Шығыс қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты


Қосымша 2 Сабақты өзіндік талдауы



бет26/80
Дата05.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#26116
түріМетодические рекомендации
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80

Қосымша 2

Сабақты өзіндік талдауы


Сабақты өзіндік талдаудың деңгейі.



  • Эмоционалдық – еріксіз деңгей, мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетіне қанағаттану немесе қанағаттанбауды сезінеді.

  • Бағалау, сабақ нәтижелерінің алдыға қойған мақсаттар мен жоспарға сәйкестігі бағаланады.

  • Әдістемелік, сабақ өзіне қойылатын әдістемелік талаптар тұрғысынан талданады.

  • Рефлексивті, әрекеттердің себебі мен оның салдарлары анықталады. Бұл талдаудың жоғарғы деңгейі, оны іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық теорияны тарту қажет. [4].

Сабақты өзіндік талдау схемасы [3, 21 с.]


Өткізу мерзімі _______
Сынып _________________
Тақырып____________________________________________________________

  1. Сабақтың кезеңдерін айтаңыз, сабақтың элементтеріне, олардың сабақтастығы мен қанықтығына баға беріңіз. Сабақта белгіленген жоспарды іске асыру қолыңыздан келді ме? Қандай мөлшерде? Қаншалықты сапалы? Жоспардан ауытқушылық болды ма? Оқушылар материалды меңгерді ме?

  2. Оқушылар алдында қандай мәселелер қойылды, мәселе балалардың назарын аударды ма? Сабақ кезінде мұғалімнің және оқушылардың іс-әрекеті қалай ұйымдастырылды?

  3. Сабақтың қандай элементтері ұтымды болды? Оқушылардың назарын аударып, қызықтыра алдыңыз ба? Немен және қалай? Материалдың, оны оқушыларға берудің әдісінде қандай жаңашылдық болды? Сабақ кезінде қандай ашылулар болды?

  4. Кім қарқынды жұмыс істеді – мұғалім немесе оқушы ма? Сабақ барысында белсенді оқушылар болды ма? Бастаманы көрсете алды ма? Сабақты ұйымдастырудың, оның мазмұны мен әдістерін жақсарту мүмкін бе?

Сабақ кезінде оқушылардың оңтайлы жұмыс жағдайын бағалаңыз. Жаңа материалды бағалау оларға қиынға түсті ме? Сабақ кезінде оқушылар өзін қалай ұстады? [1, 39.]

  1. Сабақ кезінде жалпы климат қандай болды? Нені іске асыра алмадыңыз? Нені түзету керек және қалай?

Әдебиет


  1. Аллаярова Г.И., Краснова Н.В. Урок самопознания: структурные компоненты, схема анализа. // «Самопознание-KZ», №4, 2010. – 39 с.

  2. Зыков М.Б. Анализ современного урока. Россия, 2004.

  3. Малаховская Т.Н. Анализ и самоанализ урока. Минск, 2004.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет