Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Коммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілеттілігін басқару



бет18/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
320859 (1)

14 тақырып. Коммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілеттілігін басқару
Дәріс 27
Банктің өтімділігі және оны анықтаудың факторлары. Өтімділіктің функциялары. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаттары. Банк өтімділігінің көрсеткіштері: олардың мәні және бағалау әдістері.
Дәріс 28.
Жәй өтімділік көрсеткіші және ағымдағы өтімділік көрсеткіші. Банктің өтімділігін басқару процесі. Басқару әдістері. Активтерді және пассивтерді басқару. Жалпы қор әдістері. Құралдарды конверсиялау (айырбастау) әдістері.
Банк өтiмдiлiгi және төлем қабілеттiлiгi салымшылар мен қарыз берушiлер алдында банктiң өз мiндеттемелерiн уақытында және шығынсыз орындау қабілетi.
Жалпы, банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігін білдіреді.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты - міндеттемелерді орындау мерзімі жеткен кезде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі сондай-ақ жалпы економикадағы жағымсыз жағдай.
Банктiң мiндеттемелерi нақты және потенциалды деп бөлiнедi. Банктiң нақты мiндеттемелерi: талап ету депозиттерi.
Мерзiмдi депозиттер, тартылған банк аралық ресурстар, несие берушiлердiң қаражаттары түрiнде банктiң балансында көрсетiледi.
Ал потенциалды немесе баланстан тыс мiндеттемелерге: банктен берген кепiлхаттар, клиенттерге несие желілерiн ашу арқылы көрiнедi.
Егер коммерциялық банктердiң борыштық және қаржылық мiндеттелердi уақытында орындау үшiн қолма - қол ақшалай қаражаттар басқада өтiмдi активтерi болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкiндiгi жеткiлiктi болса, онда бұл өтiмдi банк болып табылады.
Банк өтiмдiлiгiнiң екi формасы, яғни мiндеттемелердi өз уақытында және шығынсыз орындау көптеген iшкi және сыртқы факторлардың көмегiмен анықталынады.
Ішкi факторлар қатарына мыналар жатады:

  • Банк капиталының базасы:

  • Банк активтерiнiң сапасы:

  • Депозиттердiң сапасы:

  • Сыртқы қаражат көздерiне орташа тәуелдiлiгi:

Қазiргi кезде банк iсiнде өтімдiлiктiң үш түрi анықталған:


ағымдағы, ұзақ мерзiмдi және тез анықталатын
Тез анықталатын [Та] өтімдiлiктiң есебiне жоғары өтімдi активтер [Жа] және сұранысқа дейiнгi шоттардағы депозиттер [Сд], сонымен қатар кәсiпорындардың есеп айырысу шотындағы қаржылар жатады.
Бұл шоттар бойынша банк клиенттерi кез-келген уақытта есеп айырысуына құқығы бар, корреспондент шоттағы қалған қаржыларының көлемiнде тез анықталатын ликвидтiлiктi келесi формула бойынша көрсетуге болады (Та Жа).
Тез анықталатын өтімдiлiк факторларының салыстырылуы банктiң активтерi мен пассивтерiнiң айналуы жылдамдығына және талдаудың, болжамының дұрыс жасалуына байланысты.
Iс жүзiнде бұл банктердiң ағымдағы депозиттерiн тек тез айналмалы активтерге орналастырылуы[13].
Банктiң мiндеттемелерi нақты және потенциалды деп бөлiнедi. Банктiң нақты мiндеттемелерi: талап ету депозиттерi. Мерзiмдi депозиттер, тартылған банк аралық ресурстар, несие берушiлердiң қаражаттары түрiнде банктiң балансында көрсетiледi.
Ал потенциалды немесе баланстан тыс мiндеттемелерге: банктен берген кепiлхаттар, клиенттерге несие желілерiн ашу арқылы көрiнедi.
Егер коммерциялық банктердiң борыштық және қаржылық мiндеттелердi уақытында орындау үшiн қолма - қол ақшалай қаражаттар басқада өтiмдi активтерi болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкiндiгi жеткiлiктi болса, онда бұл өтiмдi банк болып табылады.
Банк өтiмдiлiгiнiң екi формасы, яғни мiндеттемелердi өз уақытында және шығынсыз орындау көптеген iшкi және сыртқы факторлардың көмегiмен анықталынады.
Ішкi факторлар қатарына мыналар жатады:

  • Банк капиталының базасы:

  • Банк активтерiнiң сапасы:

  • Депозиттердiң сапасы:

  • Сыртқы қаражат көздерiне орташа тәуелдiлiгi:

Капиталдың барлық көрсеткiшi ең алғаш нарықтық економикасы дамыған елдерде 70-шi жылдардың соңында қолданыла бастады. АҚШ-да 1983 жылы банк капиталының бара-барлығы стандартты түрде қабылданған болатын.
Банк капиталы активтер мен пассивтер арасындағы айырма ретiнде анықталып отырды және келесi елементтрден құралды (ФРЖ терминологиясы бойынша): алғашқы (жарғы капитал + сақтандыру үшiн жинақталған резервтер) және екiншi кезектегi (әр түрлi қарыз мiндеттемелер).
Енгiзiлген стандартқа сәйкес жинақтық капитал мөлшерi мен банк активтерiнiң сомасы арасындағы 9 % кем болмауы тиiс болуы қажет.
1983 ж. iрi банктердiң Халықаралық мәжiлiсiнде өтiмдiлiктi есептеу әдiсi қабылданады. 
Бұл әдiстеме Республиканың Ұлттық банкiнiң қолдануымен екiншi деңгейлi банктер тәжiрибесiнде қолданылуда. Қазақстан Республикасының нұсқауы бойынша екiншi деңгейлi банктердiң меншiктi капиталының жеткiлiктiгi екi коеффициентпен сипатталады:
К1-ИК
I. К1=--------------- (2)
А

мұндағы, К1-бiрiншi деңгейдегi меншiктi капитал.


ИК-банктердiң акцияларға салатын инвестициялары мен басқа да заңды тұлғалардың субординацияланған қарыздары.
А-банктердiң баланысына сәйкес барлық активтерiнiң сомасы
К1-мәнi 0,04 кем болмауы тиiс.
К
2. К2 = ------------- (3)
Аn-Пс
Мұндағы, К-банктiң өз меншiгiндегi капиталы.
Аn - тәуекел деңгейiн ескергендегi активтер сомасы мен баланыстан тыс талаптар.
Пс – арнайы резервтер +меншiктi.
К2- мәнi 0,08 кем болмауы тиiс.
Аталған коэффициентердi ААҚ “Фортабанк” мысалында есептеп, салыстырып көрелiк
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни, міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына жататындар:
■ банк капиталының базасы;
■ банк активтерінің сапасы;
■ депозиттердің сапасы;
■ сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
■ мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
■ сауатты менеджмент;
■ банктің жоғары дәрежелі беделі.
Сыртқы факторлар қатарына жататындар:
■ елдегі жалпы саяси және економиклық жағдай;
■ бағалы қағаздар нарығының дамуы;
■ банқаралық несие нарығының дамуы;
■ қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
■ Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі
Көрсеткіштердің мәні, мазмұны, құрамы, сонымен қатар, оларды қолдану аясы жоғарыдағы кестеде берілген әдістеме бойынша банктің өтімділігін талдауға болады.
Бұл құрастырған банктің өтімділігінің көрсеткіштер жүйесінің ерекшелігі мен жаңалығы мынада:

  1. Жүйенің жекелеген бөлек көрсеткіштері жүйелендіріліп, біздің банктік жүйенің қазіргі жағдайына сәйкестендіріліп жасалған.

  2. Көрсеткіштер жүйесі тек қана сандық емес, сонымен қатар, банктік қызметтің сапалық жағдайын да сипаттайды. Өз кезегінде банктің сапалық қызметі банктің өтімділгімен анықталады.

  3. Жүйеге енгізілген көрсеткіштер ақпараттық базаға негізделген, Қазақстанның банктік жүйесіне енгізіліп отырған баланстың және шоттар жоспарларының жаңа нысандары бойынша анықталады.

  4. Өтімділіктің жекелеген көрсеткіштерінің атаулары халықаралық тәжірибедегідей атаулармен барабар, бірақ олардың мазмұны мен оларды есептеу әдістемесі еліміздің банктік жүйесінің қазіргі жағдайына лайықты етіп келтірілген. Мәселен, ресей әдістемесінде жоғары өтімді активтерді анықтау үшін отыз күнге дейінгі мерзімге берілетін несиелерді қосады, ал біздің әдістемеде біз оларды қоспаймыз. Себебі біздің тәжірибемізде мұндай несиелер жиі пролонгацияға ұшырап, мерзімінде қайтарылмай жатады, ал бұл өтімділіктің нақты сипатын бұрмалауға және банктердің тұрақты жағдайына күмәндануға алып келеді.

Банктің өтімділігін талдаудың негізгі мақсаттары:

  • Банк өтімділігінің коеффициенттер жүйесінің есептеулерінің дұрыстығы мен толықтығын растау;

  • Банк өтімділігінің жағдайы туралы қорытындыларды құрастыру,

  • Банк балансының өтімділігінің нашарлауын куәландыратын нақты және болашақтағы жағымсыз үрдістерді (тенденцияларды) анықтау;

  • Жағымсыз үрдістердің (тенденциялардың) пайда болуына алып келген факторларды анықтау;

  • Балансының өтімділігін тексеру мен талдаудың қорытындылары бойынша банкке берілетін ұсыныстарды анықтау. 

Банк қызметін талдауға қажетті ақпараттың негізгі көзі болып банк балансы табылады. Қаржылық талдаушы баланстық мәліметтерді талдау арқылы негізгі мақсатты шаралар, банк операциясының табыстылығы мен тәуелділігі, активтік және пассивтік операциялардың баланстылығы, сонымен қатар банктің бекітілген заңнамалық нормативтерінің орындалу үрдісі туралы шешімдер қабылдай алады.
Банктің қызметін оның өтімділігі тұрғысынан талдау процесінде төмендегідей шарттар қойылады:

  • нақты өтімділікті анықтау;

  • өтімділіктің нормативтерге сәйкестілігін анықтау;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген өтімділік нормативтерінен нақты өтімділік нормативтер мәндерінің ауытқуына әсер еткен факторларды анықтау.

Қорыта келе қазіргі әлемдік қаржы дағдарыс жағдайында банк өтімділігін тиімді басқару,дұрыс бағалау және талдау –банк табыстылығының кепілі болып табылады.
Банк өтімділігін басқару процесі
Материалдық қорлардың жеке айналымдағы қаржылармен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейі ең алдымен материалдық қорлар күйіне байланысты бағаланады. Егер олардың шамасы негізделген сұраныстан әжептеуір жоғары болса, онда жеке айналымдағы қаржылар материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жабуы мүмкін, яғни көрсеткіш бірден аз болады. Керісінше, үздіксіз жұмыс істеуге қажетті банктің материялдық қоры жеткіліксіз болса, көрсеткіш бірден жоғары болуы мүмкін, бірақ бұл банктің қаржы күйінің жақсы болуының белгісі болды.
Есептеу коеффициентінің деңгейі банк жұмысының сипатына байланысты: қор көп қажет өндірістерде оның қалыпты деңгейі материал көп қажет ететінге қарағанда төмен (өйткені қор көп қажет ететіндерде жеке қаржылардың әжептеуір бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабу көздері болып табылады). Қаржы тұрғысынан неғұрлым есептеу коеффициенті жоғары болған сайын, соғұрлым қаржы күйі жақсы.
Екі көрсеткіштің де бөлімінде – жеке айналымдағы қаржылар күйінің жақсаруы материалдық қорлар мен жеке қаржы мәндерінің өсуімен салыстырғанда жеке айналым қаржысы қосындысының озық өсуіне тәуелді. Тәукелділікті, яғни банктің жеке айналым қаржысы неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жеке қаржы көздерінің соңына негізгі қаржы мен айналымнан тыс активтер аз тиетініне қарап та анықтауға болады. Негізгі қаржылар мен айналымнан тыс активтерді азайтуға (немесе олардың салыстырмалы баяу өсуне) ұмтылу үнемі тиімді емес.
Жыл басында материалдық қорлар мен қамтамасыз ету коеффициенті 0,15-ке, ал есептеу коеффициенттері -0,01-ге теңесті. Материалдық өндірістік қорлар құнының артуымен (201%) салыстырғанда нәтижесінде қамтамассыз ету көрсеткіші 0,18 тең деңгейі өтті. Сондай ақ жеке капиталдың есептеу коеффициенті (0,05) де артты.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты - міндеттемелерді орындау мерзімі жеткен кезде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі сондай-ақ жалпы економикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын алған клиенттің ақша қаражаттарының кетуін болдырмау.
Өтімділікті басқарудың негізгі міндеттері өтімділіктің шамасын өлшеу мен оны басқару құрылымын қалыптастыру және төменде көрсетілген жағдайлар бойынша түзешараларын жүзеге асыру болып табылады:

  • баланстандырылмаған өтімділік тәуекелін шектеу;

  • қаржы нарығының әр түрлі құралдары бойынша ашық позицияны ұстану арқылы іс-әрекет нәтижесін оңтайландыру;

  • барлық төлемдерді (міндеттемелерді) уақытылы жүзеге асыру;

  • - еншілес банктерді несие ресурстарымен қамтамасыз ету үшін тапсырысты орындау;

  • ресурстарды тиімді пайдалану;

  • банк өтімділігінің жағдайы туралы шешімдерді айқындау;

  • өтімділік дәрежесін төмендетуге әкелетін факторларды анықтау және талдау, мүмкін болатын шығындарды бағалау;

  • тәуекелдің көздерін анықтау.

  • Банк өтімділігін басқаруды отандық банк тәжірибесінде активтер мен пассивтерді басқару комитеті жүзеге асыра отырып келесі қызметтерді атқарады:

  • -Банк активтер мен пассивтерді басқару қызметін атқаратын әдістемелерді және регламенттерді даярлайды;

  • -Қаражаттарды тарту және орналастыру параметрлері туралы шешімдер қабылдау;

  • -Бекітілген стратегиялық жоспарларға банк балансы құрылымының сай келуін бақылау;

  • -Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты әдістемелерді жасау;

  • -Банк балансының өтімділігіне және өтімділік ұстанымын болжауға бақылау,өтімді қаражаттарға деген қажеттілікті анықтау және балама қаражат көздерін таңдау;

  • -Банктің баға саясатын жасау;

  • -Нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің өзгерісінен туындайтын тәекелге қатысты банк балансын бағалау;

  • -Банк жұмысының рентабельдігін талдау және мониторинг жүргүзү;

  • -Қаражаттарды тартатын және орналастырумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер арасындағы жұмысты ұйымдастыру;

  • -Банк капиталын басқару;

  • -Тәуекелге қатысты реттеуші ұйыьдардың заңи және нормативтік актілерінің орындалуын бағақылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет