Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылы атқарған жұмысы туралы АҚпарат



бет2/2
Дата20.06.2018
өлшемі104 Kb.
#43285
1   2
2. 2007 жылы облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, онда 41 мәселе қаралды, оның 12 Мемлекеттік ономастика комиссиясына жіберілді. Комиссия шешімі бойынша  аудан және қалалардың әкімдіктеріне 13 ұсыныс жіберілді. Осы ұсыныстар негізінде облыс орталығында  9 көшенің, 1 алаңның және 2 саябақтың атаулары  қайта аталып, қазіргі заманның талабына сәйкестендірілді.

4. Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары, халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму



1. Жыл ішінде мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыттары бойынша 1 ғылыми-практикалық конференция, 4 дөңгелек үстел, 3 семинар-кеңес , 12 байқау-конкурстар өткізілді. Көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы облыстық байқауы, басқа ұлт өкілдері жастарының арасындағы «Абай оқулары», «Тілімде жаным тұрған соң..» жазба ақындардың облыстық мүшайрасы, «Таза, мінсіз, асыл сөз...» облыстық жыршылар сайысы,  «Мемлекеттік тілдің өзекті мәселелерін ең жақсы көтерген журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы конкурс», М.Мақатаев атындағы облыстық ақындар сайысы т.б. облыс жұртшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды. «Таза, мінсіз, асыл сөз» жыршылар сайысы мен Мұқағали Мақатаев атындағы ақындардың республикалық сайысында біздің облыстың жеңімпаздары  Т.Маткәрімов 1 орынды және  Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің 2 курс студенті Н.Өмірбаев Бас жүлдені иеленді.
2. Ақпан айының 20-нан  наурыз айының 20-на дейін облыста «Тілге құрмет-елге құрмет» айлығы өткізілді. Айлық барысында елді мекендердегі көрнекі ақпараттарды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының талаптарына сәйкес ресімдеу бойынша рейдтер ұйымдастырылды.
Жалпы облыс көлемінде жыл ішінде 400-ден астам нысандар тексеріліп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының талаптарын бұзушылықтың 279 фактісі анықталды, оның  191-де заң талаптарын бұзу фактілері жойылды. Көрнекі ақпарат мен жарнамаларды орындайтын жарнама агенттіктері мен көркемдеуші орталық басшыларымен Заң талаптарын сақтау бойынша арнайы кеңес өткізілді. Олардың қызметін ынталандыру, көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік жарнама» конкурсын өткізу дәстүрге айналдырылды.
3. Жыл ішінде облыста тіркелген 22 электронды және 151 баспа бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде облыстық «Дидар» газетінде «Ана тілің- арың бұл», «Рудный Алтай» газетінде «Язык наш...» айдарларымен басқарманың тапсырысты беттері тоқсан сайын шығарылып тұрды. Басқарма тарапынан баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырылады, 2007 жылы  мемлекеттік тіл саясатына арналған 383 материал жарық көрді.
2007 жылы басқарманың қатысуымен және ұйымдастыруымен ай сайын «Қазақстан-Өскемен» және «Қалкен ТВ» телеарналарында  «Айтарым бар..» және «Темірқазық» бағдарламалары шығып отырды. Онда мемлекеттік тіл саясатының облыстағы іске асу жағдайы, оның проблемалары мен оларды шешу жолдары көтеріліп, 14 арнайы хабар ұйымдастырылды. облыстағы телеарналардағы хабарлардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 18-бабының талаптарына сәйкес болуына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырылды.
4. Халыққа қызмет көрсету салаларында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 18-бабының талаптарына сай жұмыс істейтіндей екі тілді мамандарды тарту жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық көліктерде аялдамаларды екі тілде хабарлап отыру енгізілді, жол жүру билеттері мемлекеттік тілде жасалды. Қаладағы 070 анықтама қызметі, қалааралық байланыс жүйесінде екі тілде анықтама беруді кіргізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Халыққа қызмет көрсететін салаға жататын мекемелер мен кәсіпорындарға мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен «Орфографиялық сөздіктер» мен электрондық сөздіктер таратылып берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы №20/312-ІІ шешімімен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының 2007 жылға арналған  іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатына 28 млн. 595 мың теңге бөлінді. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 13 есе, 2006 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Көрсетілген қаражат 2007 жылы толығымен игерілді.


Сайып келгенде, 2007 жылы басқарма тарапынан белгіленген іс-шаралардың барлығы дерлік атқарылды. Соған қарамастан әлі де шешімін таппай отырған мәселелер бар. Мысалы, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолданылу аясын кеңейтуде көптеген мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тарапынан жауапкершілік, мемлекеттік қызметшілерге деген талап төмен. Соның салдарынан  мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі, әсіресе оның құжат айналымындағы үлесі төмен болып отыр.
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тілдік даму әлі де болса талап деңгейінде емес. Облыстағы 100 бала бақшаның тек 28 ғана мемлекеттік тілде тәрбиелеп оқытады.
Халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік дамуды жетілдіру, көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде ресімдеуді қамтамасыз етудегі әсіресе қалалардың атқарушы органдарының қызметі  қайта құруды қажет етеді. Олар тарапынан кәсіпорындар мен мекемелерге, орта және шағын бизнес субъектілеріне бұл тұрғыда талап пен бақылау нашар, жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Заңнамалық құжаттарда атқарушы органдардың тіл саясаты мәселесіндегі бақылаушылық құзіретінің жоқтығы да мәселені біраз күрделендіріп отыр.
2007 жылы шешімін таппаған мұндай және тағы басқа да проблемалар тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарманың 2008 жылғы қызметінде толығымен ескерілетін болады.

 
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет