Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


ЖОБА БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ



бет63/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

ЖОБА БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ


1-кезең: «Жобалық тапсырманы құрастыру» (екі сабақ)
Міндеттер: тақырыпты анықтау, міндеттерді нақтылау, мәселенің өзектілігін көрсету, жұмысшы топтарын сайлау, рөлдердің бөлінуі, ақпарат көздерін анықтау, міндеттер қою, жұмыс нәтижелерін бағалау көрсеткіштерін таңдау.
Оқушылардан жұмысшы топтар ұйымдастырылады, ақпараттар нақтыланады, тапсырмаларды талқылайды, бірлескен әрекеттерінің әдісін таңдайды, жетістіктердің көрсеткіштерін анықтайды және оны негіздейді.
Мұғалім оқушыларды жұмысқа ынталандырады, жоба мақсатын түсіндіреді, талдау жасауға көмектеседі, тапсырмалардың орындалу мерзімін анықтайды, бақылайды.
2-кезең: «Жобаны жасау» (үш сабақ және оқушылардың дербес атқаратын іздену жұмыстары).
Міндеттер: ақпараттарды жинақтау және нақтылау, басқа нұсқаларды талқылау, тиімді нұсқаны таңдау, іс-әрекет жоспарын нақтылау, жобаны орындау.
Оқушылардың ақпараттармен жүргізілетін өзіндік жұмыстарын (жеке, жұптық, топтық) талдау, қорыту идеяларын жинақтау, зерттеуді топтар бойынша жүргізу, жоба бойынша жұмыс, жобаны жазу, безендіру және т.б. болады.
Мұғалім бақылайды, кеңес береді, ұсыныстар жасайды.
3-кезең: «Нәтижені бағалау» (екі сабақ)
Міндеттер: жобаның орындалу барысында талдау жасау, жетістіктерді талдау, қорытындылар шығару, қойылған мақсаттың толық орындалуын талдау.
Оқушылар ұжымдық талқылауға және талдауға қатысады. Өзіндік талдау жасайды.
Мұғалім бақылайды, талдау үдерісін бағыттайды.
4-кезең: «Жобаны қорғау» (екі сабақ)
Міндеттер: баяндама дайындау; жобалау үдерісін негіздеу, алынған нәтижелерді түсіндіру. Жобаны ұжым болып қорғау.
Оқушылар жобаны қорғайды, жоба нәтижелерін ұжым болып талдауға қатысады.
Мұғалім жобаны талдау және нәтижелерін бағалауға қатысады.
5-кезең: «Рефлексия» (бір сабақ)
Міндеттер: жоба туралы мектептің «Қоңырау» газеті мен облыстық, республикалық газетте жарияланған мақаланы талдау.
Оқушылар рейтингілік бағалау сауалнамасын толтырады.
Мұғалім рейтингілік бағалау сауалнамасын толтырады, жоба бойынша орташа баға мен жобаның бағасын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет