Зат есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы Сөздердің синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі арқылы жасалуының ү ш т ү р л і жолы бар: 1) сөздердің бірігуі; 2) сөздердің қосарланып айтылуы; 3) с ө з д е р д і ң тіркесуі.
Сөздердің бірігуі. Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің дені — зат есімдер. Сөздер тілімізде қабысу, меңгеру, қиысу, матасу тәрізді синтаксистік байланыс тәсілдері арқылы бірігеді, ягни сөздердің бірігу жолы мен тіркесу жолының арасында принциптік айырма жоқ. Кейде сөздердің біріккен сөз я сөз тіркесі екенін ажыратудың қиындык, келтіретіні де осыдан. Алайда сөздердің жалпы табиғатындағы заңдылықтарды, сондай-ақ емле ережелеріндегі шарттарды жақсы білген жағдайда сөздердің бірігуі мен тіркесуін-дегі шекті ажырата білуге әбден болады.
Бірігу арқылы жасалған зат есімдерді олардың құрамындағы сыңарларының түс-таңбасына қарай мынадай жіктерге бөліп көрсе-туге болады:
1. Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: ба-лауыз, егеуқұйрық, итқонақ т. б.
2. Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқыл