Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктік бақылау



бет19/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
320859 (1)

15 тақырып. Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктік бақылау.

1.Банктің кірістерінің көздері.


2.Пайыздық кірістер. Комиссионды сыйақылар формасындағы кірістер. Өзге де кірістер.
3.Тұрақты жэне тұрақсыз табыстар. Коммерциялық банктің шығыстары.
4. Проценттік маржа.
5.Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстарының деңгейін бағалау.Коммерциялық банктің таза кірісінің қалыптасуы және қолданылуы.

Банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп електрондық тасымалдағышта мынадай мерзімдерде:


1) күн сайынғы есеп – есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады (ай сайынғы есеппен бір мезгілде тапсырылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда)
2) ай сайынғы есеп – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштардағы есептерге банктің бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қояды, олар мөрмен куәландырылады және банктерде сақталады.
Электрондық форматтағы есептер ұсынылып отырған деректердiң конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.
Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банктің бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
Есептілік ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, банк уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсіндірме ұсынады.
Есептілік ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен асатын мерзімде есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, банк уәкілетті органға және Комитетке есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтінішхат ұсынады. Уәкілетті орган банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы заңда көзделген шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР ¥лттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құықтык актілермен анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған "Банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңының 41-бабына сейкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
• прудетшялық нормативтер белгілеу;
• банктердің орындауына міндетті нормативтік құқъқтық актілер шығару;
• банктердің қызметін тексеру;
• банктің қаржыльқ жағдайын сауықтандыруға байпанысты ұсыныстар беру;
• банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
• банктерге немесе олардың лауазьшды тұлгаларына санкциялар беру.
ҚР ұлттық банкі халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Екінші денгейдегі банктер ҚР Қаржылық қадағалау агенттігіне есеп берудің төмсндегідей формаларын тапсырады:
- 700 Нформасы бойынша күнделікті балансы;
- ашық валюталық позщияның лимиттері және валютаның нетто-позициясы тураяы апталық есебі;
- ағымдагы өтімділікті орындағаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелертің өзара салыстыру кестесі).
- пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп 6еруі;
- активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктелінуін;
- тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.
Қазакстан Республикасының пруденциялық нормативтері туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, кЗ,1, кЗ,2, к4,1, к4,2 және к5 коеффициенттерінін есептелген мәліметтерін есеп беретін айдан кейінгі айдың сегізінші күнінен кешіктірмей Қаржылык кадағалау агенттігіне тапсырады. Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру ушін ақпаратты-статистикалық басқармасынын есептелген мәліметтерімен салыстырып отырады.
Қазақстан Республикасының ¥лттык банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туральг тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық қадағалау агенттігіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылык есеп берсді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәлійеттерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.
Кестеде берілген мәліметтер ВОSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылык жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтингісін аныктауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет