5. Логикалық тапсырмалар
Кюизенер таяқшалармен ойын
1.Егер бала қаламаса оны мәжбүрлемеу керек байқаңдар жас шамасына
2. Баланың жас-шамасына
3. қиын тапсырманы бермендер
2-3 жастағы балаларға жайғана түстермен таныстыру егер бала түстерді жақсы естеріне сақтаса сонда математика сабағына таяқшаларды қолданындар.
“Санды айт”
Тәрбиеші кез-келген санды айтады бала сол санға байланысты таяқшаны көрсетеді. Керісінше, тәрбиеші таяқшаларды көрсетеді, бала санды атап шығады. Бала шатыспау үшін сандарды рет-ретімен айтып шығу керек 1-10 дейін. Содан соң тапсырманы біраз қиындатуға болады. Содан соң есеп шығару.
«Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»
Мектеп жасына дейінгі кезең баланың танымын дамытатын кезең болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.
Мектепке дейінгі жас – танымдық қабілеттің қарқынды даму жасы.
Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың танымдық қабілетін дамытып, арттыруда Кюизенер таяқшаларының маңызы зор.
Кюизенер таяқшалалары бүкіл әлемге танымал дидактикалық құрал. Оны Бельгиялық математик Х.Кюизенер жасаған. Кюизенер таяқшаларын педагогтар балалармен жұмыс кезінде математикалық білімдерін дамыту үшін қолданған. Бұл таяқшаларды сәбилер тобынан бастап, ересек топтарға дейін қолдануға болады. Кюизенер таяқшаларын түрлі-түсті таяқшалар, түрлі-түсті сандар, түрлі-түсті жолақшалар, санамақ таяқшалар депте атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |