- Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады.
- Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, скипидар, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы жатады.
Қыша қағазы(Charta sinapis)– қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі. - Қыша қағазы(Charta sinapis)– қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі.
- Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданылады.
- Кері көрсеткіштері. Тері зақымдануларында, іріңді ауруларда, нейродермитте, сулы экземада, псориазда.
-
Ментол(Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. - Ментол(Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді.
- Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Невралгия, миалгия артралгия кездерінде 2% спирттік ерітіндісі немесе 10% майлы жүзгіні ұсынылады; қышымалы дерматозды емдеуде 1% ланолинді-вазелин май немесе 0,5% спирттік ерітінді қолданылады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит) бумен дем алу немесе интраназальды тамшы түрінде береді. «Валидол» құрамына кіреді, сондықтан стенокардияда қолданылады.
- Кері көрсеткіштері. Жас балалардың мұрнына жағуға, өңешіне бумен дем алуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.
- Шығарылу түрі. 1% вазилин майындағы ерітінді (тамшы); 1 және 2% флакондағы спиртті және майлы (ментол майы) ерітінді 10, 20, 25 және 30 мл және флакон-тамшыда 10 мл; ментол каламы.
- Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Mentholi spirituosae 5%-5 ml
Достарыңызбен бөлісу: |