Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі Амангелді негізгі орта мектебі Тақырыбы: Құрастырған: 5-сынып жетекшісі Гумарова А. А


Тақырыбы: «Отбасындағы әкенің рөлі»



бет13/21
Дата27.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#155203
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Ата-аналармен жұмыс жоспары

Тақырыбы: «Отбасындағы әкенің рөлі»
І бөлім Баяндама «Отбасындағы әкенің рөлі»
ІІ бөлім Пікірлесу «Әкелердің балаларымен қарым – қатынас жасау ерекшеліктері»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті әкелер! Бүгінгі отырысымыз « Отбасындағы әкенің ролі» - деген тақырыпта өткелі отыр. Мұндағы негізгі мақсат: «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле - өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей бала тәрбиесінің отбасынан бастау алатындығын түсіндіру. Баланың бас ұстазы ата – ана десек, соның ішінде қазіргі уақыттағы әкелердің тәрбиелік ролі туралы әңгімелесу, кеңесу болып отыр. «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» - дей отыра ата – ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғанын қалайды. Олай болса әрбір бала ата – ананың еңбегін бағалай білуге тиісті.
Бүгінгі әкелеріміз қонаққа келіп отыр.
Жүргізуші:1. Тренинг: «Амандасу» .Ортада мектеп психологі Ж.Б. Самарқановна
Күлкі бейнеленсе, онда бір – бірімізге күлімдей қараймыз.
Алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз.
Жүрек бейнеленсе төс қағысамыз
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң –
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей әкелерге алғашқы сұрақ.
Сұрақ: Сіз үшін бала деген кім? /болашағым, көмекшім, қамқоршым, қымбаттым/
2. Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз сіздің өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істейсіз? 2. Балаларыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?
3. Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз?
4. Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болады. Cіздің ұлыңыз машинамен шықпақшы болып уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрайды. Сіз не істер едіңіз?
5.деңгейі төмен оқушы нашар баға алса, ол өзін басқалардан төмен санайды. «Мен бәрібір ол екіні жоя алмаймын» деген ойда қалады. Баланың осы кемшілігін жою үшін не істеу керек?
6.Сіз балаңызды жақсы тамақтандырып, киіндіріп, ел қатарлы тәрбиелеп отырмын деп есептейсіз. Бірақ балаңыздың сынып жетекшісі үйге келіп, балаңыздың тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен, мектеппен байланысыңыз жоқ екендігін айтады. Сіз бұл туралы не айтар едіңіз?
Әкелердің ойын бақылау.Алдын ала сарапшы тағайындау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет