Шы, -шең, -са қосымшалары жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы) жұмұшшы, ішшең, ашша болады. Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан және қосымшалар -шы, -шең, -са



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі52,24 Kb.
#97751
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курс.жұмыс

ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Өзге сөз таптары сияқты зат есімнің жасалуы да тіліміздегі сөз тудыру тәсілдерінің жәрдемі арқылы болады. Олар: 1) морфология-лық тәсіл немесе синтез тәсілі; 2) синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі.
Зат есімнің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы
Морфологиялық тәсіл деп сөздердің жұрнақтардың көмегімен жасалуын айтады. Зат есім тудыратын жұрнақтардың белгілі тобы бар. Олардың бірқатары есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар болса, бірсыпырасы — етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар. Жұрнақтардың осы тәрізді қызметіне орай зат есімдердің жасалуын: есімдерден жасалған зат есімдер және етістіктен жасалған зат есім-дер деп аталатын екі топқа бөліп қарауға болады.
Есімдерден жасалған зат есімдер. Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтардың саны біраз бар. Олардың басты-бастылары мыналар:

-ш ы (-ш і). Бұл жұрнақ есім түбірлер мен етістіктің туынды тү-бірлеріне жалғанып, адамның кәсібін, мамандығын, қабілетін, әлеу-меттік күйін білдіретін зат есімдер жасайды. Мыс.: еңбекші, етікші, сауыншы, барлаушы, жетекші, домбырашы т. б.

-лық (- лі к, -д ы қ\\-д і к,мық -т ы қ\\-т і к). Бұл жұрнақ құралдың атын білдіретін зат есімдер мен адамның мекен-жайын, тұрағын, шықңан жерін білдіретін нақтылы мағыналы зат есімдерден бастап, жинақтық, молшылық, бір нәрсеге тәнділік, мөлшерлік тәрізді абст-ракциялы ұғымды білдіретін зат есімдер жасайды. Мыс.: оқулық, ауыздық, кедейлік, достық, жетілік, кербездік т. б.

-шылық (-шілік). Бұл құранды жұрнақ (-шы-лық, -ші-лік) арқылы абстракциялы мағынадағы түрлі зат есімдер жасалады. Мыс.: молшылық, кеңшілік, жоқшылық, көпшілік, айырмашылық, тоқшылық т. б.

-ш ы қ (-ш і к), -шақ (-ш е к). Бұл жұрнақтар есімдерден кішірейтпе мағыналы зат есім тудырады. Мыс.: үйшік, қапшық, дорбашық; түйіншек, келіншек, жұтқыншақ т. б.
46

-ш а (-ш е). Есім сөздерден кішірейтпе мағыналы зат есім жасайтын құнарлы жұрнақтың бірі — осы -ша (-ше). Мыс.: кітапша, сандықша, құтыша, көрпеше т. б.


-к е р (-г е р). Адамның кәсібін, қызметін, әлеуметтік күй-жайын білдіретін туынды зат есімдер жасайды. Мыс.: қызметкер, дәрігер, саудагер т. б.

-д а с (-д ес, -т ас\\-т е с). Бұл жұрнақ адамдардың арасындағы жақындық, туыстық қарым-қатнасты білдіретін зат есімдер жасайды, Мыс.: аталас, әріптес, жолдас, отандас т. б.

-д а м а (-д е м е, -н а м а). Мыс.: баяндама, жарнама, мәлімдеме, сәлемдеме т. б.
-к е ш. Мыс.: арбакеш, кірекеш т. б.
-қ о р. Мыс.: бейнетқор, шәйқор, мансапқор т. б.
-п а з. Мыс.: аспаз, білімпаз, өнерпаз т. б.


-х а н а. Мыс.: асхана, кітапхана, мейманхана т. б.
-ғ о й(-к е й ) Мыс.: ақылгөй, дәмегөй т. б.


-т а й, -қ а й, -ж а н. Мыс.: апатай, ағатай, көкетай, еркетай, кенжетай, балақай, ағажан, көкежан т. б.

-е к. Мыс.: тікенек.

-л а қ. Мыс.: тайлақ.
Етістіктен жасалған зат есімдер. Етістік сөздерден зат есім тудыра-тын жұрнақтардың негізгілері деп төмендегі бір топ жұрнақты атауға болады.


-м ақ (-м е к, -бақ\\-б е к, -пақ\\-п е к). Етістік түбірлерге жалғанып, көбіне абстракциялы мағыналы зат есімдер жасайды.
Мыс.: табыспақ, ажыраспақ т. б.
Жоғарыдағы көрсетілген абстракциялы зат есімдерден тыс ті-лімізде қазір бірлі-жарым нақтылы мөндегі сөздердің құрамында да ұшырайды. Мысалы: қүймақ, ілмек, сырмақ т. б.

-і с. Етістіктен қимылдың, істің атын, процесті білдіретін зат есімдер жасайды. Мыс.: жүріс, тұрыс, ағыс, таныс, кіріс, шығыс т. б.

-і м (-ы м). Іс-әрекеттің нәтижесін, қимылдың, істің атын, өлшемді білдіретін зат есім тудырады. Мыс.: білім, құрылым, бөлім, өрім, наным, үғым, сенім, тыным, байлам, (бір) жұтым, (бір) қайнатым т. б.

-м а (-м е). Бұл жұрнақтың жәрдемімен нақтылы және абстракция-лы ұғымды білдіретін түрлі зат есімдер жасалады. Мыс.: тартпа, бөлме, жарма, көшірме, кеспе, сықпа, жайма, басқарма, аялдама
т. б.

-қ ы (-ғ ы, -г і, -к і). -қ ы жұрнағы арқылы жасалған зат есімдер құрал-сайманның, нәрсенің, іс-әрекеттің, процестің атын білдіреді. Мыс.: шалғы, қондырғы, ашытқы, ұйтқы, күлкі, үйқы. т. б.

-ш ы л ы қ (-ш і л і к). Мыс.: аяушылық, есіркеушілік, сенбеушілік, түсінбеушілік т. б.

-ы қ (-і к). Мыс.: тамызық, жыртық, көрік, білік, сынық, жарық, сезік, тесік, күйік, емізік т. б.

-к і ш (-г і ш, -қ ы ш, -ғ ы ш). Мыс.: көрсеткіш, жыртқыш, басқыш, тұтқыш, ысқыш т. б.

-м ы с. Мыс.: қылмыс, тұрмыс, болмыс т. б.

-қ ы н. Мыс.: тасқын, босқын т. б.

-қ а н. Мыс.: қапқан, тышқан т. б.

-ы н (-і н, -н). Мыс.: жиын, жауын, боран, тығын, түйін, егін т. б.
--м а н. Мыс.: аларман, берермен, көрермен, оқырман, өлер-


мен. т. б.
47

-а қ (-е к, -к). Мыс.: бұтақ, қонақ, тарақ, құшақ, пышақ, орақ, төсек, тілек, күрек, жүрек, түнек т. б.


-ы ш (-і ш), Мыс.: таяныш, сүйеніш т. б.

-д ы қ (-л ы қ). Мыс.: қалдьқ

-д ы. Мыс.: қиынды, жуынды, шайынды т. б.

-д а қ. Мыс.: қуырдақ т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет