Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет65/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

ІІІ. Тақырыптарды талқылау:
- жоспар құру;
- тапсырмаларды бөлу;
- рөлдерді бөлу (кім не істейді, қашан, қалай, немен, кіммен істейді?)
ІV. Мәліметтер жинау, ақпараттар қорын жасау:
- ғылыми – көпшілік әдебиеттер мен күнделікті баспа беттеріндегі (газет журналдар) ақпараттық мәліметтер;
- теле-радио хабарларындағы мәліметтер;
- интернет желісінен алынған мәліметтер (веб сайттар, слайдтар)
- арнайы жүргізілген зерттеуден алынған жаңа мәліметтер;
- арнайы жүргізілген диагностикалық сауалнаманың мәліметтері;
- фотомонтаж материалдары.
V. Жиналған мәліметтерді тұсаукесерге даярлау:
- материалды өңдеу, реттеу;
- жобаны жасау, плакат дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме дайыендау, буклет дайындау, үнқағаз жазу және т.б.
VІ. Тұсаукесер:
- әрбір кіші топ өз жобасының тұсаукесерін басқа оқушылар алдына айтып түсіндіреді, көрсетеді;
- ғылыми жобаның ерекшеліктерін, практикалық маңыздылығын ашады;
- қысқаша жұмыс жоспарымен, іс барысымен таныстыру;
- пікірталас, пікірсайыс.
Жобалау сабағының сипаттамасы:
1. Мұғалім мен оқушының бірге жұмыс істеуі.
2. Топпен жұмыс істеу (жұппен жұмыс істеу).
3. Оқушының белсенділігі артады: жоспарлайды, эксперимент жүргізеді, ізденеді, нәтижесін шығарады және т.б.
4. Басқа мекемелермен, ұйымдармен, мамандармен бірге бірлесе жұмыс жасайды.
5. Сабақ үстінде де, сабақтан кейін де үздіксіз жұмыс істелінеді.
6. Оқушы өз ойын дәлелдеуге, жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
7. Оқушының шешім қабылдауға құқы бар.
8. Сабақтың зерттеушілік, шығармашылық бағыты бар.
9. Білім алу оқушылардың өз іс әрекеттері арқылы іске асады.
10. Оқушылар өз қателерін өздері түзету арқылы үйренеді.
11. Теория мен практика байланысы. Оқушы сабақта алған теориялық білімін тәжірибелік сабақта тексеріп көреді (сабақты өзі жүргізеді).
12. Оқушылар дербес, өз бетінше жұмыс істейді.
13. Мұғалімнің рөлі жаңа (тексерушіден кеңесшіге ауысады).
14. Жиналған материалдар қоры сабақтың нәтижесін анықтайды.
15. Сабақтың соңы ғылыми жобаның тұсаукесерімен аяқталады.
16. Сабақтан соң да оқушылар зерттеулерін әрі қарай жалғастыра береді – бүгінгі сабақ болашақтағы ғылыми – зерттеу бастамасы болуы мүмкін (2 - кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет