Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Банктік ресурстардың депозиттік емес көздері мен банктер аралық несиелік ресурстар



бет10/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

6 тақырып. Банктік ресурстардың депозиттік емес көздері мен банктер аралық несиелік ресурстар.
1.Депозиттік емес ресурстардың қажеттілігі және олардың коммерциялық банктердің өтімділігіне әсері
1.ҚР Ұлттық банкінің ЕДБ-мен берілетін несиелері. Коммерциялық банктердің несиелік әлеуеті.
3.Депозиттік тәуекелдер және оларды төмендету жолдары.

Банк ресурстарының қүрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.


Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дөәтүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлык тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылган қаражаттар
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
- бағалы қагаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификатт-ры) депозиттер
Тартылған қаражатарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.
Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.
Депозиттік саясаттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.• ;
Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын економикалык қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағ-дайы, үлттық дәстүрлер, елеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, елеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады.
Ал банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, "бәрі клиенттер үшін" деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялану, банк кызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаржатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі
Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.
1) Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.
Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.
Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.
2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет