Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет62/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Аннотация
Бұл жобаның тақырыбы тек мектеп оқушылары ғана емес, қала тұрғындары үшін де маңызды болып табылады. Жоба бойынша биология, экономика, география, математика, информатика, әлеуметтану сынды ғылым салаларын қамтиды. Балалардың талқылауына тақырып ретінде тұрғын үйлер арасында орналасқан «тоған» мәселесі ұсынылады. Республика көлемінде бұл мәселеге кіші өзендер мәселесіндей қарауға болады.
Тарихта тоғанның қалалықтар үшін эстетикалық маңызы ғана емес, экологиялық және шаруашылық маңызы да үлкен болған.
Соңғы жылдары тоған өзінің бұрынғы кейпін жоғалтып, көлемі кішірейді, күл-қоқыстың тасталу орнына айналды. Бұл жобаның дер кезінде жасалып отырғандығы қалалықтар үшін маңызы бар үлкен іс екенін дәлелдейді.
Жоба тақырыбы бойынша жүргізілетін жұмыс оқушыларға көптеген сұрақтар бойынша ізденуге, мәселені шешудегі шешімдерге өздерінше талдау жасауға мүмкіндік береді.
Жоба келесі бағыттарда жұмыс істейтін 6 эксперт тобын құруды қарастырады:
1. Тоғанның пайда болуы, оның қалалықтар үшін маңызы (қаланың бұрынғы тұрғындарының естеліктері) - тарихшылар тобы.
2. Әлеуметтік зерттеу (әлеуметтік сауалнама жүргізу, сауалнама нәтижелерін талдау) - әлеуметтік топ.
3. Экологиялық зерттеу (топыраққа, суға талдау жасау, жақын аймақтың ластану дәрежесін анықтау) - экологиялық топ.
4. Тоғанды қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыра отырып, шағын ауданды көріктендіру үлгілерін компьютерде жасау - комьютерлік графика тобы.
5. Тоғанның және оған жақын аймақтардың сызба-архитектуралық безендірілуі - сәулетшілер тобы.
6. Жобаны альтернативті қаржыландыру, қайта қалпына келтіру, көріктендіру шараларына қажет қажет қаражат мөлшері - экономистер тобы.
Жоба бойынша жұмыс барысында оқушылар сарапшы ретінде мәселені ашады және зерттеу әдістерін қолданады.
Нәтиже:
1. Тоғанның тарихы туралы бейнематериал.
2. Әлеуметтік сұрау: сауалнама жүргізу, тоғанның қазіргі жайы туралы қалалықтардың пікірі (бейнематериалдар) оқушылар арасында жүргізілген сауалнамалар қорытындысын шығару, талдау.
3. Тоғанның және оның айналасының ластану дәрежесін анықтау, тоған суының, топырақтың құрамын зерттеу нәтижелері, тоғанның экологиялық жағдайы.
4. Тоғанды көркейту есебімен жасалған шағын ауданның компьютерлік нобайы.
5. Тоғанды және сол аймақты сәулеттендіру сызбалары мен макеттері.
6. Тоған және оған жақын аймақты тазалауға, көрңктеніруге қажет қаражат көздерін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет