамматикалық мағынаның қай синтетикалық тәсіліне жатады ?

  93. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-

  94. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заң» (1- ші заң) қай жылы жарияланды ?

  95. «Синий- синий» және «еле- еле» сөздері грамматикалық мағынаның қай синтетикалық тәсіліне мысал бола алады ?

  96. Қазақстанда ағылшын тілі қай тілге жатады ?

  97. Белгілі мағынаны, ұғымды білдіретін тілдің негізгі бірлігі-

  98. Абстракты мағынаға ие сөзгеі мысал келтір.

  99. «Пень- пня» нұсқасы грамматикалық мағынаны білдірудің қай тәсіліне жатады ?

  100. Морфеманың міндетті қатысуы-


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет