Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып.Банктік ресурстарды қалыптастыру көздері.Пассивтік операциялар. Банктің меншікті капиталын басқару



бет6/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

4 тақырып.Банктік ресурстарды қалыптастыру көздері.Пассивтік операциялар. Банктің меншікті капиталын басқару.


1.Банктік ресурстарды қалыптастырудың маңызы мен ерекшеліктері.


2.Ресурстардың көздері.
3.Коммерциялық банктердің меншікті, тартылған, және қарыз қаражаттары. Банктердің пассивтерін классификациялау.
4.Банктің меншікті капиталы, оның негізгі функциялары, банк капиталын қалыптастыру әдістері.
5.Меншікті капиталды қалыптастырушы элементтері. Бірінші және екінші капиталдың түсінігі. Базалық және қосымша капитал.
1.Банктік ресурстарды қалыптастырудың маңызы мен ерекшеліктері.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: І деңгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал.
І деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.
ІІ деңгейлі (қосымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.
Базель келісімінің бекіткен нормативтік коеффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коеффициентін белгілейді.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаржаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозитік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос акшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың ер түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік опе-рациялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кесіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға жене халыққа сатып отырады.
2. Банк ресурстары— бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптсақан және барльқ активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға базытталатын банктің меншікті және тартылган қаражаттары.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік коры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: ¥лттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы кара-жаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операция-ларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды қүндылықтаржатады.
Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, ембебаптығы жене қызметінің ерекшеліктеріне кадрай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылган қаражаттары.
Банк тәжірибесінде жарғылық капитал түріндегі (қор) банктің резервтік капи­талы банкті құрудың алғашқы сатысындағы міндеттілігі болып табылады. Банктердің өндірістік кәсіпорындардан айырмпшылығы-оларда ресурстар сұранымының 1/5 бөлігі ал, өндірістік кәсіпорындарда 2/3-тен жоғары резервтік капитал есебінен жабылады.
Банктің резервтік капиталы банк жұмысының тұрақтылығы мен оның тиімділігін қолдауда ерекше маңызға ие. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

  • қорғаныс қызметі;

  • шұғыл қызметі;

  • реттегіш қызметі;

  • айналым қызметі.

Банктің меншікті капиталының капиталының қорғаныс қызметі – банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігі ғана емес, сол сияты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – резервтік капиталдың ең басты қызметі болып табылады.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативті қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті резервтік қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-аұ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстарының көздері әсіресе, банк қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әртүрлі резервтерді құруға жұмсалады.
Сөйтіп банк резервтік капитал, есебінен банк жабылған жағдайда салымшыларға өтемақы төлей алады, сондай-ақ өзінің төлем төлеу қабілетін қамтамасыз ете алады.
Банктің резервтік капиталының келесі атқарылымы реттеушілік болып табылады. Ол мемлекет және қоғамның банктердің іс жүзіндегі заңдар мен ережелерге сай тұрақты қызмет көрсетуіне мүдделі екеніне байланысты.
Резервтік капиталдың қалыптасу ережесімен белгіленетіндері:

  • Банк қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін жарғылық капиталдың төменгі көлемі;

  • Бір қарыз алушының кредиттік сомасының шегі;

Банк капиталы бұл атқарымды оның көлемі жеткілікті болғанда ған орындай алады.
Банк капиталының жеткілікті болуына бәрінен бұрын банктредің өздері мүдделі болады, өйткені бұл ірі салымшыларды тарту үшін және оның активтерінің –өсуін қолдау үшін қажет болады, одан басқа банктің салымшылары мен кредит берушілері үшін, басқа банктер үшін, осы банкте депозиті барлық үшін, банк акционерлері мен бақылаушы органдар үшін қажет болады.
Банк капиталының реттеуші рөлі келесі көрсеткіштерге қатынасы бойынша жүзеге асырылады:

  • Банк көлемі;

  • Тәуекелді активтердің көлемі;

  • Қауіпті активтердің көлемі;

  • Банктің күтілетін өсуі;

  • Басқару сапасы.

Банктің көлемін анықтау кезінде (ірі, орташа, ұсақ, аймақтық, жергілікті және т.б.) бірнеше операциялар орындалады.

  • Алғашқы капиталдың коеффиценті (негізгі) оның төменгі деңгейімен салыстырыладяы;

  • Белгілі бір кезеңіндегі жиынтық капиталдың көлемінің деңгейінің төмендеуі анықталады;

  • Аталмыш банктің коеффиценті басқа банктікімен, банк топтардың деректерімен салыстырады.

Банкаралық займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады.
Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады[7].
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған.
Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып "бір күндік қысқа ақшалар" деп аталатын немесе "овернайт" депозиті болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады. "Бір күндік ақшалар" ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді[7].
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмды болдырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет