Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Қазіргі мектептегі гуманизация мен демократизация идеясы оқытушы мен оқушыға оқу-тәрбие жұмыстарының тәсілдерін, бағыггарын, ыңғайын, әр түрлі деңгейлердегі бағдарламаларды, диференциялық білім беруді тандап алуға еркіндік құқын беріп отыр. Мұның өзі үлкендер мен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісімен ауыстырып қолдануға жағдай туғызады, мектептен тыс жағымды қоғамдық құрылымдардың ықпалын оқу-тәрбие жүйесіне ендіру мақсатында мектеп есігін ашық ұстау принципін ұстанып келеді.Шығармашылық, еркіндік педагог пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушының кәсібімен жалпы мәдениетіне жоғары талап қойып отыр.
Тәрбие жұмысы — бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Мектептің тәрбие жұмысын жүйе ретінде өзара байланысқан блоктар түрінде көрсетсе мынадай
Жоғарыда көрсетілгендей, мектептің тәрбие жүйесі оқушьшардың сабақ процесіндегі жөне сабақтан тыс уақыттағы тәрбиесін қамтиды. Ол сыныпта, мектепте, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдык жоне жеке-дара тәрбие пробелмаларын шешіп отырады, сонымен бірге мектептін тәрбие жұмысының отбасымен және жұртшылықпен тығыз байланыста жүргізілуіне аса зор мән беріп, оны өз іс-әрекетінде қоса атқарады.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді.
Тәрбие жүйесінде сынып жетекшісі мен мектеп өкілінің рөлі қалай өзгереді? Жаңарған мектептегі олардың функциялары қандай? Мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге біріншіден, ортаның оқушыға әсер етер ықпалын, екіншіден, өзі істейтін әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін,
олардың тәрбие ісіндегі барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу өте маңызды.
Білім беру жүйесі мен тәрбиеге сұраныс беруші қоғам екенін есте ұстаған жөн. Бұл қоғам әрі отбасы, әрі мектеп, орі үкіметтің мемлекеттік органдары болып табылады.
Қоғамдық—сұранысты іске асыру тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың атақаратын қызметі мен тәрбие процесін жүзеге асыратын оқу-тәрбие мекемесіне байланысты.
Балалар ұжымын ұйымдастырушы тәрбиешінің жұмысында негізгі екі бағытты бөліп алуға тура келеді: бірінші өзін-өзі басқару арқылы әр түрлі қызықты әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, екінші — ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін балалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру (эмоционалдық мазасыздану жағдайында моральдық қолдау жасау, ұжым ішілік қарым-қатынаста әрбір тәрбиеленушінің қолайлы бағытта болуы).
Балалар ұжымын дамыту процесінде тәрбиеші қызметінің мазмұны мен міндеттері өзгеріп отырады.
Жалпы білім беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі блоктары болып саналатын: диагностикалық, мазмұндық-тұтастық, ұйымдастырушылық — іс-әрекеттік, технологаялық, нәтижелілік — бағалаушылық, өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу және дұрыс пайдалану қажет.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы – сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.
Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық.
Басты қызметтері:
Достарыңызбен бөлісу: |