-ы п (і п...) формалы көсемшелерге жапа-тармағай жалғана берсе, қазіргі қазақ тілінде тек сын есімнің сапалық дәрежесінің көрсеткіші ретінде ғана жұмсалады. Солай болса, барлың тілдердегі сөздерді грамматикалық жағынан таптастырарлықтай бірыңғай универсал-дық принцип болмайтыны сияқты, барлық тілдерде де бірдей я бірыңғай грамматикалық белгілер де болуы мүмкін емес. Сондықтан тіл-тілдегі сөздерді грамматикалық жагынан таптастырғанда болсын, басқа да грамматикалық мәселелерді талдағанда болсын, олардың нақтылы ерекшеліктерін айқындауға өте-мөте мұқият қарау керек.
Әдетте, сөз табы деп лексика-грамматикалық сипаттары мен бел-гілері бірдей я бірыңғай сөздерді айтамыз. Солай болса, сөз табы жө-ніндегі ұғым л е к с и к а-г рамматикалық деген қосарланған компоненттердің мазмұндарынан шығуы керек. Бірақ, мұндағы бірінші компоненттің (“лексика”) мазмұнын таза лексикалық семантика деп түсінбей, грамматикалық семантика деп ұғыну қажет. Ал, грамматикалық семантика деп сөздің нақтылы лексика- лық мағынасы емес, заттың атын, сынын, белгісін, санын, орнын, амалын, ісін және басқа сол сияқты ұдайғы я тұрақты категориялық қасиеттері болып саналатын белгілерін жинақтап, топшылап білдіретін мағынасын түсінеміз.
Қосарланған компоненттің екінші сыңарының (“грамматикалық”) мазмұнына белгілі бір сөзге тән күллі категориялық мағыналар, оның сөз тудыратын, сөз түрлендіретін және өзге сөздермен бай-ланыстыратын формаларының мағыналары енеді; екінші сөзбен айт-қанда, грамматикалық деген компоненттің мазмұнына бүкіл морфологиялық белгілер де, синтаксистік белгілер де, демек, сөздің сөйлемдегі қызметі, оның сөйлемде өзге сөздермен тіркесу қабілеті тегіс енеді. Сөйтіп, қысқаша айтқанда, л е к с и к а-грамматикалық белгілер деген термин белгілі бір сөздің немесе белгілі бір сөз табының барлық л е к с и к а-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін түгел қамтиды.
Бірақ, осы қағиданы анықтап алғаннан кейін, тиісті сөз табын айқындаған кезде лексикалық (семантикалық) белгілерді жетекпіі ету керек пе, болмаса грамматикалық (морфологиялық және синтак-систік) белгілерді алға ұстаған мақұл ма дейтін сұрау туады. Шы-нында, белгілі бір сөз табының күллі сипаттары мен қасиеттерін әрі толық, әрі дұрыс анықтағымыз келсе, демек, оларды жан-жақты білгіміз келсе, онда жоғарыда аталған семантикалық, морфология-лық және синтаксистік белгілердің бәрін түгел ескеру керек. Өйткені тек осылай еткенде ғана, мазмұны жағынан да, материалдық (морфологиялық) формасы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да сөзге жан-жақты сипаттама беруге болады.
Дегенмен, қазақ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатыс-тығын анықтағанда, осы принципке үнемі сүйене беруге болмай-тынын айта кеткен мақұл. Өйткені жоғарыда аталған үш белгінің бәрі бірдей әрі барлық сөздердің бойынан табыла бермейді, әрі бұл белгілердің әрқайсысының ролі де бірдей емес. Бірақ негізінен алғанда осы аталған белгілердің бәрі де болуы керек екенін ескере отырумен қатар, әр сөз табының ерекшелігіне қарай осы белгілердің біреуі негізгі я жетекші болып алынып, өзгесі (я өзгелері) көмекші
42
(я қосшы) немесе қажетсіз де болып қалдырылуы мүмкін екендігін де қатерде ұстаған дұрыс. Мысалы, зат есім мен сын есімді сипаттағанда, осы үш белгінің үшеуін де ескеру қажет болса, есімдіктерді анықтағанда семантикалық және синтаксистік белгілерді жетекші етіп алып, морфологиялық белгіні тек қосалқылыққа ғана алуға болады, ал, одағайларды айқындауға, морфологиялық белгісі жоқтықтан, оны іздеудің де қажеті аз. Егерде қай белгіні жетекші етіп алу мәселесі қиынға соғатындай жағдай душарласса, онда семантикалық белгіге арқа сүйеу қажет, өйткені семантикалық белгі тек сәз табын анықтауды ғана емес, сөздің өзін сөз деп тануға бола ма я болмай ма деген дауды шешу үшін де негізгі таяныш болып қызмет етеді.
Қазақ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатыстығын ай-қындағанда, лексикалық омонимдермен қатар, лексика-грамматика-лық омонимдер барлығын да есте ұстаған мақұл. Өйткені тілімізде тіпті көне замандардан бері қарай, мысалы, әрі есім, әрі етістік (көш, той, тоқ т. б.) есебінде қолданылатын түбір сөздер де, сондай-ақ. кіріс, қызық, тынық тәрізді туынды сөздер де бар. Тиісті сөз таптарына қатыстығын анықтағанда, бұлар әдетте қиындық келтіретіні даусыз. Сондықтан белгілі бір сөз тобына телігенде, ондай түбір омонимдерден жаңа сөздер мен грамматикалық формалар жасалғанда, әр сөз табына тән сөз тудыратын және форма тудыратын норма бойынша жасалатыны есте болуға тиіс. Мыс.: Көштің алды ойға түсті және Ертең тәңертең ойға қарай көшеміз дегенді алсақ, алғашқысы (көштің) ілік септігінің формасында тұрған зат есім екені, екіншісі (көшеміз) ауыспалы келер шақ формасындағы етістік екені айқындала кетеді.
Мұнымен бірге, тілімізде бір мағынасы бойынша зат есім, екінші мағынасы сын есім болып келетін тең, жарық тәрізді сөздер де бар. Сөздерді таптастырғанда, мұндай жағдайлар да еске алынуға тиісті. Сондай-ақ, тілімізде өздерінің әуелгі грамматикалық тегі мен қызме-тін өзгертіп, бір сөз табынан басқа бір сөз табына көшкен я көшу сатысында тұрған сөздер де жоқ емес. Мыс.: Таудың басынан ойға қарай түс және басынан осылай істеу керек еді; Қаланың шетінен ортасына дейін бардық және Колхоз сиырлары шетінен сүтті дегендердегі басынан, шетінен сөздері осы салыстырылған сөйлемдердің алғашқыларында (Таудың басынан; қаланың шетінен) шығыс етістік формасындағы есімдер болады да, соңғыларында (басынан осылай; шетінен сүтті) сол формалардан көнеленіп қалыптасқан үстеу сөздер болады. Осындай ерекшелікті әрі, бері, кейін, соң, бірге, бірден, бірде сияқты сөздерден де байқауға болады.
Сөздерді таптастырғанда олардың (сөздердің) осындай мағына-лық, формалық өзгерістері мен саралану дәрежелері үнемі есте ұсталуы керек, өйтқені жеке сөздердің формасы, қызметі, мағынасы өзгереді де бір лексика-грамматикалық категориядан екінші я үшін-ші категорияға ауысып, тілде әрқашан өзгеріс болып отырады. Бұл өзгеріс тек тіл мен ойлаудың ғана емес, лексика мен грамматиканың да бір-біріне тигізетін ықпалы мен өз ара қарым-қатынасының нәти-жесінде туады, соның арқасында сөз таптары да әрі жетіліп, әрі жет-тігіп, әрі толығып отырады; сонымен қатар, осындай даму процесі-нің нәтижесінде кейде бірте-бірте жаңа сөз табы туып қалыптасса, кейде әр сөз табынан шығып, өздерінің сол төркіндерінен қол үзе бөлініп, я оларға, я басқа категорияларға жатпайтын аралық я “д ү-бара” категориялар да туып отырады. Бірақ мұндай құбылыстар бірден және тез туа салмайды, тым ұзаққа созылатын тілдік процестердің нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, қазіргі қазақ
43
тіліндегі үстеу сөздер мен еліктеу сөздерді алсақ, бұлар бірте-бірте дами отырып, кейінгі замандарда қалыптасып, үнемі толығып, ұдайы жетгігіп келе жатқан категориялар. Ал, модаль сөздер (я бейтарап сөздер) деп аталып жүрген сөздер жайында дәл осындай қорытынды айта алмаймыз. Өйткені басқа сөз таптарына қойылатын жоғарғыдағыдай талаптарды бұл сөздерге де қойып, сыр-сипаттарын анықтай бастасақ, олардан (модаль сөздерден) бір ізге түскен жүйелі белгілер табылмайды. Өйткені модаль сөздердің сыр-сипаттары әлі ашылған жоқ. Олардың әлі де қадағалай қарап, жан-жақты тексеретін мәселелері көп-ақ. Мысалы, бұл сөздердің шығу төркіні, өз алдына категория болып қалыптасу ерекшеліктері мен жолдары, олардың казіргі құрамы мен құрылымы және басқа морфологиялық (үстеу, одағай, шылау сөздермен), синтаксистік (қыстырма сөзбен, сөйлеммен, сөйлем мүшесімен) категорияға қарым-қатынасы мен ара қатынасы, олардан бөлінетін ерекшелігі деген сияқты соны жатқан мәселелерді арнай тексеруді, тиісті шешімін табуды қажет етеді. Тек осындай құтты, байсалды зерттеу жүмысы жүргізілгеннен кейін ғана, бұл сөздердің тіліміздегі өзге лексика-грамматикалық категориялардың ішінен және олардың жүйесінен алатын орны мен ролі айқындалып, мәселе тыңғылықты болып шешілмекші. Осы себептен бұл мәселе жайында жоғарыдағыдай кейбір топшылама ойлар мен пікірлер ғана айтылды да, модаль сөздердің орны сөз топтарының ішінде бола ма немесе сөз топтарының жүйесінде ғана қала ма деген сұрауларға жауап берілмей, әзірше ашық қалдырылды. Бірақ бұл арада осы категорияның сыр-сипаттары тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы туркология аясында да енді-енді ғана қолға алына бастағаны болмаса, әлі толық ашылмағаны аян екенін айта кеткен мақұл. Сонымен қатар, бұл категория қазіргі әдеби тіліміздің (сондай-ақ, өзге де қазіргі түрік тілдерінің) жазбаша түрінің де, ауызша түрінің де және олардың әр алуан стилдерінің де қауырт дамып, жаппай өсуіне байланысты өз алдына ерекшелігі бар грамматикалық категория ретінде оған енетін сөздер сан жағынан көбейіп, сапа жағынан бірте-бірте өзіндік ерекшеліктерді бойларына жинап сұрыптала беретіні есте ұсталуы қажет.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан, тілдің өзғе де жақтары си-яқты, сөздері де грамматикалық жағынан жетіліп, жеке-жеке таптары іштей сұрыпталып та, сараланып та отыратынын, сондай сараланумен байланысты жеке сөздер әуелі өздерінін; формасын, қызметі мен мағынасын өзгертіп, бір лексика-грамматикалық топтан екінпіісіне (я үшіншісіне) екшеліп, ауысьш отыратынын көруге болады. Әрине, бұл процесс бір жағынан ойлау мен тілдің қарым-қатынасы нәтижесінде дамыл жатса, екінші жағынан лексика мен грамматиканың өз ара қатынасының нәтижесінде де туып, осылардың бәрінің арқасында сөз таптары да жетіліп, толығып отырады, кейде тіпті аралық категориялар да туып отырады. Бұл таза лингвистикалық процеске тілдің қоғамдық қызметінің өсуі мен қолданылу өрісінің кеңеюі де үлкен әсер етеді. Бұны қазақтың қазіргі ұлттық әдеби тілінің тәжрибесі мен үлгісінен айқын көруге болады.
Сөз таптарының да, сөз формаларының да үнемі дамуы тарихи процесс екені мәлім. Солай болса, қазақ тіліндегі сөздерді таптастырғанда болсын, олардың әрқайсысын талдағанда болсын, бұл жағдаяттар, демек, тілдің әбден орныққан статикалық жақтары да, даму процесінде туып, қалыптасып келе жатқан динамикалық бағыты да еске алынуы керек.
Осылардың бәрін ескере келгенде, қазак, тіліндегі барлық сөздер, семантикалық белгілеріне қарай, ең әуелі а т а у ш ы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа
44
бөлінеді. Ал, бұл топтың әрқайсысы сөздердің лексика-грамматикалық белгілеріне қарай, іштей тағы да топ-топқа жіктеледі. Мысалы, атаушы сөздерді алсақ, олар әуелі есімдер және етістіктер деген үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді де, одан әрі сол әр сала шынара тағы да сараланады. Демек есімдерді алсақ, олар іштей атаушы есімдер және ү с-теуші есімдер деп аталатын екі топқа бөлінеді, ал, атаушы есімдер зат есім, сын есім, есімдік деген сөз таптарына жіктелсе, үстеуші сөздер іштей үстеу с ө з д е р және еліктеу сөздер деген е к і топқа сараланады.
Есімдер мен етістердің, сондай-ақ көмекші сөздер мен одағай сөздердің құрамдарына енетін топ-топтардың өзді-өздеріне лайық лексика-семантикалық және грамматикалық сыр-сипаттары болады. Бұл мәселелер төменде жеке-жеке сөз топтарының тұс-түстарында қаралады. Ал, морфологияның арнаулы бөлімінде талдануға тиісті сөз таптары мыналар:
1. Зат есім
2. С ы н е с і м
3. Сан есім
4. Есімдік
5. Етістік
6. Үстеу сөз
7. Еліктеу сөз
8. Көмекші (шылау) с ө з
9. О д а ғ а й