1 тақырып. Коммерциялық банктер және олардың қазіргі таңдағы қызметтерінің ерекшеліктері. ҚР-дағы банктердің қызметтерінің құқықтық негіздері.
1.Коммерциялық банктердің мәні.
2.Қазіргі таңда кәсіпорын ретіндегі банктердің сипатттамалары.
3. Коммерциялық банктердің базалық функциялары. Банктердің типтері. Ұйымдастыру принциптері мен басқару құрылымы.
4.ҚР-дағы ЕДБ-дің қызметінің заңдық негіздері.
5.ҚР ЕБД-нің жалпы сипаттамалары. ҚР-дағы банк қызметтерін реттейтін заңдық және нормативтік құжаттар.
6.«ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы Заң», «ҚР Ұлттық банкі туралы Заңы».
1.Коммерциялық банктердің мәні. Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
2.Қазіргі таңда кәсіпорын ретіндегі банктердің сипатттамалары.
Жалпы коммерциялық банктердің құру негіздері немесе тұтастай банктік жүйе економикалық ақталған (қысқа және ұзақ мерзімді жоспарда) қаржы ресурстарын бөлуді қамтамасыз етуді, бәсекелестік қатынасты, жекешелендіруді, бағаны құру және баға пропорциясын төмендетпей, қата ынталандыруға бейімделген[13]. 2015 жылдың 1-ші қаңтарына банк жүйесінің құрылымы төмендегідей болды, кесте 1.
Кесте 1- Банк секторының құрылымы
Банк секторының құрылымы
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2015
|
2016
|
Екінші деңгейдегі банктердін саны, с.і:
|
47
|
44
|
32
|
34
|
35
|
34
|
33
|
35
|
— жарғылық капиталға 100% мемлекеттің қатысуымен
|
1
|
2
|
2
|
2
|
1
|
1
|
1
|
1
|
ЕДБ-дің филиалдар саны
|
418
|
400
|
368
|
355
|
385
|
418
|
324
|
352
|
Есеп айырысу-кассалық бөлімшелер саны
|
964
|
1020
|
1005
|
1023
|
1106
|
1312
|
1489
|
2028
|
ЕДБ-дің шетелдегі өкілдіктерінің саны
|
5
|
7
|
9
|
10
|
11
|
17
|
22
|
17
|
ҚР-ғы бейрезидент-банктердің өкілдіктерінің саны
|
15
|
12
|
13
|
20
|
18
|
18
|
23
|
26
|
Кастодиандық қызмеггі жүргізуге арналаған лицензиясы бар банктер саны
|
10
|
10
|
10
|
10
|
9
|
11
|
9
|
10
|
Қазіргі кезде коммерциялық банктік спектр ақша-несие саясатын белгілі дәрежеде қалыпты ұстап тұру, жеке алғанда мемлекеттік бюджет тапшылығының бақылаусыз қалуына бөгет жасау және гиперинфляциялық процестерді айналдыру керек[13].
2.Қазіргі таңда кәсіпорын ретіндегі банктердің сипатттамалары.
Банктер халықаралық тауар қозғалысы қызметін, тікелей және портфельді инвестициялар, жұмыс күштерін қамтамасыз ете отырып, ұлттық валютаның айналымдылығына өтуге көмектесе отырып экономиканы «ашу» үшін жағдай жасаулары керек.
Банкирлік анықтамасы бойынша тек қаржылық тәртіпті сақтап қоймай, сонымен бірге клиентураны ақшаны есептеуді үйрету, ал соңында – шаруашылық өмірдің қатысушыларының тез шешім қабылдағыш, экономикалық ойлауды дамыту керек.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың сандық жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бүл құбылысты, олардың интенсивттік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.
3. Коммерциялық банктердің базалық функциялары. Банктердің типтері. Ұйымдастыру принциптері мен басқару құрылымы.
Қазіргі кездегі банктер клиенттерге әртүрлі қызмет түрлерін көрсететін шаруашылық субъектілерімен үзеңгілес ерекше кәсіпорын.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты нысаны бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
брокерлік — мемлекетгің бағалы қағаздарымен;
дилерлік — мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
кастодиандық;
клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
6.«ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы Заң», «ҚР Ұлттық банкі туралы Заңы».
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
2 тақырып. Коммерциялық банктерді құру, олардың қызмет ету ерекшеліктері және олардың қызметтерінің негізгі шарты. Банктерді ашуға Ұлттық банктің рұқсаты және банктік операцияларды лицензиялаудың тәртібі. Коммерциялық банктердің қызметін реттейтін пруденциалдық нормативтер.
1.ҚР аумағында коммерциялық банктерді ашу тәртібі.
2.Банк қызметтерін ашуға және банктік операцияларды лицензиялауға рұқсат беру ерекшеліктері. ЕДБ-ді консервациялау тәртібі.
3.ЕДБ-ді ерікті және мәжбүрлеп тарату. ЕДБ-дің ҚР Ұлттық банкімен және ҚБК-мен өзара қарым-қатынастары.
4.ҚР пруденциальдық нормативтер жүйесі.
1. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға рұқсат алу;
2) Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке түлға ашуға кұқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылар Келісім шарты (түп нұсқа);
• банктің жарғысы (түп нұсқа);
• банк жарғысын қабылдау жене банк органын сайлау туралы хаттама;
• қүрылтайшылар туралы мәліметтер;
• қүрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды түлғалар үшін);
• құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
• егер бір немесе одан да көп кұрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе банктерді қадағалау органынан жазбаша келісім кажет; егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде кайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын түлғалар туралы меліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы жене т.с.с;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу кұрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан кұрылатын банктің ішкі аудит кызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан қүрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қар-жылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда жене зиян туралы есебі,
маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
• тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
• нотариалды түрде куеландырылған, кұрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
• баска банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы меліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рүқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде, жаңадан құралатын банк ҰБ дан рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде, банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық кадағалау агенттігінен лицензия алады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-гпехникалық шараларды орындау, оның ішінде: ¥лттык банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және кұрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар кызметкерлерді кабылдау;
- жарияланган жаршпъщ капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орын-дағандығьн растайтын кұжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уакыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау агенттігі қарайды.
Лицензияның мерзімі шектелмейді жене онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;
- дилерлік - мемлекеттің жене өзге де бағалы қағаздармен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау агенттігінен жекелеген жене кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің жарғысы қолданыстағы заңнамаларда көрсетілген мәліметтерден басқа міндетті түрде мыналарды қамтуы тиіс:
1. банктің толық және қысқартылған атауы;
2. банк қорларын пайдаланудың түрлері мен тәртібі туралы мәліметтер;
3. банк органдарының шешім қабылдау тәртібі;
Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы. Өтініш қазақ немесе орыс тілінде беріледі және онда өтініш берушінің мекен – жайы көрсетілуі тиіс. Өтінішке мына құжаттар қоса тіркеледі:
1. жаңадан құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау хаттамасы;
2. құрылтайшылар туралы жалпы мәліметтер, құрылтайшы заңды тұлғалардың соңғы екі есеп беру күніндегі қаржылық есептілігі, құрылтайшының қаржы жағдайының сәйкестігі туралы аудиторлық ұйымның есебі;
3. банк заңнамаларының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау үшін ұсынылатын адамдар туралы мәліметтер;
4. жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі жөніндегі ереже;
5. жаңадан құрылатын банктің несие клиенті жөнінде ереже;
6. жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызметінің бағыты мен ауқымын ашып корсететін бизнес жоспары, қаржылық перспективасы (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы жылындағы пайда мен зияндар есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары);
7. ұсынылған бизнес жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткізген әзірлік шаралары жөніндегі есеп;
8. өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беруге өкілеттігін растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат.
Уәкілетті орган банкті ашуға рұқсат беру туралы қажетті шешімдерді қабылдау үшін қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұрауы мүмкін.
Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініш өтінішті қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде қаралады.
Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Ол хабарлама өтініште көрсетілген мекен-жайға жіберіледі.
2 .ҚР Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес заңды тұлғаны қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің және меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшыларының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұғаның құрылтай құжатқа уәкілдік берген органның құрылтайшының шешімі бойынша, не болмаса заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
Тауарларға немесе қызметтерге ақы төлеуде сатып алушы чектік несие карточкаларын пайдалана отырып,өзінің депозитінен сатушының шотына сатып алу соммасын аударуға және қолма-қол түрінде беруге бұйрық береді.
Сонымен,ақша нарығы дегеніміз – Ұлттық несие және депозит жиынтығы,Орталық банк ,коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру операцияларын жасайды.
2.Мемлекеттің монетарлық саясаты – мынадай 2 бағытта жүргізіледі:
1.Ұзақ мерзімді (толық жұмысбастылық)
2.Қысқа мерзімді (айналымдағы ақша массасының белгілі бір деңгейін қолдау,сондай-ақ есептік ставкамен банк резервтерін арттыру)
Монетарлық саясатты жүргізуші болып елдің Орталық банкі табылады,ал обьектісі болып ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс табылады.
Ақшаға сұраныс проценттік ставкамен номиналды табыс арасындағы тікелей байланысты білдіреді.
Көптеген жылдар бойы экономистер арасында ақша-несие саясатының тұтастай ел экономикасының әсері туралы таластар жүргізілуде.Бұл таластар 2 концепцияны білдіреді:
1.Жаңа Кейнсиандық концепция.
2.Монетарлық концепция.
Кейнсиандықтар ақша-несие саясатын салық-бюджет саясатымен салыстырғанда экономиканың жалпы жағдайлары ақша ұсынысына тәуелді деп көрсетеді.
2.Қазақстан Ұлттық Банкіне депозитке енгізілген,соның ішінде тартылған қаражаттың мерзімі,көлемі және түрлері бойынша саралау мүмкіндігін қоса алғанда ең төменгі міндетті резервтер нормативі.
3.Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сату бойынша ашық нарықтағы операциялар.
4.Банктерге несиелер беру.
5.Валюта нарығындағы интервенсиялар.
6.Ресми есептеудің дисконттық ставкасы.
7.Ерекше жағдайда кредиттік операциялардың кейбір түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкалары.Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасын,сондай-ақ олар жүргізетін операциялар бойынша басқа да сыйақы ставкаларын белгілейді.
Ақша нарығының жалпы жай-күйіне несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа,инфляция мен инфляциялық күтулер деңгейіне қарай қаржыландырудың ресми ставкасы белгіленеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі сыйақы ставкасы саясатын мемлекттік ақша-несие саясатын жүзеге асыру шеңберіндегі сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал ету үшін пайдаланады.
Резервтік талаптар.Банктер беретін кредиттер көлемін реттеу мақсатында банктің өз міндеттемелері бойынша төлемсіздік қаупін төмендету,сондай-ақ банктің салымшылары мен акционерлерінің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі резервтік талаптар тетігін пайдаланады.Резервтік талаптар нормативі банктің алдындағы міндеттерді қоспағанда міндеттемелердің жалпы соммасын проценттер ретінде есептеледі.
Ашық нарықтағы операциялар.
Ашық нарықтағы операциялар – деп қайталама нарықта ақша жиынтығының көлемін реттеуді айтады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ашық нарықтағы операцияларды қазынашылық вексельдерін,мемлекеттік облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу-сату жолымен жүзеге асырады.
Ресми есептеу ставкасы.Қазақстан Ұлттық Банкі ресми есептеу ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |