Дәстүрлі Түркі дүниесі көбінесе эмпириялық және эпистемолог. тұрғыдан болмысты танудың “үштік әлем”, “үштік ойлау” түсініктері тұрғысынан көрініс береді. Үштік әлем ұғымы Орхон-Енисей жазуларында “жоғарыда зеңгір көк пен төменде йауыз (қара) жер” осы екеуінің арасында “адам баласы жаратылғанда” түрінде кездеседі. Тәңір – “Адам – Әлем” үштік ғарыштық компоненттерінің орт. ұстыны ретінде адам мен әлемнің өзара үндестігінің себебі әрі шарты.
Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді.
Орхон-Енесей жазбалары «Қорқыт Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.