Жедел ревматиздік қызба осы ауруға бейім адамдарда, көбіне жасөспірімдер мен балаларда А топты В гемолиздеуші стрептококктың әсерінен дамитын дәнекелік тіннің жүйелі инфекциялық, аллергиялық ауруы.
Жедел ревматиздік қызба осы ауруға бейім адамдарда, көбіне жасөспірімдер мен балаларда А топты В гемолиздеуші стрептококктың әсерінен дамитын дәнекелік тіннің жүйелі инфекциялық, аллергиялық ауруы.
Бұл ауру туралы тұңғыш зерттеген ғалым Гален. Бұл аурудың негізіне негізгі үш синдроммен жүреді. Полиартрит, кіші хорея және жүректің қақпалық аурулары.
Ревматизмнің дамуы және рецидивтері А топты β гемолиздеуші стрептококктық инфекциямен тығыз байланысты. Стрептококктық инфекцияның күмәндігін дәлелдейтін мәліметтер:
Ревматизмнің дамуы және рецидивтері А топты β гемолиздеуші стрептококктық инфекциямен тығыз байланысты. Стрептококктық инфекцияның күмәндігін дәлелдейтін мәліметтер:
ревматизммен ауыратын адамдардың көмейінен срептококтың табылуы, қанында стрептококтық антигендердің болуы және стрептококтық антиденелер титрінің биіктігі.
осы аурудың, адамның стрептококтық инфекцияға ең жиі шалдығатын кезінде басталуы
стрептококқа қарсы дер кезінде жасалатын емнің ревматизм дамуын азайтуы.
Стрептококк микробының бойында 20-дан астам антиген, фермент және эндотоксин бар.Солардың ішінде ревматизмге соқтыратын әсері барлары – стрептолизин- О ,фибринолизин , гиалуронидаза , стрептодорназа , М- антиген , Т- протеиндер.Ревматизм не болмаса оның рецедивтері көмекей , жұтқыншақ , мұрын қуыстарының қайталанған баспа , фарингит , синусит , жоғары тыныс жолдарының стрептококктік қатарынан кейін , 2- 4 жеті өткенде басталады.