Транзакциялық шоттар
Талап еткенге дейінгі салымдар
Жинақ және мерзімді салымдар
Нау- шоттары және басқа да шоттар
Куәландырылатын чектер
Жинақтық салымдар
Мерзімді салымдар
Кәдімгі жинақ салымдар
Ақша нарығының депозиттік шоты
Ұсақ мерзімді салымдар
Ірі мерзімді салымдар
Сурет 1. Депозиттер нарығындағы коммерциялық банктеріндегі депозиттердің түрлері
1-ші суретте көрсетілген депозиттердің түрлері негізінен талап етуге дейінгі және жинақ салымдары болып 2-топқа бөлінеді, нарықтағы барлық операциялар келесі шоттарда көрініс табады.
Қазіргі кезде, негізінен коммерциялық банктердің депозиттерін мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Депозиттердің мерзімдеріне қарай;
салым иелерінің категорияларына қарай;
депозиттік шоттарға қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
депозиттерге пайыз төлеу тәсіліне қарай;
қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
пайыз төлеу тәсіліне қарай;
банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
тағы басқалар.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
жеке тұлғалардың шоттарына;
кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
қаржылық мекемелердің шоттарына;
шетелдік азаматтардың шоттарына.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелігі бар:
ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
салымдардың сақтандырылуы;
иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көішіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Өйткені, депозиттерге тұрғын халық пен ұйымдардың ақшалай ағымдары есебінен жүргізілетін банк міндеттемелері өсуде.
Банктің депозиттер бойынша пайыздық саясаты салымдарды тарту тәсілдері мен депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін икемді реттеу, депозиттерді сақтау мерзімдерін тиімді ету, қызмет көрсету сфераларын кеңейту, маркетингтік жаңа енгізулер, клиенттерге қызмет көрсетудің технологиялық процессінің өзгерісі жолдарымен анықталып, жүзеге асырылуда.
Банктер өздерінің депозиттік операцияларын жүргізуде депозиттік операцияларды жүзеге асырады.
Коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы.
Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды[7,69б.].
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады.
Коммерциялық банктер өздерінің меншікті капиталы мен банктік ресурстар көлемін ұлғайту мақсатында облигациялар арқылы қосымша қаражат тартады. Облигацияларды отандық тәжірибеде көбіне ірі коммерциялық банктер шығарып отыр. Мұндай қарыздық міндеттемелер түрлерін шығару бір жағынан, банк капиталын, екінші жағынан, оның ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл операцияларды ұйымдастырудың басты мақсаты - банктің өтімділігін жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: |