11 тақырып. Коммерциялық банктердің лизингтік, трасталық, факторингтік, форфейтингтік операциялары.
1.Лизингтік операциялардың пайда болуы, дамуы, артықшылықтары. Лизинг және лизингтік операциялардың түрлерін класссификациялау.
2.Траст және траст операцияларының маңызы, дамуы мен траст операцияларын реттеу.
3. Коммерциялық банктерде лизинг операцияларын жүргізу тәртібі.
5. Факторинг туралы түсінік. Факторинг операцияларының банктің несиелік операцияларына ұксастығы.
6.Форфейтинг және оның пайда болуы және форфейтинг операцияларынын түрлері
1.Лизингтік операциялардың пайда болуы, дамуы, артықшылықтары. Лизинг және лизингтік операциялардың түрлерін класссификациялау.
Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік. Олардың инвестициялық портфельді қалыптастырудағы мақсаты.
Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару.
Банктердің инвестициялық операциясы бұл олардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын сипаттайды.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:
- банктің эмитент ретіндегі операциялары;
- инвестор ретіндегі операциялары;
- делдал ретіндегі операциялары.
Коммерциялық банктер емитент ретінде төмендегідей бағалы қағаз-
дарды шығарады:
- акция,
- облигация;
- банктік сертификат;
- туынды бағалы қағаздар.
Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде , оның жарғылық капиталын қалыптастырады.
Облигация мен сертификатты шығару арқылы банктер қосымша қаражаттар тартады.
Банктің инвестор ретіндегі қызметінін нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Бұл жерді банктер табыс алу мақсатында өзге емитенттердің бағалы қағаздарына қаражаттарын салады. Әрине қаражат салуда мынадай факторларды ескереді:
- тәуекел деңгейі;:'
- өтімділік дәрежесі;
- табыстылық.
Лизинг туралы түсінік және оның объектілері мен субъектілері және қызметтері. Лизинг түрлері. Лизинг операциясын жүргізу тәртібі.
Лизинг- бұл лизинг берушінің (жалга берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЕЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріс-ке, сауда-саттыққа және қоймага арналган құрылгыларды лизинг алушыга (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шүғыл жене қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг- бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизингі- бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандықжәне халықаралықтәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг- бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг- бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизингэкспортықжәне импорттык болыпбөлінеді.
Экспортықлизингке шетел лизнг алушы болаа, импорттық лизингтешетел лизинг беруші болып табылады.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша каражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе керсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мемілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік толемдер мен кұрал-жабдыктың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Лизингтік контракт. Лизинг - бұл ұйымдастырылуы біршама күрдслі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш контракті жасалады: I) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдыктаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
2.Траст және траст операцияларының маңызы, дамуы мен траст операцияларын реттеу Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады. Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.
Форфейтинг мемілесі бойынша, алдымен экспортер озінің тауарын несиеге алушыны - импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни кдрыздык міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушіиіңбеделі немесе қаржылықжағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мен берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мсрчімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылықжағдайы.
Форфейтинг мемілесінде үш қатысушы болады:
Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
Форфейтер, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арпайы ұйым.
Траст операциясы—клиенттің сенімді тұлгасы ретінде оның мүлкін басқаруга және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге баиланысты банктің операцыялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
1. Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) - сенімді мсншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік кұқықтардың меншік иесі. Траст қүрылтайшысы рстінде кез келгсн қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
Трастыны иемденуші (сеніп тапсырғантұлга) -траст келісімшартын-дағы көрсетілген жағдайға сейкес, мүлікті басқару кұқығын өзіне кабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын жене жылжымайтын мүліктер де жатады.
Бенефициар - траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды жене жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иемденушіге бе-рілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.
Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиентеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін ер түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |