Балаға арналған өлеңдер: Құтты болсын бесігің
Артық болып несібің.
Дастарханың жайылып,
Ашық болып есігің,
Өре берсін балалар.
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын.
Құтты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерін қабыл боп,
Орындалсын ойларың.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Шілдехана, бесік тойға арналған бата: Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын!
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып терлетсін,
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын берікті,
Қол қанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті, ‘
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты,
Аллау әкбәр!..
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/