Шығыс қазақстан облысының білім басқармасы



Дата02.10.2022
өлшемі236,54 Kb.
#151410
Байланысты:
Қабанбай 330 ақпарат хат 1111111 — копия


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ












АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Шығыс Қазақстан Облысының білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы,


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Қазақстан тарихы» және «Қабанбай батыр» атындағы әскери кафедралары 2022 жылдың 14 қазан күні дарабоз батыр, талантты қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, саясаткер Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлының 330 жылдық мерейтойына арналған «Жаугершілік заманның қазақ батырлары: тарих және тағылым» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді



Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – Рухани жаңғыру идеясы негізінде ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғаған, халық мақтанышына айналған Ерліктің арқауы,елдіктің бастауы болған дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай бабамыздың ерлігін ұлықтау арқылы жас ұрпаққа насихаттау, қазақстандық патриотизм құндылығының өзегіне айналдыру, отаншылдық қасиетті қалыптастыру.


Конференция жұмысы үш бөлімнен тұрады:
1.Пленарлық бөлім (офлайн түрінде)
2.Диалогтық алаң (офлайн түрінде)
3.Секциялық бөлім (онлайн түрінде)


Секция бағыттары.

  • Қабанбай батыр ерлігі тарих жазбаларында

  • Батыр бабалар ерлігі- жас ұрпаққа аманат.

  • Батыр баба есімі мәңгілік. (Қабанбай батыр есімі берілген жер атаулары)




  • Қазақ ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған Қабанбай батыр бейнесі.

Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бас корпусы
Өткізілу форматы: офлайн және онлайн
Өту күні: 14 қазан 2022 жыл
Уақыты: сағ.10.00 – 17.00
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Қатысу үшін өтінімдер, баяндама және мақалалар: 2022 жылдың 10 қазанына дейін электронды нұсқада b.abraimova@mail.ru электрондық почтаға жіберілуі тиіс.
Ұйымдастырушылар:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасы.
Қатысушылар – Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы,Шымкент қалаларының ЖОО –ның ғалымдары, магистранттар, докторанттар, әдістемелік орталық (кабинет) әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен директор орынбасарлары, пән мұғалімдері, мұражай қызметкерлері.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақаланың көлемі-7-8 бетке дейін, MS WORD редакторында *. doc,* .rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Мәтін шрифі «Times New Roman» - 12. Аралық интервал-бір; абзац-1см. Шектері: жоғары мен төменгі-2,солжағы-3,оң жағы-1,5.Автордың аты-жөні мен жұмыс орны (ұйымның атауы)-оң жақта,интервал арқылы төменде ортада жазба әріптермен мақала атауы көрсетіледі. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 65-б]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмерлеу нүктесіз).
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес емес мақалаларды қабылдамауға құқылы.


Марапаттау: Қаракерей Қабанбай бабамыздың 330 жылдық мерейтойына арналған «Жаугершілік заманның қазақ батырлары: тарих және тағылым» атты конференцияға қатысушыларға арнайы сертификат беріледі, баяндама жасаған қатысушылар алғыс хатпен марапатталады.


Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасы e mail: kafedra_ik_vku@mail.ru;
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы
Абраимова Бахыт Касеновна (87017677658) e mail: b.abraimova@mail.ru
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

1

Тегі,аты-жөні толық




2

Облысы, жұмыс орны толық атауы




3

Ғылыми атағы мен дәрежесі




4

Лауазымы және пәні




5

Байланыс телефоны




6

e-mail




7

Секция атауы




8

Баяндама тақырыбы




Құрметпен ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет