Шығарма «Біржан мен Сара» айтысы ақындар айтысының асқақ үлгісі. Айтыс –ат бәйгесімен пара-пар. С. Мұқанов Жоспар: Сөздің мәні айта білсе ашылады. «Біржан мен Сара айтысы»



бет2/4
Дата14.10.2022
өлшемі26,17 Kb.
#153102
1   2   3   4
Байланысты:
000296f2-9ed04d38
9 сынып ?шін «Физика» п?нінен 3-ші то?сан?а арнал?ан жиынты? ба?, 3-то?сан?а арнал?ан жиынты? ба?алауды? тапсырмалары, 000764c1-aaee85d1, 66217 ad7c97c7967c1a9cccb57c319fb68f04
Шығарма
Ыбырай салған ізбенен.
Ғажап-ау,Ыбеке,осы мықтылығың,
Жарқырап тағы қайта шықты күнің.
Басыңнан сырып тастап уақыт жүгін,
Тапжылмай тас тұғырда тұрсың бүгін.
Ғ.Қайырбеков.
Жоспар:
І.Кіріспе бөлім:
«Мектеп-кеме, білім-теңіз.»
ІІ.Негізгі бөлім:
А) Аты аңызға айналған балалар әдебиетінің атасы...
Ә) «Өнер – білім бәрі де, оқуменентабылған»
Б) Даламның алып қоңырауын қаққан алғашқы ұстаз.
ІІІ.Қорытынды бөлім:
Еңбегінен танылсын,ердің алып тұлғасы.

Қазақтың байтақ даласының байлығын еркін билеу үшін патша шенеуніктеріне көмекші бастықсымақтар даярлау үшін, патша үкіметі қазақ даласында мектептер ашты. Бірақ қазақ балалары білім алсын, халқы мәдениетті болсын деген мақсат патша үкіметінің ойына да келген жоқ еді. Осы мектепке Балғожа би немересі Ыбырайды да оқуға береді.Ыбырай Алтынсарин мектепті бітірген соң, Орынбордағы Шегаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шегара комиссиясы төрағасы В.В.Григорьевтің бай кітапханасынан Ыбырай кітаптар алып оқып,ұлы адамдардың ағартушылық еңбектері және өмірімен танысады. Ыбырай ендігі күнде қазақ даласында мектеп ашуға бел буып, адамдар арасында үгіт жүргізіп, оқудың мән-маңызын түсіндіреді.


Әрбір көзі ашық сауатты адам көбейе берсе, өз елінің мәдениетін көтерумен қатар,оның шаруашылық экономикасының өзгеруіне де, жаңаруына да ықпал жасар еді деп ойлайды Ыбырай. Осы мақсаттарды іске асыруды көздеп,орыс-қазақ мектептерінде сауат ашу, хат танумен қатар,балаларға техникалық ілімдерді үйрететін пәндердің де жүрілуін талап етті. Мектепте қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды да Ыбырай өз міндетіне алды.
«Надан жатқан, бірақ әлі азғындық жолға түспеген,пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамасы келгенше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз»-деп көзі ашық ел азаматтарына үндеу салған.Осы пікіріне байланысты Ыбырай «Әй, жігіттер!» деген өлеңінде:
Әй,жігіттер, үлгі аламыз
Азған елдің ішінен.
Алыс-алыс қашыңыздар,зияндасты кісіден,-деп ел ішін қарапайым халықты осындай іріткі салушы топтардан арылтып алып, өнер-білімге,жаңа мәдениетке шақыру керек екенін айта білген.
Орыс халқының XІX ғасырдағы классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып,дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін,алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрады. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Атап айтсақ, И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Л.Толстойдан «Полкан деген ит»,орыс хрестоматиясынан «Үш ұры», «Аурудан аяған күштірек», «Әке мен бала», «Асыл шөп» сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Балаларды өнер-білімге, оқуға шақыруда Ыбырайдың ұран салып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын «Кел, балалар,оқылық» өлеңі әрбір бала үшін қымбат.Бұл өлеңде алдымен сауат ашу,оқыту мәселесін бірінші орынға қояды да ,баланы оқытумен бірге тәрбиелеу керектігін түсіндіреді.Оқың өлеңдері мен әңгімелерінің қайсысын алсаңыз да,саналы азамат, тәртіпті, үлгілі кісі болу жақтары айтылып отырады. «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде де өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды мәдениетті халықтар қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады.Ғылым табыстарын мадақтайды.
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып,жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды,-деп, техникалық білім алуға да шақыра білген.
Ыбырай сонымен қатар өз шығармалары арқылы отырықшылық тұрмыстың артықшылығын түсіндіреді. Оны «Киіз үй мен ағаш үй», Қыпшақ Сейтқұл» деген әңгімелерде баян етсе, еңбекке баулу мақсатында «Дүние қалай етсең табылады», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» , «Әке мен бала» әңгімелерін ұсынады.Бұл әңгімелерде еңбектенсең ғана ойлаған мақсатыңа жетесің дегенді қызықты мысалдармен суреттеп береді.Сонымен қатар балаларды ұқыптылыққа, мейірімділікке,әділдікке,әдептілікке үйрету үшін «Бір уыс мақта», «Шеше мен бала», «Полкан деген ит» т.б әңгімелерімен бірге достық, жолдастық қарым-қатынас жайлары жөніндегі «Ақымақ дос», «Жаман жолдас» әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор. Бұл әңгімелердің негізгі идеясы жаман әдеттен, нашар жолдастан аулақ жүруге үйретеді.Парасатты жақсы адам әрқашан барлық жағынан кіршіксіз таза, ізгі ниетті болуға тиісті. Опасыз, тұрақсыз болмауға шақырады. Достың да досы бар. Кейбір достар ерекше қамқорлық көрсеткен боп өзіңді отқа итереді. Өтірік қамқорсып, біреудің қолымен от көсеп отыратын достар да болады. Сырты момын, іші қу, аңқаусыған ақымақ достар да кейде күтпеген жерден опық жегізеді. «Сақтықта қорлық жоқ» деген халықтың данышпандық мақалы бар ғой, осындайдан сақ бол деп үйретеді.
Қазақ даласының алып қоңырауын қаққан алғашқы ұстаз-Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 175 жыл толды.
Үміт еткен көзімнің нұры ,балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам,-деп немересінен көпті күткен Балғожа бидің үміті ақталғаны қашан...Бүгін, міне , тәуелсіз ел ұрпақтары, осы Ыбырай атамыздың өнегесімен өсіп-өніп келеміз.Халқымызға еңбегімен танылған алып тұлғаның есімі ұрпақтан-ұрпаққа жетері хақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет