Шығармашылық жұмыс тақырыбы


Кюйзенер таяқшаларын түрлі –түсті карандаштардан жасап, ойынмен сабақ барысында қолдану



бет9/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#109899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
кюизенер

Кюйзенер таяқшаларын түрлі –түсті карандаштардан жасап, ойынмен сабақ барысында қолдану
Бір жыл ішінде байқағаным балалардың қызығушылықтары оянып, тез арада таяқшалармен жұмыс жасауға үйреніп кетті. Осы таяқшалар арқылы балалар санап қана қоймай, сонымен қатар ой-өрістерінің жетілуіне де көп әсерін тигізді, атап айтсақ сөздік қорларының дамуы, өздерінің жеке-дара таңдау жасай алуларына, өзбеттерімен керекті заттар құрастыра алуларына көп септігін тигізді.
Осы бақылауларыма сүйене отырып мен мынандай 8 кезеңнен тұратын жүктеме арқылы Кюйзенер таяқшаларын біртіндеп баланың сабақ барысына енгізуі үшін ойлап таптым:
1.Түрлі- түсті карандаштардан жасалған Кюйзенер таяқшалармен танысу. Баланы таяқшаларға мұқият қарату, араластырту, барлық таяқшаларды ұстатып көру, олардың түсін, ұзындығын анықтап айтқызу.


  1. Оң қолыңа сыйғанынша таяқшалар ұста, ал енді, сол қолыңа.




  1. Он Кюйзенер таяқшаларын қолданып, баспалдақ құрастыруға болады. Кіші ақ түстісінен бастап, үлкен тоқсары таяқшаға дейін немесе керісінше. Саусақпен баспалдақтарды баса отырып, 1-10-ға дейін дауыстап санауға болады және керісінше.




  1. Ою-өрнек салынған қағаз бетіне үлкен-кіші таяқша-карандаштарды таңдай отырып суретке қойғызу.




  1. Карандаш-таяқшаларды түстерге бөліп, ажырату.




  1. Әртүрлі пейзаж салынған суреттерді карандаш-таяқшаларды қолдана отырып, олардың ұзындығы, түсіне сай салып шыға алады.




  1. Кюйзенер карандаш-таяқшаларын үстел үстіне шашып, қазақтың ұлттық ойыны «асық жинау» эмитациясын ойнату. Бұл ойында ұзын-қысқы, түс таңдай, шапшаңдық, тез ойлау дамиды.




  1. Таяқшалардан жолдар, қоршаулар, поездер, төртбұрыштар, тіктөртбұрыштар, жиһаздар, әртүрлі үйлер жасауға болады.

Түрлі - түсті таяқшалар көмегімен балаларды көп - аз, соншалықты көп - аз қатынасын түсінуге жеңіл жеткізеді, қасиеттік қатынасқа танзитивті таныстырады, бүтінді бөліктерге бөлуге және белгілі өлшеуішпен объектіні өлшеуге, осы тәжірибелік әрекет процесінде, кейбір қарапайым атқарымдылық тәуелділік түрлерін игеруге үйретеді, сандық құрамы бірлік пен аз саннан



екенін есте сақтауда жаттығу жасау, сандарды қосу, көбейту, азайту, бөлуге қисындатуға әкеледі.
Сонымен қатар, таяқшалармен ойнай, балалар «сол», «ұзын», «арасында», «әрқайсысы», «соның ішінде біреуі», «кез - келген», «бір және сол түсте болу», «көгілдір түсте емес болу», «бір ұзындықтың бары» және т.б. түсініктерді игереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет