1.2 Бастапқы және қосымша шикізаттардың сипаттамасы
Стевия Stevia rebaudiana (Beroni) Hemsey көпжылдық өсімдігі, астралар тұқымына жатады (Asteraceac), қазіргі замандағы өсімдік егу ісінде ауыл-шаруашылықтың ең жас саласы, егіп-өсіру ісі ХХ ғасырдың 50-ж.ж. басталған (сурет 3). Стевияның негізгі көбею әдісі жасыл күйінде шыбығын ұластыру. Көшетті өсірудің түзілген технологиясы ерекше вегетациялық контейнерін қолдануды көздейді, осы себептен ұласу шыбықтарының басым саны өміршең келеді (92-99 пайызы) және дамыған көшеттері басқа өсімдіктерге қарағанда жылдам – 20 күнде шығады. Стевия жапырақтары мөлшері 11,61 пайызға жететіндей дитерпенді гликозидтерді жинақтауға қабілетті. Минералды тыңайтқыштар берілгенде дитерпенді гликозидтер пайызын 1,63-5,11 пайызға жеткізуге болады. Олардың жинақталуына көбірек фосфор әсер етеді.
Стевияның құрамына 17 амин қышқылдары (соның ішінде, глицин, метионин және т.б, сондай-ақ олардағы 8 ауыстырылмайтын амин қышқылдарының да маңызы аз емес), толық қанықпаған май қышқылдары (линолді, леноленді, арахидонды және т.б), флавоноид (флавонол), өсімдік гликозиді, сапониндер, алкалоидтар, эфир майлары, Fe, Ca, Mg, Ce, Zn және т.б микроэлементтер кіреді. Бұл өнім туралы 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1- Стевия өсімдігі
Стевия жапырақтарының тәттілігі 8 дитерпенді гликозидтер кешенінің болуына байланысты. Олар стевиозид, А,В,С,Д,Е ребаудиозидтер, стевиолбиозид, дуклозид. Стевия жапырақтары құрамындағы дитерпенді гликозидтер мөлшерінің тәттілік эквиваленті 300 бірлікке жетеді [7].
Сүт барлық дерлік витаминдердің тұрақты және маңызды көзі. Мысалы, салыстырмалы дефицитті В2 витаминінің тәуліктік қажеттілігінің 42%-ы сүт және сүт өнімдері есебінен қанағаттандырылады (ет және балық тек 24 %, дақылдар 17 % ғана қанағаттандырады).
Біздің елімізде әртүрлі жануарлардың сүті қолданылады, бірақ кең тарағаны сиыр сүті болып табылады. Ол сүт қоректілердің сүт бездерінде түзілетін биологиялық сұйықтық болып табылады.
Сүттің химиялық қасиеті тұрақты емес, ол лактация периодына қоректендіру жағдайына және жануар күтіміне, тегіне, жасына және басқа факторларға байланысты.
Сүттің жоғары тағамдық құндылығы адам тамақтануына қажетті белоктардың, көмірсулардың, минералды тұздар мен витаминдердің оңтайлы мөлшеріне және толық сіңетін осы заттардың идеалды қатынасына негізделген.
Ақуыздар – сүттің ең құнды құрамдас бөлігі. Ақуыздардың жалпы мөлшері 2,40 тан 4,40 % дейін ауытқиды. Сүтте үш негізгі ақуыз бар: казеин альбумин және глобулин, сонымен қатар май түйіршіктерінің қабығында болатын кішкене мөлшерде белоктар бар. Сүтте казеин мөлшері басым (82%), содан кейін альбумин (12%) алады, аз мөлшерде (6%) глобулин болады. Сүттің барлық ақуыздары жоғары сіңімділікпен ерекшеленеді өз құрамында барлық ауыстырылмайтын ақуыздардан тұратын толық құнды ақуыздар тобына жатады.
Сүзбе – сүт қышқылынан жасалынған ақуызды азық. Сүтке сүт қышқылы бактерияларын ( хлорлы кальций, мәйек ертіндісім немесе пепсина) қосу арқасында сары суын ажыратып сүзбе алынады. Сүзбеге арналған сүт техникалық шарт бойынша ішілетін сүтке бара-бар және қышқылдығы 22оС Т-ден аспау қажет.
МЕСТ – тың келісімі бойынша сүзбе майлылығы 18%-тік, 9%- тік және майсыз болып бөлінеді. Майсыз сүзбе көк сүттен алынады. Физикалық химиялық көрсеткіші бойынша майлылығы 9%- тік және майсыз сүзбелер мемлекеттік жоспардың бекітілген қалауысындағы 9.09.80.г. 183 стандартқа сәйкес, ал 18%- тік сүзбе № 1ТУ49770 стандартқа сәйкес болуы керек.
Сүзбе дәстүрлі ақуызды, сүт қышқылды, жоғары тағамдық және емдік – диеталық қасиеті бар өнім. Оны пастерленген тұтас немес көк сүтті ұйытып және алынған қоймалжыңнан сарысудың бір бөлігін бөлу арқылы өндіреді [8].
Достарыңызбен бөлісу: |