Вербалды қатысымның жаңа ракурстарын объективтік түрде белгілейтін, осы құбылыстың сан қырлылығын ашып көрсететін, сонымен бірге «шетел тілін оқыту әдістемесінің» ғылым ретінде алдыға қойған міндеттерін жоғары деңгейге алып шыгатын салааралық ғылыми мәліметтерді талдау маңызды орынға шықты. Шетел тілін оқытудың мақсат-міндеттерін вербалды қарым-қатынасты қалыптастыруды кейінгі нәтижиелерде ескере отырып қамтамасыз ету үшін келесі мәселелерді әдістемелік тұрғыдан шешу қажеттігі туындайды:
Бірінші мәселелер жиынтығын вербалды қарым-қатынастың функционалды-мазмұндык кұрылымы кұрайды:
тілдік карым-қатынастың функционалды аспектісін анықтау мәселесі қатысымды объективтік әлеуметтік үрдіс ретінде қарауды қажет етеді, ол осы үрдіс ауқымында тілдік және вербалдык карым-катынастың негізгі функцияларын жүзеге асыруды максат тұтады. Соған сәйкес;
адамдардың тілдік қарым-қатынас әрекеті ақпарат алу, оны сақтай білу, ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ететін функционалды жүйе ретінде ұғындырылатын вербалды қатысымның функционалды аспектін анықтау қажет болды;
«функция» ұғымын, оның «қандай мақсатқа арналғандығын» анықтауды қажет етеді, ол вербалды қатысым функциясын адамның қоғамда өмір сүру әрекетінің әдістері ретінде қабылдауды, ягни вербалдық қатысымның әлеуметтік мақсатқа бағытталғандығын алдыңғы қатарға шығарады:
вербалды қатысымның әлеуметтік және қоғамдық сипатын зерттеу, оны жүзеге асыруды қоғамдық қарым-қатынасты әрекеттің белгілі бір формасы ретінде басты назарға алу, қоғаммен әлеуметтануды зерттеудің қажеттігін көрсетеді;
біріккен әрекетті ұйымдастыруда тілдік айтылым функцияларын зерттеу вербалды қарым-қатынасты зерттеуді лингвистикалық талқылаудың тар шеңберінен алып шығады;
сөз бен әрекеттің генетикалық және функционалды байланыс деңгейін, адамның жоғары психикалық қызметі болып табылатын тілдік және қатысымдық қабілетін қалыптастыратын сөз әрекеті түрлері мен соз тудыру әрекетінің мәселелерін зерттеу тілдік қарым-қатынастың психологиялық теориясын көрсететін психологиядағы талдауда әдіснамалық кестенің
бар екенін дәлелдейді;
вербалды қатысымның табиғатын тілдік қарым-қатынас ретінде ескеру, тілдік қарым-қатынас актісінің құрылымын, оның құрылымдық және процессуалдық жағын түсіну қажеттігі туындайды, ол тілдік қарым-қатынасты зерттеуді үлгілеудің пайда болуына, ақпараттың жалпы теориясы шеңберінде әдістемелік кесте мен түрлі үлгілердің пайда болуына алып келді;
тілдік қарым-қатынастың пайда болған үлгілерінде тілдік қатысымның теориясына (Л. Блумфильд, Б.Скиннер, Н.Хомский) тән құрылымдык, субьективті-индивидуалдық, жағдаяттық, когнитивтік және адамның менталдық ерекшеліктерінен ауытқуға деген ұмтылыс жойылған болатын.
Сонда да вербалдық қарым- қатынас мәнінің лингвистикалық талдаулар қатарында пайда болу кезеңіне және ғылыми- дидактикалык маңыздылығына байланысты Р.О. Якобсоннын қарым-қатынастың лингвистикалық үлгісі алғашкы болып табылады, онда шетел тілін оқытудың мақсаттары үшін қатысымдық талдаулар қатарында пайда болу кезеңіне және ғылыми- дидактикалык маңыздылығына байланысты PO. Якобсонның қарым-қатынастың лингвистикалық үлгісі алғашқы болып табылады, онда шетел тілін оқытудың мақсаттары үшін қатысым актісінің компоненттік кұрамы беріледі және аталған үлгі адресат, хабарлама, адресант, мәнмәтін, кол, ақпарат және т.б. осы секілді міндетті құрамдас бөліктері бар тілдік қарым-қатынас жағдаяты деп көрсетіледі.
Зерттеуші пікірінше, осы аталған компоненттердің әрқайсысына создің белгілі бір функциялары тэн: қарым-қатынас жүйесіндегі (адресат-адресант) экспрессивтік және конативтік функциясы; қарым-қатынас актісін мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан ұйымдастыруда қарым-қатынастың үйлесімділік және рефераттық функциясы; сөздің прагматикалык бағыттылығын қамтамасыз ету, қарым-қатынас құралына сәйкес келетін жағдаяттарды іріктеу сөздің фатикалык функциясын жүзеге асырады; созге интерпретациялық және үлгілеу-бағалаушылық сипатты снгізу тілдік қарым-қатынастың металингвистикалық функциясын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
РО. Якобсонның қарым-қатынастың лингвистикалық үлгісі өзінің маңыздылығына байланысты функционалды болып табылғанымен, ол қатысымдағы сөз функциясының лингвистикалық негіздерін анықтаудан пайда болады. Қарым-қатынастың бұл үлгісі сөздің басты функцияларын соз функцияларының анықтамаларымен байланыстыру стратегиясы болып табылады, ол бір жагынан тілдік қарым-қатынастың экстралингвистикалык факторларына, екінші жағынан тілдік хабарламаның өзіне әсер етеді.
Тілдік қарым-қатынасты лингвистикалық әдіснамаға сүйенген үлгі тұрғысынан көрсету тілдік қарым-қатынасты талдаудағы лингвистикалық әдістердің артықшылықтары мен кемшіл тұстарын бейнелейді. Осыған байланысты, тілдік қарым-қатынас өзіне тән функциялар мен онтогенез тұрғысынан соз әрекеті теориясының дамуының сипатталып отырған сатысында интегративтік құбылыс ретінде қарастырылады, оның қызмет етуі мен жүзеге асырылуы биологиялық, әлеуметтік, когнитивтік, психологиялык, психофизикалық және табиғи факторлардың өзара байланысы арқылы қамтамасыз етіледі; жеке сөздік және тілдік қабілеттердің қалыптастырылу деңгейі ұлттық және мәдениетаралык ерекшеліктермен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |