Тікелей әсер ететін қақырық түсіруші заттарға секретті сұйылтатын ( муколитикалық заттар) жатады.
Ингаляциялық жолмен енгізеді. Бронхтың шырышты қабатының бездеріне тікелей әсер көрсететін және олардың секрециясын күшейтетін препараттар да қолданылады, мысалы калий йодиді.
Ацетилцистеин ( бронхолизин, мукосольвин ) белсенді муколитикалық зат. Әсері молекуласында протеогликандардың дисульфидті байланыстарын үзіп, қақырықтың деполиризациясын шақыратын және тұтқырлығын төмендететін бос сульфгидрильді топтың болуына байланысты. Қақырықтың сұйылуы және көлемінің көбеюі оның бөлінуін жеңілдетеді.