Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы



бет85/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы :
1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.

2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.

3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.

4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындад



68. 1917-1920 жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар («Алаш», «Үш жүз»)

XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы қоғамдық қозғалысқа ат салыскан әлеуметтік күштердің орнын ауыстыру, қазақ коғамындағы таптық қайшылықты көпе-көрнеу асыра бағалау, осы негізде қисынсыз теориялық тұжырымдама жасау етек алды. Ал, шын мәнінде, сан жағынан тым аз әрі тап ретінде қалыптасып үлгермеген қазақ жұмысшыларының да, егіншілікке жарамды құнарлы жерінен айырылған қазақ бұқарасының да, қоғамның аз ғана бөлігін құраған ауқатты билеуші топтардың да қоғамдык санасын билеген ортақ ой — орыс әкімшілігі орнатқан құлдық тәртіптен құтылу еді. Соған сәйкес, отарлық езгідегі қазақ қоғамында таптық санадан гөрі ұлт-азаттық сананың тезірек пісіп-жетілуіне колайлы алғышарттар жасалды.

Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің  нәтижесінде Алаш қозғалысы өмірге келген еді. Қозғалыстың басты тірегі 1917 жылы шілдеде құрылған жалпыұлттық «Алаш» партиясы еді. Қазақтың  ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбай, Міржақып Дулатұлы т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету: 1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; 2) қазақ қоғамының  дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінің саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы әртекті қазақ ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси ұйымы болды.

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз.

Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол түста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.



Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. 

Алаш қозғалысы - бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялык жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы Қазақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келеек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан 1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сиездерін, 1906-1907 жылдары Реcейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә.Бөкейханның, А.Бірімжановтың, А.Қалменовтың, Б.Қаратаевтың, Мұхаметжан Тынышбаевтың, Б.Құлмановтың, Ш.Қосшығұлұлының т.б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ жәш оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Х.Досмұхамедұлы , М.Тынышбаевтардың қатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине бұл сиез кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашкы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі әсіресе 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марееков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы «Айқап» журналында сиез шақыру жөнінде Ж.Сейдалин «Азып-тозып кетпееке не амал бар?» атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шакыру мәселесінде Б.Қаратаевтан, Б.Құлмановтан, Ә.Бөкейханнан, А.Байтұрсынұлынан, Р.Марсековтен, М.Тынышбаевтан, С.Лагиннен, Х.Досмұхамедұлынан, Ә.Алдияровтан, М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан, Б.Есмахановтан, З.Сейдалиннен, Б.Сыртановтан, Ж.Ақпаевтан хат күтетінін жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет