Шы, -шең, -са қосымшалары жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы) жұмұшшы, ішшең, ашша болады. Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан және қосымшалар -шы, -шең, -са


СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі52,24 Kb.
#97751
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курс.жұмыс

СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Тілдегі сөздерді лексика-грамматикалық сипаттарына қарай тап-тастыру — грамматиканың теориялық та, практикалық та маңызы зор, әрі негізгі, әрі түйінді мәселесі. Бұл мәселе тек грамматиканың жай өзегі ғана емес, оны лексикамен байланыстыратын да негізгі мәселе. Солай болса, сөздерді лексика-грамматикалык; жағынан тап-тастырып, олардың грамматикалық сыр-сипаттарын айқындау грам-матиканың ең негізгі мәселесі болмақшы.
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және м о р ф ологиялық (формальдік) белгілеріне қарай, ең әуелі а т а у ш ы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа бөлінеді.
Атаушы сөздер деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанай білдіріп, олардың атаулары ретінде қабылданатын және жұмсалатын, өздеріне тән т о л ы қ лексикалық м а ғ ы н а - л а р ы б а р, соған лайық, қалыптасқан өзді-өздерінің дыбыстық құрамдары мен екпіндері бар дербес сөздерді айтамыз. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау я таяньпп есебінде қызмет етеді де, өзге сөздермен тіркесіп те, тіркеспей жеке-дара тұрып та керегінше қолданыла береді. Олар тілдің грамматикалык, заңына лайық түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, сөйлемге өз алдына мүше бола алады және олардан тілдегі қалыптасқан тәсілдер бойынша басқа да туынды атаушы сөздер жасала береді. Сөйтіп, атаушы сөздер дегеніміз лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар, өзге сөз-дермен тиісті байланыс-қатынасқа түскенде, әр алуан қосымша ма-ғыналарды да білдіре алатын сөздер.
Көмекші сөздер деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я ада-күде жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің кейбіреулері (шылаулар) дыбыстық жағынан тұрақсыз болады да, әдетте өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады және соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды, немесе күрделі мүшенің құрамына енеді, немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Әдетте көмекші сөздерден туынды жаңа сөздер жасалмайды.
39
Одағай сөздер деп адамнын, әрқилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді атаймыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне қарай одағайлардың өзге сөздермен, айтайық, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланыс-қатынасы болмайды және, сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды, бірақ олар (одағайлар) бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде


жүре береді.
Бұл аталған үш топ (атаушы, көмекші және одағай) сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Оған, өзгені былай қойғанда, атаушы сөздердің кейбіреулерінің көмекші сөздер мен одағай сөздерге
ауысып, үнемі оларды толықтырып отыратыны да айғақ бола алады. Мыс: біресе, қарай, өйткені, шейін деген көмекші сөздерді алсақ, бұлар ол бастағы бір ерсе, қарай, олай еткені, шекейін деген атаушы сөздерден шығып ауысқан. Ал, мәссаған, әттегенай, бәрекелді, ойпырмай одағайлары бастапқы мә саған, ойт деген ай, барақа аллаһу (арабша), ой пірім ай деген тіркестерден ауысып қалыптасқан. Осылайша өз ара байланысты бола тұра, бұл үш топ сөздің әрқайсысы, жоғарыда айтқандай, өзді-өздеріне тән ерекшеліктері бар алды-алдына топтар.
Әрине, бұл үш топ сөздердің тілде алатын орындары бірдей емес. Мысалы, олардың ішінде сан жағынан да, соған лайық тілдің, бүкіл лексикасына негізгі үйтқы болу жағынан да атаушы сөздердің алатын орны мен маңызы төтеншө зор. Ал, осы атаушы сөздердің өздері де, жоғарыда көрсетілгендей, жалпы сипаттары бола тұра, іштей, алды-алдына тән ерекшеліктері мен жалқы сипаттарына қарай, әр қилы лексика-грамматикалық топтарға бөлінеді. Мысалы, оларды алдымен е с і м д е р мен етістіктер деп аталатын екі үлкен салаға бөліп алған дұрыс болады. Бірақ бұнымен тыну да жеткілікті емес, өйткені есімдер деп аталатын сөздерді алсақ, олардың өздері де лексика-грамматикалық өзгешеліктері жағынан іштей біркелкі емес. Егер зат есімді, сын есімді, есімдіктерді алсақ, бұлардың бәріне тән өзінше жалпылық болса, үстеу сөздер мен еліктеу сөздердің өздеріне тән әрі жалпы, әрі жақын қасиеттері бар. Осындай жалпы қасиеттері мен өз ара жақындықтарын ескере келіп, атаушы сөздерді екі жікке бөліп, олардың біреуін а т а у ш ы есімдер деп, екіншісін үстеуші есімдер деп саралауға болады. Әрине, етістіктердің өз алдына ерекше топ құрайтыны ешқашанда және ешқандай да шәк (күдік) келтірмеске тиіс.
Сөйтіп, атаушы сөздерді атаушы есімдер, үстеуші е с і м д е р және етістіктер деп бөлудің өзінше негізі бар екенін көреміз. Ал, әдетте осындай тілдік құбылыстарды бір-бірінен ажыратуга, оларды айқындауға және тануға таяныш етілетін негіздер тіл білімінде принцип деп аталады. Сөздерді осылайша топ-топқа бөлгенде, сол сөздердің лексикалық мағыналары ескеріліп отырған жоқ, олардың әр тобының категориялық семантикалары негізге алынып отыр. Олай дейтін себебіміз — атаушы есімдерге қатысты сөздер әр алуан заттардың немесе ойша зат деп түсінілетін я зат есебінде қабылданатын ұғымдардың аттары ретінде қызмет етеді, демек, олар заттардың ұдайғы я тұрақты белгілері мен қасиеттері жайындағы заттық үғымдар мен түсініктердің аттарын білдіреді. Үстеуші есімдерге қатысты сөздер, әдетте, қимыл-әрекеттердің әрқилы белгілері мен “белгінің белгілерін” білдірсе, етістіктер әр алуан амалдар мен күй-жайдың немесе ойша әрекет есебінде қабылданатын олардың көріністерінің атаулары ретінде қызмет атқарады.
Сонымен, атаушы сөздердің үш тобының өзді-өздеріне лайық ерекше белгілері бар. Бірақ олардың ажырау шегі тек осы айтылған-дардай белгілермен бітеліп я тұйықталып қана қоймайды, тілдің өзге
40
де құрылымдық жақтары сияқты, атаушы сөздердің бұл үш саласы ғана емес, олардың әрқайсысының құрамындағы (ішіндегі) топ-топтары да өз ара араласып, бірінен біріне ауысып отырады. Демек, есімдерден етістіктерге, етістіктерден есімдерге өз ара ауысып отыратыны сияқты, есімдердің ішіндегі зат есім, сын есім, есімдік, үстеу, еліктеу сөз тәрізді топтары бірінен біріне ауысып, яғни бір сөз табынан екінші я үшінші сөз таптарына ауысып отырады.


Көмекші есімдер іштей жалғаулық, септеулік, д е м е у л і к деп аталатын топтарға сараланатыны сияқты, бұл топтардың өздері де шынара жіктеледі. Сондай-ақ, одағай сөздер де, жалпы сан жағынан аз болғанмен, өздерінің семантикалық өзгешеліктері мен морфоло-гиялық құрамдарының ерекшеліктеріне қарай, іштей әлденеше топтарға бөлінеді.
Тілдің сөздік құрамындағы күллі сөздерді жоғарыдағыша атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуге бірден-бір таяныш болатын тірек — семантикалық белгі. Осы аталған семантикалық белгі сол сөздерді одан да әрі қарай іштей таптастыруы үшін бірден-бір сенімді таяныш я сенімді тірек бола ала ма немесе оған қосымша я одан басқа бір белгілер бар ма деген сұраулар туады. Ал, бұл сұрауларға жауап табу дегеніміз — тілдегі сөздерді таптастырудың принциптерін анықтау дегенмен пара-пар болмақшы. Ендеше, зерттеуші үшін бұл мәселелерді айқындай алу-дың маңызы төтенше болатыны шәксіз.
Тілдегі сөздерді грамматикалық жағынан таптастырғанда, мынадай екі түрлі жағдай қадағаланылуға тиісті.
Біріншіден, жеке-жеке сөз таптарына телінбекші сөздердің қай-қайсысы болсын тілдің сөздік құрамына енеді. Олай болса, сөз я сөздер қай сөз табына қатысты болса да, қайткенде де олардың лексикалық жағы еске алынуы қажет. Ал, сөздің осылайша лексикалық жағын ескеруден, сөзсіз, оның семантикалық жағын ескеру керек екендігі туады. Ендеше, әрбір сөз табы және оның құрамына енетін сөздердің бәрі де лексика-семантикалық тұрғыдан қаралып талдануы керек.
Екіншіден, сөздерді грамматикалық жағынан таптастыру, олардың түрлену және жасалу жүйесін айқындау, сондай-ақ, сөздердің тіркесу мүмкіншіліктері мен синтаксистік қызметтерін, тағы басқа да сол сияқты мәселелерін анықтау — қашан да болсын грам-матиканың қарайтын міндеті. Олай болса, сөз таптары қанша болса да және олардың әрқайсысына қанша сөз қатысты болса да, қайткенде де ол сөздердің грамматикалық жақтары, демек, грамматикалық сипаттары мен ерекшеліктері ескерілуі қажет. Ендеше, әрбір сөз табы және оның әрқайсысының құрамына енетін сөздердің бәрі де грамматикалық тұрғыдан қаралып сипатталуы қажет.
Сонымен, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың (сөздердің) лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) жақтары да бірдей қадағалана қаралуы қажет.
Сөйтіп, бұл қағидаларды еске алсақ, сөздерді жоғарыдағыша атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлгендегі бір ғана семантикалық түрғымыз, әрине, ол сөздерді іштей әрі қарай тағы да тиісті грамматикалық топтарға бөліп тәптештеуге жеткілік-сіз болмақшы. Өйткені, бұлай қарау, сөздің грамматикалық жағы ес-керілмегендіктен, сыңар жақтыққа әкеп соғады. Онан қала берді, көптеген тілдегі сөздер семантикалық сипаты жағынан ұқсас я жа-қын болғанымен, грамматикалық сипаты жағынан жүйелері басқа тілдер былай тұрсын, төркіндері бір туыстас тілдердің өздерінде де
41
айырым-айырым болып ерекшеленіп келе береді. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі -лау (-л е у, -д а у\\-д е у, -т а у\\-т е у) жұрнағы сын есімге тән шырай категориясының грамматикалық көрсеткіші есебінде қызмет етсе, қазіргі ұйғыр тілінде ондай қызмет атқар-майды. Ал, -рақ (-р е к, -ы р а қ\\-і р е к) жұрнағы қазіргі ұйғыр, түрікмен, татар және басқа кейбір түрік тілдерінде сын есімге де,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет