5 кезең «Ептілік сайысы»
Шарты: Шелектегі суды қасықпен тасу
Жүргізуші: Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 6 - сайыс «Секіртпемен жүгіру»
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол –
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Жүргізуші: Сонымен қатар мектебіміздің атынан оқушыларымызға арналған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.
«Толағай» әні орындалады.
Тақырыбы: «Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя»
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қағаздар, маркерлер, стикерлер, ұлттық бұйымдар: жүн тарақ, ұршық, айналсоқ, қырықтық; заманауи бұйымдар: джойстик, флешкарта.
Сабақтың барысы:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, ата-ана, балалар! Шеңбер болып тұрайық жылы жүзді, Бізге келсін қуаныш нұрлы ізді, Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н. Ә. Назарбаев)
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды оқытқаныма мен қуаныштымын. Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір-бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
(қағазда жазылған сөздерді балалар жұптасып ұстап шығады) Аспанымыз ашық болсын! Өміріміз күлкіге толсын! Деніміз сау, отбасымыз аман болсын! Әр күніміз жарық болсын! Жұмыстарыңыз жемісті болсын! Еліміз тыныш болсын! Жанұяларыңыз берекеге толсын! Көк туымыз биікте желбіресін! Бір - бірімізге мейірімді болайық! Құрметтеп ата-анамды, Ардақтап әпке, ағамды, Қамқор боп сіңлі-ініме, Сыйлымын үлкен-кішіге. Бәрін де жақсы көремін, Үнемі көмек беремін. Үлкенді сыйлау - кішілік, Үлгілі мінез - кісілік.
1. Отбасы деп кімдерді айтамыз? Ассоциация әдісімен өткіземін.
2. Досанның әңгімесі Шешендік сөз: Қазыбек бидің баласы Төле бимен кездесуге барғаны жайлы. (белсенді сұрақ қойып әңгімені қорытындылаймын)
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
«Бала тәрбиесі» бейнефильмін қарайды, талдайды Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата - асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ. Ата мен әже – әкенің әкесі мен шешесі. Көптеген немерелер атасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Ержеткенде атасы мен әжесіне қолғанат болып, көмектеседі. Әжесін немерелер тыңдап, құрметтеп, сыйлайды. Әке мен ана – баланы дүниеге әкелуші, асырап - бағушы, тәрбиелеп - өсіруші, ең жақын қамқор адамдар. Бала – ата-ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Ол ата - анасының алдында шексіз қарыздар. Құран Кәрімде: «Біз адамдарға ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған.
Отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс-шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері, дәстүрлері, т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана. Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |