Шығармашылық жұмыс тақырыбы


Кюизенер таяқшаларымен ойындар, тапсырмалар



бет8/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#109899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
кюизенер

Кюизенер таяқшаларымен ойындар, тапсырмалар

  1. Таяқшалармен танысамыз. Баламен бірге барлық таяқшаларды қараңыз,    ұстаңыз, түсі, ұзындығы қандай екенін айыңыз

  2. Оң қолына мейлінше көп таяқша ұста, ал енді сол қолымен.

  3. Таяқшалардан жол, шартақ, поезд, шаршы, тіктөртбұрыш, жиһаз, әртүрлі үйлер, гараждар құрастыруға болады.

  4. 10 таяқшадан саты құрастырамыз ең кішкентайынан (ақ) ең үлкенге дейін (қына сары) және керісінше. Саусақтармен сатыдан жүрейік. 1-10 дейін санайық.

  5. 1 таяқшадан қалдырып, саты құрастырамыз. Бала жетпейтін таяқшаларға орын табу қажет.

  6. Таяқшалардан конструктормен тәрізді көлемді заттарды да жасауға болады : құдық, мұнара, үйшік т.б.

  7. Таяқшаларды түсі, ұзындығы бойынша орналастырамыз.

  8. "Менің таяқшамның түсі тәрізді таяқшаны тауып берші . Оның түсі қандай?"

  9. "Менде қанша таяқша болса, сонша таяқша қой".

  10. "Түстерін кезектестіріп, таяқшаларды қой: қызыл, сары, қызыл, сары" (кейін алгоритм күрделенеді).

  11. Кюизенердің бірнеше таяқшаларын қойыңыз, бала оны есінде сақтасын, бала байқамаған уақытта бір таяқшаны жасырыңыз. Бала жоқ таяқшаны табуы қажет.

  12. Бірнеше таяқшаны қойыңыз, бала орналасу тәртібін есте сақтайды. Таяқшалардың орнын ауыстырыңыз, бала қайта орнына қою керек.

  13. Балаға екі таяқшаны көрсетіңіз: "Қай таяқша ұзын? Қайсысы қысқа?" Таяқшаларды бірінің үстіне бірін қойып, салыстырсын .

  14. . Кюизенер таяшасының бірнешеуін бала алдына қойыңыз : «Ең ұзыны қайсы? Ең қысқасы қайсы?»

 



15. "Көк таяқшадан қысқа, ал қызыл таяқшадан ұзын кез-келген таяқшаны берші".

16. Таяқшаларды екі топқа бөліңіз: біреуінде 10, ал екіншіде 2 таяқша. Қайсысында таяқша көп?

17. Қызыл, көк, сары таяқшаны көрсетуін сұраңыз.

18. "Сары емес таяқшаны көрсетші ".

19. Екі бірдей таяқшаны көрсетуін сұраңыз. "Ұзындықтары қандай? Түстері қандай? "

20. Ең қысқадан ең ұзынға дейін, вагон ұзындықтары әртүрлі поезд құрастырыңыз. Бесінші, сегізінші вагонның түсі қандай? Көк вагонның сол жағындағы, ал сары вагонның сол жағындағы вагон қандай түсті? Ең қысқа, ең ұзын вагон? Қай вагон сарыдан ұзын, көктен қысқа.

21. Бірдей жұп таяқшаларды алып, «таяқшалардың жұптарын табуды сұраңыз».

22. Санды атаңыз, бала соған сәйкес таяқшаны көрсетеді (1 - ақ, 2 – қызғылт т.б.). Керісінше, сіз таяқшаны көрсетесіз, бала керек санды атайды.

23. Бірнеше таяқшадан күлгін, қына сары таяқшаның ұзындығындай жолақ құру керек.

24. Бірдей таяқшалардан қына сары таяқшаның ұзындығына тең жолақ құр.

25. Көк таяқшаның ұзындығына қанша ақ таяқша керек?

26. Қына сары таяқшаның көмегімен кітаптың, қарындаштың ұзындығын өлшеу керек.

 27. "Үстел үстіндегі барлық таяқшалардың түсін ата".

28. "жинақтан ең ұзын, ең қысқа таяқшаны тап. Бір-біріне, енді бір-бірінің қасына қой".

29. «Түстері бірдей 2 таяқша ал. Ұзындықтары қандай? Ұзындықтары бірдей 2 таяқша ал. Олардың түстері қандай?»

30. "Кез-келген 2 таяқшаны ал, ұзын таяқша астында болатындай орналастыр".

31. Бір-біріне параллель үш күлгін таяқшаны, ал оң жағына төрт күлгін таяқшаны қойыңыз. Қай пішін кең, қайсысы жіңішке.

32. "Таяқшаларды төменнен, жоғарға қой. (бір-біріне параллель). Бұл таяқшаларға дәл осындай қатарды жоғардан, кері қой.". (Шаршы шығу керек).

33. "Көк таяқшаны қызыл және сары таяқшаның ортасына, ал қына сарыны қызылдың сол жағына, ал қызғылтты қызылдың сол жағына қой"

34. «Көзіңді жұмып, қораптан кез-келген таяқшаны ал, қара, түсін ата»

35. « Көзіңді жұмып, қораптан ұзындықтары бірдей 2 таяқшаны тап. Бір таяқша сенің қолыңда, түсі көк, ал екіншісі сонда қандай түсті?»

36. «Көзіңді жұмып, қораптан ұзындықтары әртүрлі 2 таяқшаны тап. Егер бір таяқша сары болса, екінші таяқшаның түсі қандай?»

37. « Менің қолымдағы таяқша көк таяқшадан сәл ғана ұзын. Оның түсі қандай?»

38. «Қызылдан ұзын, көктен қысқа барлық таяқшаларды ата»

39. «Мына таяқшаға тең емес, кез-келген екі таяқшаны ата»

40. Таяқшалардан  пирамидка құрастырып, ең астыңғы, үстіндегі, көк пен сарының, көктің астындағы, қызғылттың үстіндегі, қай таяқша төменде: күлгін немесе көк екенін анықта.

41. «Екі ақ таяқшадан біреу, ал қасына ұзындығына тең таяқшаны қой (қызғылт). Ал енді үш ақ таяқшаны қоямыз – оған көк сәйкес келеді»

42. «Қолына таяқшаны ал, сана»

43. Қандай екі таяқшадан қызыл таяқшаны құрастыруға болады? (сан құрамы)

44. Менде ақ түсті таяқша жатыр.. Ұзындығы қызыл таяқшаға тең болу үшін, қандай таяқшаны қосу керек.

45. Қандай таяқшалардан 5 санын құрастыруға болады? (әртүрлі тәсілдері)

46. Көк таяқша қызғылт тақшадан қаншалықты ұзын?

47. "Екі поезд құрастыр. Бірінші, қызғылт пен күлгіннен, ал екіншісі көк пен қызылдан"

48. "Бір поезд көк және қызыл таяқшадан тұрады. Ақ таяқшалардан бар вагоннан 1 вагонға ұзын поезд құрастыр".

49. «Екі сары таяқшадан поезд  құрастыр. Ұзындығы сондай поезды ақ таяқшалардан құрастыр»

50. Қына сары таяқшаға қанша қызғылт таяқша сай келеді?

51. Төрт ақ таяқшадан шаршы құрастыр. Осы шаршы негізінде баланы бөлшек, бүтін ұғымдарымен таныстыруға болады. Төрттен бір бөлігін, төрттен екі бөлігін көрсет. Не көп - ¼ немесе 2/4?

52. "Таяқшалардан 11 ден 20 аралығындағы әр санды құрастыр".

53. Таяқшалардан қандай да бір пішін құрастырып, баланың дәл сондай пішін құрастыруын сұраңыз.

54. Бала сіздің нұсқауыңызға сәйкес, таяқшаларды қояды: "Қызыл таяқшаны үстелге қой, оң жағына көк, ал астына сары таяқшаны қой " – т.б.

55. Қағазға әртүрлі геометриялық пішіндерді салыңыз. Балаға қызыл таяқшаны шаршыға т.б қоюын сұраңыз.

56. Таяқшалардан әртүрлі лабиринттер, әртүрлі өрнектер, кілемше, пішіндер қ ұрастыруға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет