Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Коммерциялық банктердің қызметін макроэкономикалық реттеудің мәні мен мазмұны



бет5/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

3 тақырып. Коммерциялық банктердің қызметін макроэкономикалық реттеудің мәні мен мазмұны.
1.Макродеңгейде банктік операцияларды реттеудің қажеттілігі.
2.Ақша-несиелік саясат және оның институционалдық негіздері. Ақша-несие саясатының типтері, сипаттары, әдістері.
3.Ақша-несиелік саясаттың сипаттамалары, құралдары: ашық нарықтағы операциялар және есеп мөлшерлемелерінің өзгерістері.
4.Қазіргі жағдайда Ұлттық банктің алдындағы ақша-несие саясатын жүргізудегі проблемалар.

1.Макродеңгейде банктік операцияларды реттеудің қажеттілігі.


Банктің жарғылық қоры қапдай көздерден қалыптасқанына қарай банк туралы заңдарда олар мемлекеттік, жеке, акционерлік, аралас және шетелдік боп жіктеледі. Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшелігі мен артықшылығы неде? «Шаруашылык серіктестіктері мен акционерлік қогамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бүкіл заңды тұлға. Онда құрылтайшының (акционерлік қоғамның қатысушылары құрылтайшылар деп аталады) меншік құкығы Ұлттык банктің лицензиясы негізінде шығарылған ак-циялармен айғақталады. Акционерлердің үлесі мен банктің табысы сатып алынган акциялардың санына тікелей теуелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып алынған акцияның сомасы-мен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар (претензия) жекелеген акционерлерге емес, банкке ұсыиылады, яғни банктен талап етіледі.
Акционерлердің банкті баскару бойынша жауапкершілігі басқарманы сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатының мәселелері бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті акционерлік емес формада (үлестік жеке форма) ұйымдастыру катысушылардың құқығын растайтын кандай да бір формалдық айғақты қажет етпейді.
Бұл аталмыш кемшіліктерге карамастан банктерді акционерлік формада ұйымдастыру - нарықтық економикада ең тиімді ері баламалы жол болып табылады жене нарықтық экономикасы дамыған барлык елде банктердіц көбісі акционерлік компаниялар немесе корпорация формасындаұйымдастырылган.
Банктердің Ұлттық банкпен жене Қазақстан Республикасы Агенттігімен өзара қарым-қатынасы «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы заңның» 41-51 баптарыман, сондай-ақ, ҚР «ҚР Ұлттық банкісі туралы» заңының 61-64 баптарымен анықталатын принциптердің негізінде құрылады.
Ұлттық банк пен агенттік өз қызметінде бүкіл банк жүйесінің ақша-несие жүйесін нығайту әрі дамыту мүддесінде калыпты жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді, банктерді олардың қызметіме катысты мәселелер бойынша нормативтік құжаттармен уақтылы қамтамасыз етеді, банк жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады және банктердің жұмысына әдістемелік көмек көрсетеді.
Ұлттык банк заңда кадрастырылған жағдайларда ғана болмаса, банктін оперативтік қызметіне араласа алмайды. Оның реттеуші әрі бақылаушы қызметтері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңымен шектелген.
Банктердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың несие берушілері мен клиенттерінің мүдделерін қорғау, сондай-ақ, ақша айналымын нығайту мақсаттарында Ұлттық банк пен Агенттік дербес күн сайынғы балансты белгілейді. Банктер мен олардың филиалдары орындауға міндетті бұл экономикалық нормативтер, сонымен бірге, еншілес банктер мен банк бірлестіктеріне де қолданылады.
Ұлттык банк пен Агенттік кез келген уақытта өзінің өкілеттілігіне сәйкес тиісті мәселелерді банктерге барып тексере алады.
Банктерде пруденциялық нормативтердің бұрмаланғаны анықталған жағдайда Агенттік бұрмалауды жоюдың мерзімін және басқа да шарттарын белгілейді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк кызметі туралы» заңға сәйкес Ұлттық банк пен Агенттіктіц пруденциялық іюрмативтері меи нормативтік актілері жиі бұрмалангап жағдайда, олардың белгіленген банк операцияларын пормативтерге сейкес өткізудің мерзімі меп өзге шарттары орындалмаған жағ-дайда, есепшіліктер берілмегенде иемесе күмәнді есепшіліктерді ұсынганда жене жыл қорытымдысын залалмен аяктаған жағдайда Ұлттык банк пен Агенттік банк құрылтайшыларының алдына банктің қаржылық тұрғыдан сауығуы бойынша шараларды өткізу турасында, оның басшылыгыы ауыстыру туралы, банктерді қайта кұру немесе тарату жөнінде мәселе кояды. Әрі мынадай санкцияларды қолдамуы мүмкін:
1) заңмен белгіленген ақшалай айыппұл ендіріп алу;
2) Ұлттык банкте орналастырылган резервтік қордағы дебитор-банктің берешегін есептен шығару;
3) осы заңның 42 бабында карастырылған жекелеген нормативтерді өзгерту;
4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» занда қарастырылған жағдайда банкті уақытша басқару;
5) банк операцияларының кейбір түрлеріне қатысты лицензияны қайтарып алу;
6) банктердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде алынган табысты бюджетке алу.
Банктердегі бухгалтерлік есептіц ережесі, есепшіліктің жене өзге де материалдардың көлемі мен сипатын Ұлттық банк белгілейді.
Клиенттермен жүргізілетін жұмыс әр түрлі келісімшарттарды бекітудің негізінде қүрылады: есеп айырысу, кассалык жене несиелік кызмет көрсетулер, бірлескен қызмет, депозит шоттарын ашу әрі жүргізу және т.б. туралы келісімшарттар.
Клиенттердің ағымдағы әрі есеп айырысу шоттарын ашу жене олар бойынша операцияларды жүзеге асыру есеп айырысу мен кассалық-есеп айырысу қызметтері туралы келісімшарттың негізіде жүргізіледі.
Есеп айырысу қызметін көрсету жөніндегі келісімшартта есеп айырысу немесе ағымдағы шотты ашудың шарты және олар бойынша операцияларды жүзеге асырудыц шарты керсетіледі. Кассалық-есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісімшартта бүдан баска кассалык операцияны жүргізудің тәртібі реттеледі. Есеп айырысу тәртібі кұжаттардың белгіленген мерзімде өту кепілдігін қамтамасыз етуі керек.
Орындауға жатпайтын банктік операциялар орындау бары-сындағы банктердің материалдық жауапкершілігі де осы келісімшартта айтылатын болады.
Орындауға жатпайтын банктік операциялар жүзеге асырылған жағдайда банк пен клиент Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудыц тәртібін бұзғаны үшін салынатын экономикалық санкциялар туралы ережеге сәйкес жауап береді.
Банк пен клиеиттің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын болса, бірлескен кызмет туралы келісімшарт бекітіледі. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың арасында пайданы белудің әрі қаржыландырудыц тәртібі айтылады.
Клиентті нссиелеу банк пен клиент арасымда бекітілген несие келісімшарты негізінде жүзеге асырылады.Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.
Барлық аталмыш келісімшарттар банктің клиентпен өзара қарым-қатынасының сипатын анықтайды.
Келісімшарттар олардың арасында болатын келіссөздердің, бір-бірінің қызметін алдын ала мұқият зерделеудің нетижесінде бекітіледі. Банк нақты әдістеме бойынша, көбінесе өтімділік, айланымдылық, қаражатты тарту жене пайдалылык секілді негізгі төрт көрсеткішке сүйеніп, серік-тесінің қаржылық жағдайы мен несие қабілеттілігін талдайды.
Жоғарыда аталған келісімшарттар банктің бастамасымен жене клиенттің бастамасымеп де бұзылуы мүмкін. Бекітілген келісімшарттың бұзудың тәртібі мен шарты айтьілатын болады.
Келісімшартардың бұзылуына мыналар себепкер болуы мүмкін: тараптардың өз міндеттемесін орындамауы, өз міндеттемесін орындаудың мүмкін еместігі, тараптардың өз міндеттемесін теріс пайдалану жене т.б.
Депозиттермен жүргізілетін ағымдағы економикалық жұмыс банктің пассивтерді басқару бойынша қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ол банк клиенттерінің шоты бойынша қаражатгың қозғалысын талдауды жене ең өтімді де-позиттер тобын өтімділігі аз депозиттер тобына түрлендірудін мүмкіндіктерін аиықтауды үйғарады.
Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттерді және төлем тәртібін бұзушыларды анықтауга мүмкіндік береді. Банкке мұндай ақпарат осы клиентке оныц несиеге мұқтаждығы анықталған жағдайда несие берудің мәселесіп шешу барысында қажет болады.
Банк клиентпен келісе отырып, баланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардыц негізіидс клиенттің қаржылық жағдайын жеие оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуыи қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдағаи формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені кабылдайды.
Жеке түлғалардың салым ақшалары мен шоттары бойынша анықтамалар өз клиенттерінен басқа сот пен тергеу орындарының өкілдеріне олардың өндірісіндегі іс бойынша беріледі.
Салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында банктер депозиттерді ұжымдық тұргыдан сақтандыруды жүзеге асырады. Қазақстанда осы мақсатта жеке тұлғалар депозиттің әлеуметтік сақтандыру қоры кұрылды.
Салым ақшалардың сактандыру жүйесі банктің төлем қабілетсіздігі орын алған жағдайда немесе банк банкротқа ұшырағын жағдайда салым ақша иесінің тіркелмеген сомаларга дейін барлық салым ақшасы бойынша залалдың орнын толтыруға кепілдік беруі керек.
Банктер мен олардың құрылтайшылар арасында пайда болған барлық дау-дамай немесе клиенттермен арадағы талас Қазақстан Республикасы заңына сәйкес соттәртібімен шешіледі
2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері қаржы нарығын жене қаржылың ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР ҰБ лицензиясынегізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар жене онда коммерциялык банктердің айналысатын кызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияныц дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
ҰБ-ның екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған меліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сиякты жарғысында көрсетілмеген опе-рацияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жа-рияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;
Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тежірибелер сияқ-ты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылуқ төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сейкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық кордың 50%-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50%-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрупіы акционерлердің жалпы-жиналысындағы акті бойынша қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет