Шымкент қаласы №55 жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Орманова Салтанат Калмахамедовна



бет1/6
Дата13.02.2017
өлшемі1,55 Mb.
#9250
  1   2   3   4   5   6
Шымкент қаласы

55 жалпы орта мектеп



бастауыш сынып мұғалімі

Орманова Салтанат Калмахамедовна
Пән: дүниетану

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ. Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты:
1. Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы, оның атқаратын қызметі туралы кеңірек түсінік беру, жалпы өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеу , өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.
2. Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

 Мұғалім:  Бүгінгі біздің дүниетану сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар? (көңілді өтсін, жақсы бағалар алайық, сәтті болсын, әдепті болайық)

-         Олай болса , сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Бір-бірлерімізді тыңдап отыруымыз керек.

-         Біз осы сабақта сөзжұмбақты да шешеміз, ребусты да шешеміз, ойнаймыз. Сондықтан бүгін біздің сабағымыз өте қызықты болады.



Сабақтың ұраны:

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық».



ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде , күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз.

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

- Алға қадам жасау үшін біз өткен тапсырманы еске түсірейік.

- Қазір жылдын қай айы?

- Ол жылдың қай мезгіліне жатады?

- Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?

- Суреттегі өсімдіктердің қайсысы тік, қайсысы иілгіш сабақ екенін ажыратып, аттарын ата



- Бақбақтың сабағы қандай?

- Сабақтың бойында өсімдіктің қандай мүшелері орналасқанын ата

- Сабақтың атқаратын қызметі?

- биік, жуан сабаққа мысал келтір.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет