ші слайд Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді



Дата27.03.2022
өлшемі14,92 Kb.
#136984
Байланысты:
macro sabak


2 – ші слайд
Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.
4 – ші слайд
Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті адамның жұмыссыз қалуы. Ал,
жұмыссыз қалу адамдардың тұрмыстық жағдайын нашарлатып ғана қоймайды, сонымен қатар бұл жағдайда адамдар моральдық тұрғыдан да күйзеліске ұшырайды. Өйткені, бір жағынан жалақы басым көпшіліктің бірден-бір табыс көзі болып табылса, екінші жағынан жұмыссыз қалған жан өзін қоғамға қажетсіз сезінуі мүмкін.
5 – ші слайд
Уақытша жұмыссыздық – бұл өздерінің біліктілігіне және жеке қалауларына сәйкес келетін жұмысты іздеп жүрген немесе күтіп отырған жұмыс күшінің бір бөлігі.
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өнеркәсіптегі технологиялық ілгерілеушілікпен байланысты
туындайтын, жұмыссыздықтың бір түрі. Яғни, құрылымдық жұмыссыздар – олар ғылыми-технологиялық ілгерлеушілік нәтижесінде мамандықтары аса қажетсіз немесе мүлдем жарамсыз болуы себепті жұмыс таба алмай жүрген тұлғалар.
Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.
6 – шы слайд
Экономиканың тұрақсыздығы жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция (inflatio) – бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.

Қорыта айтқанда, жұмыссыздық қоғам үшін өте ауыр, тиімсіз құбылыс болып табылады. Әсіресе, жұмыссыздықтың деңгейі 5–7 %-дан неғұрлым үлкен болған сайын, оның қоғамға әкелетін зардаптары ауырлай түседі.


Жұмыссыздық аса күрделі мәселе болып табылатындықтан, оның алдын алу және онымен күресу мемлекеттік деңгейде дұрыс саясат жүргізу арқылы ғана оң нәтижеге әкеледі. Жұмыссыздықпен күрес сұранысқа сәйкес кадрлар даярлау, елдің демографиялық жағдайына, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс күшін оңтайлы орналастыру, жалақы деңгейін реттеу секілді алуан түрлі іс-шаралар негізінде жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет