Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Балаға педагогикалық сүйіспеншілік, махаббат, оның болашағына алаңдау



бет68/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Балаға педагогикалық сүйіспеншілік, махаббат, оның болашағына алаңдау

  1. Баланың болашағына сену, оптимистік көзқараспен қарау

  2. Ынтымақтастық, өзара түсінушілік

  3. Тікелей міндеттердің болмауы

  4. Оң істерді ынталандырудың басымдылығы

Оқушы мен мұғалім құқықтарын теңестіру
1.Балаға таңдау құқығын беру
2.Баланың қателесуге құқығының болуы
3.Жеке көзқарасқа құқығының болуы
4.Бала құқығы туралы конвенцияны сақтау
5.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас стилі: тиым салмау, бағыт- бағдар беру

Е.В.Бондаревскаяның білім беру тұжырымдамасына сәйкес мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы тұлғаға бағдарланған тәрбие дегеніміз баланың денсаулығын нығайту үдерісі, оның табиғи қабілеттерін (ақылын, құлықтық және эстетикалық сезімдерін, қажеттіліктерін, адамдармен, табиғатпен, өнермен қарым- қатынасын жасауда алғашқы тәжірибесін жинақтауын) дамыту үдерісі. Бұл жас кезеңінде педагогикалық әдіс-тәсілдердің үйрету, сөз және үлгі арқылы әсер ету, қарым-қатынас, өмірді сезім арқылы тану мен мәдениет құндылықтарын тану, эстетикалық және құлықтық сезіну т.б. түрлерін пайдалануға болады.


Оқытудың тұлғаға бағдарланған технологияларын жақтаушылар Ш.А.Амонашвили, М.Н.Берулава, Е.В.Бондаревская, Ю.И.Турчанинова, И.С.Якиманская және т.б.
Е.В.Бондаревская тұлғаға бағдарланған оқытудың парадигмасына төмендегілерді ұсынады:
-білім беруде адамның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара ерекшеліктерін есепке алу;
- балаға ізгілік - тұлғалық қарым- қатынас: баланы қолдау, оны дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі тәрбиелеу және т.б. баланың өзінің жеке тұлғасының қалыптасуына, оның адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен, қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдайлар туғызу;
- адамды қалыптастыратын функцияларын анықтау (ізгілік, мәдениеттілік, әлеуметтік);
- адамның өмірге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру (аксиологиялық, когнитивтік, шығармашылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық компоненттер); - түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға бағытталған педагогикалық технологиялар. Ғалым Е.В.Бондаревская ұсынған оқытудың тұлғаға бағдарланған технологиясының парадигмасын жүйелей отырып инновациялық даярлығын қалыптастыруда тұлғаға бағдарланған технологиясының төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуді жөн санадық: - оқыту іс-әрекетінің субъектісі ретінде мұғалімнің өзін- өзі дамытуын қамтамасыз ету;
- оқушының оқу іс- әрекетінің субъектісі ретінде танымдық және оқу әрекетіндегі қабілеттері мен қызығушылықтарын, құндылық бағыттылығын анықтау мақсатында мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруге барлық мүмкіндіктерді пайдалануы; - оқушының өз бетінше ізденіс, шығармашылығын қалыптастыратын оқыту әдіс-тәсілдерін, құралдарын, оқыту технологиясын дұрыс таңдау, оны жүзеге асыру; - оқушының білім, білік, дағдылар, интеллект деңгейін анықтауға қажетті бағалау жүйесін дұрыс таңдау;
- вариативтік принцип, яғни оқыту үдерісінің мазмұны мен формасының әртүрлілігі;
- біртұтас педагогикалық үдерістің басты компонентіне оқушының дара ерекшеліктерін одан әрі дамытатын барлық жағдайларды, мүмкіндіктерді жасай алуы. Тұлғаға бағдарланған білім берудің әдіснамасын сонымен қатар И.С.Якиманская да қарастырды. Ол тұлғаға бағдарланған оқытуда оқушының субъектілік тәжірибесіне сүйену керек деп есептейді. Субъектілік тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-әрекеттің негізі болып табылады. Сондықтан, білім беру үдерісінде оқушының субъектілік тәжірибесі мұғалімнің беретін тәжірибесі арқылы мәдени сипатқа ие болып өзгереді, дамытылады, жетілдіріледі.
И.С.Якиманская тұжырымдамасы бойынша тұлғаға бағдарланған педагогикадағы білім берудің мақсаты- баланың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру» әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру. Білім беру үдерісі бұл жағдайда оқушы мен мұғалімнің оқу диалогына негізделіп құрылып, ол бағдарланған іс- әрекетті бірігіп жасауға бағытталған. Оқу диалогы төмендегідей қағидаларға сүйенеді:
- мектептегі арнайы ұйымдастырылған оқытуға дейінгі қалыптасатын субъектілік тәжірибеге ие баланың даралығын, өзіндік құндылығын, өзіндік ерекшелігін тану;
- білім беру дегеніміз өзара байланысқан екі үдерістің - оқыту мен оқудың бірлігі;
- оқытуда белгіленген меңгерудің әлеуметтік мәнді үлгілерін өзгертуге бағытталған жеке іс-әрекетті оқу ретінде түсіндіріп, білім беру үдерісін жобалау оны қайта жасаудың мүмкіншілігін қарастыруға тиіс;
- білім беру үдерісін құруда және іске асыруда әрбір оқушының тәжірибесін, оның әлеуметтену деңгейін анықтау мақсатында жұмыс ұйымдастырылуы тиіс; - оқу жұмысының қалыптасатын тәсілдерін бақылап отыру, білім беру үдерісіне қатысушылардың ұжымдық- орындаушылық әрекеттерін арнайы ұйымдастыру; - білім беру үдерісіне оқыту мен берілетін қоғамдық тарихи- тәжірибе және оқушының субъектілік тәжірибесі бірігеді;
- қоғамдық- тарихи және жеке тәжірибелердің өзара әрекеттесуі оқушының субъектілі тәжірибесін ығыстырмай өзара үйлесімділікте қолданылуы тиіс; - оқушының дамуы тек нормативті іс-әрекетті меңгеру арқылы ғана емес, сонымен бірге дамудың көзі ретіндегі өзінің субъектілігі тәжірибесін ығыстырмай әрдайым өзгерту, байыту арқылы да жүргізілгені дұрыс;
Оқытудың тұлғаға бағдарланған технологиясының ерекшеліктері:
- әлеуметтік - педагогикалық: тұлға қоғамның сұранысына сәйкес жалпы мәдениетті жасаушы және тасымалдаушы ретінде қарастырылады;
- пәндік- дидактикалық: оқытуда жекеше бағыттылықты қамтамасыз етеді, бірақ білім беру идеялогиясын өзгертпейді- « тұлға – оқыту іс- әрекеттің өнімі» ретінде қалып қояды; - психологиялық: дамыту, қалыптасу деңгейлерін бағалау.

Ғалым И.С.Якиманская ұсынған тұлғаға бағдарланған оқытудың нобайларын саралай отырып, олардың әрқайсысы да тұлғаны дамыту мен өзін- өзі дамытуда оның табиғи, дара ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін аңғаруға болады. Оқытудың тұлғаға бағдарланған технологиялары философиялық, психологиялық және педагогикалық ізгіліктің негіздеріне арқа сүйейді: тұлғаның біртұтастығы, тұлғаның мүмкіндіктерін толық пайдалану, тұлғаның өзіне деген сенімін арттыру және т.б. В.В.Сериков өз тұжырымдамасында тұлғаға бағдарланған білім беру үдерісін оқу жағдаяты арқылы негіздей отырып, үдерісте қолданылатын базалық технологиялардың 3 түрін белгілейді:


- білім беру мазмұнының элементтерін түрлі деңгейлі тұлғаға бағдарланған тапсырмалар ретінде түсіндіру (тапсырмалар технологиясы);
- білім берудің мазмұнын диалог формасында меңгеру, ол пәндік- мағыналық, мәнді, рефлексиялы, тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ететін дидактикалық- коммуникативті ерекше орта (оқу-диалогтық технологиясы); - ішкі дау-дамай, қақтығыстар, бәсеке, тұлғалық қызметтерді іске асыруды қамтамасыз етуші әлеуметтік - рөлдік және кеңістік пен уақыт ішінде жағдайларын ұқсату (имитациялық ойындар технологиясы).

Дәстүрлі оқыту мен тұлғаға бағдарланған оқытудың салыстырмалы талдауы 1- кестеде көрсетілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет